ХАБАРЛАНДЫРУ
25 маусымнан бастап Шымкент қаласындағы колледждерге қабылдау басталады!
Жаңа 2026-2027 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білімі бар кадрларды даярлауға 6000 орын бөлінді.
Оның ішінде:
- Білім беру саласы – 310 орын;
- Өнер және гуманитарлық ғылымдар саласы – 373 орын;
- Әлеуметтік ғылымдар және ақпарат саласы – 50 орын;
- Кәсіпкерлік, басқару және құқық саласы – 125 орын;
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласы – 861 орын;
- Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары – 3141 орын;
- Ауыл, орман, балықшаруашылығы және ветеринария саласы – 25 орын;
- Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету саласы – 365 орын;
- Қызметтер – 750 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлініп, өңіріміздің 28 колледжінде орналастырылды.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде немесе ақылы білім қызметін алушы талапкерлердің өтінімдерін қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығымен бекітілген Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарын қоспағанда, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (колледждер) мен «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүргізіледі.
Тұлғалардың колледждерге оқуға өтініштерін қабылдау:
1) білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша, арнайы оқу бағдарламалары бойынша рухани (діни) білім беру ұйымдарына түсушілер үшін, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі сотталғандар үшін - күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 27 тамызы аралығында, оқудың кешкі нысанына - күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында;
2) орта буын және қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша: мемлекеттік тапсырыс бойынша оқудың күндізгі нысанына негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім базасында күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 22 тамызы аралығында, ақылы негізде күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 27 тамызы аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына - күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында, шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 20 шілдесі аралығында, педагогикалық, медициналық мамандықтар бойынша негізгі орта білім базасында - 25 маусым мен 10 тамыз аралығында, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім базасында - 25 маусым мен 15 тамыз аралығында жүзеге асырылады.
Колледждерге ұсыну үшін талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі:
1) құжаттарды қабылдау туралы өтініш;
2) білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;
3) 3x4 см көлеміндегі цифрлық фотосурет;
4) № 075-У нысаны бойынша медициналық анықтама, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар мен бала жасынан мүгедектігі бар адамдар үшін № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 031-У нысаны бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысы;
5) арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) немесе мертiгуi (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілердің, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің балаларын (оның ішінде асырап алған ұлдарын, асырап алған қыздарын, бірге тұратын өгей ұлдары мен өгей қыздарын) мәртебесін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (болған жағдайда);
6) цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (тұлғаны салыстыру үшін).
Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар олардың мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:
1) шетелдік – шетелдіктің (заңды өкіл) ҚР-нда тұруға ықтияр хаты;
2) азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
3) босқын – босқын куәлігі;
4) пана іздеуші тұлға – пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
5) қандас – қандас куәлігі.
«Электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы өтініш берген кезде талап етілетін құжаттар:
1) талапкердің немесе ата-анасының (немесе оның заңды өкілдерінің) бірінің электрондық құжат нысанындағы өтініші;
2) электрондық түрдегі білім туралы құжат;
3) № 075-У нысаны бойынша электрондық медициналық анықтаманың, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар мен бала жасынан мүгедектігі бар адамдар үшін № 031-У нысаны бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысының электрондық көшірмелері;
4) арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) немесе мертiгуi (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілердің, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің балаларын (оның ішінде асырап алған ұлдарын, асырап алған қыздарын, бірге тұратын өгей ұлдары мен өгей қыздарын) мәртебесін растайтын электрондық құжат (болған жағдайда);
5) 3x4 см көлеміндегі цифрлық фотосурет;
Талапкердің жеке басын куәландыратын құжат, білімі туралы құжат, медициналық анықтамалары көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы ақпарат және колледждер тізімі қосымшадағы файлдарда көрсетілген.
Қосымша сұрақтар бойынша жұмыс уақытында (дүйсенбі – жұма күндері, сағат 9:00-13:00, 15:00-19:00 аралығында), төмендегі телефондар арқылы байланысуға болады: 87479718959, 87024072941, 87023115138