01.09.2026ж. жағдай бойынша отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 28,47 трлн теңгеден асты

    Жаңаөзен қаласының әкімдігі

    01.09.2026ж. жағдай бойынша отандастарымыздыңзейнетақы жинақтарының көлемі 28,47 трлн теңгеден асты

    Қазақстандықтардың «БЖЗҚ» АҚ-дағы (БЖЗҚ, Қор) зейнетақы жинақтарының көлемі 2026 жылдың 1 қыркүйегіне 28,47 трлн теңгеден асты. 12 айдағы өсім – 3,36 трлн теңге немесе 13,4%.

    2026 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналарынан (МЗЖ) қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі – 26,37 трлн теңге, 12 айда 2,53 трлн теңгеге немесе 10,6% өсті.

    Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары 12 айда 5,0%- ға ұлғайып, 746,13 млрд теңге болды.

    Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақ көлемі де ұлғайды: 2026 жылғы 1 қыркүйекке оның көлемі 10,43 млрд теңге болып, 12 айда 7,1% өсім көрсетті.

    Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 12 ай ішінде 2,5 есеге ұлғайып, 2026 жылдың 1 қыркүйегіне 1 348,82млрд теңге болды.

    Түсімдер

    Зейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. 2026 жылдың 8 айында салымшылардың жеке және шартты зейнетақы шоттарына 2 439,42млрд теңге түсті, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 15,9%-ға (немесе 334,44 млрд теңгеге) артық.

    МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 2026 жылдың басынан бастап 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін 1 865,85 млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 8,1%-ға ұлғайды), МКЗЖ – 100,97 млрд теңге (өсім – 12,3%), ЕЗЖ – 1412,37 млн теңге түсті. Жыл басынан бастап 01.09.2026ж. жағдай бойынша ЖМЗЖ есебінен жарналар 471,18 млрд теңгені құрады.

    Жыл басынан бері салымшылардың шоттарына түскен таза инвестициялық кіріс 01.09.2026ж. жағдай бойынша 1198,09 млрд теңгені құрады.

    Төлемдер мен аударымдар

    2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 1242,35млрд теңгені құрады.

    Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер 196,23 млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты кесте бойынша берілетін орташа айлық төлем – 39 008 теңге.

    2026 жылдың басынан бастап 01.09.2026 жылға тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) 462,75 млрд теңге, мұрагерлік бойынша 70,61 млрд теңге, ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 33,62 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 2,32 млрд теңге, жерлеуге – 6,33 млрд теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 470,49 млрд теңге аударылды.

    ЖЗШ саны

    2026 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны – 19,01 млн бірлік (12 айдағы өсім – 1,13 млн бірлік немесе 6,3%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2026 жылдың 1 қыркүйегінде 12,87 млн бірлік болды. Оның ішінде: 11,42 млн - МЗЖ бойынша, 794,38 мыңы - МКЗЖ бойынша, 464,91 мыңы – ЕЗЖ есептелетін шоттар. Айта кетейік, МЗЖ есебі жүргізілетін шоттардың жалпы санына (11,42 млн бірлік) елден тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен, бірақ жинақтарын алу үшін жүгінбеген алушылардың, мұрагерлері зейнетақы жинақтарын мұраға ресімдемеген қайтыс болған салымшылардың, 2016 жылдан бастап зейнетақымен мемлекеттік қамсыздандырылуға толық ауыстырылған әскери қызметшілердің және шоттарына Қазақстан заңнамасына сәйкес жарналар түспеуі тиіс салымшылардың (алушылардың) басқа да санаттарының шоттары кіреді.

    БЖЗҚ-дағы ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны - 6,14 млн бірлік.

    Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және аналитика» бөлімінде орналастырылған.

    Жүктеу
    Объем пенсионных накоплений казахстанцев на 01.09.2026 г. превысил 28,47 трлн теңге
    Объем пенсионных накоплений казахстанцев на 01.09.2026 г. превысил 28,47 трлн теңге
    DOCX · 65 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша тіркеу қорытындылары туралы АҚПАРАТ (2026 жылғы 29 қарашадағы сайлау)

    Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша тіркеу қорытындылары туралы АҚПАРАТ (2026 жылғы 29 қарашадағы сайлау) 2026 жылғы 1 қарашадағы сағат 18.00-гі жағ...

    Жаңаөзен қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Жаңаөзен қаласы бойынша Маңғыстау облыстық және Жаңаөзен қалалық мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарға арналған үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

    Жаңаөзен қаласы бойынша Маңғыстау облыстық және Жаңаөзен қалалық мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарға арналған үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар № Ел­ді ме­кен­нің ата­уы Үгіт­тік бас­па ма­те­...

    Жаңаөзен қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Жаңаөзен қаласы бойынша Маңғыстау облыстық және Жаңаөзен қалалық мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар

    Жаңаөзен қаласы бойынша Маңғыстау облыстық және Жаңаөзен қалалық мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар № р/с Елді мекеннің атауы Сайлау кезеңінде са...

    Жаңаөзен қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың ұсынылуы туралы АҚПАРАТ

    Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатыныңдепутаттығына кандидаттардың ұсынылуы туралы АҚПАРАТ (2026 жылғы 29 қарашадағы сайлау) 2026 жылғы 27 қазандағы сағат 18.00-гі жағдай бойынша № р/р Аты-жөні, тегі Туған ж...

    Жаңаөзен қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Жаңаөзен қаласының аумақтық сайлау комиссиясының сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары туралы ХАБАРЫ

    Жаңаөзен қаласының аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЫ Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 17-бабының 2-тармағына сәйкес, Жаңаөзен қаласының сайлау учаскелерінің...

    Жаңаөзен қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Жаңаөзен қаласы әкімінің сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері, шекаралары туралы ХАБАРЫ

    Жаңаөзен қаласы әкімінің ХАБАРЫ Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 23-бабының 5-тармағына сәйкес, Жаңаөзен қаласының сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері, шек...

    Жаңаөзен қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Расул Рысмамбетов, қаржыгер, «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директоры:

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Расул Рысмамбетов, қаржыгер, «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директоры: «Егер адам қарттық шағына қаражат жинамаса, мемлекет қалай да бір амалын тауып, «тегін қияр мен...

    Жаңаөзен қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдердің 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдайы

    ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдердің2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдайы "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөл...

    Жаңаөзен қаласының әкімдігіЖарияланды: