Талас ауданында сайлау учаскелерін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 23-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Талас аудандық сайлау комиссиясының келісімімен Талас ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Талас ауданының аумағында сайлау учаскелері құрылсын.
- «Талас ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл облысы бойынша филиалына жіберілуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Талас ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі |
Н. Жүнісбеков |
«Келісілді»
Талас аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
_________________Е.Мамадияров
«____» _____________ 2026 жыл.