Іріктеуге құжаттар қабылдау туралы

    Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті

    Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғау органдарына қабылданатын адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеуге құжаттар қабылданатынын жариялайды.

    Барлық сұрақтар бойынша мына мекенжайға хабарласуға болады: 090000, Орал қаласы, Абай даңғылы, 90, 8(7112) 51-27-02, 8(7112) 54-48-22,[email protected].

    Өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкері (C-SV-13) – 10 бірлік:

    1. Орал қаласы ТЖБ Мамандандырылған жасақтың өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкері (Орал қ.) – 3 бірлік;

    2. Орал қаласы ТЖБ № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкері (Орал қ.) – 1 бірлік;

    3. Орал қаласы ТЖБ № 5 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкері (Орал қ.) – 2 бірлік;

    4. Орал қаласы ТЖБ № 6 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкері (Орал қ.) – 1 бірлік;

    5. Орал қаласы ТЖБ № 8 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкері (Орал қ.) – 1 бірлік;

    6. Ақжайық ауданы ТЖБ № 27 өрт сөндіру бекетінің өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкері (Қарауылтөбе а.)– 2 бірлік;

    Санаты С-SV-13. Лауазымдық жалақысы құқық қорғау органдарындағы еңбек өтіліне байланысты211 533теңгеден325 486теңгеге дейін. Келесідей әлеуметтік пакет бар: тұрақты және уақтылы еңбекақы, еңбек өтіліне және арнаулы шеніне байланысты лауазымдық жалақысының мөлшерін көбейту, мансаптық өсу, БҚО ПД емханасында қызметкерлер мен олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне тегін медициналық қызмет көрсету. Қызметкерлерге екі лауазымдық айлықақысы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, күнтізбелік отыз күн (демалыс ұзақтығы еңбек өтіліне қарай ұлғаяды) жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріледі. 48 жастан зейнеткерлікке шығады.

    Функционалдық міндеттері: өрт орнына өрт сөндіру автомобилімен жеке құрамды жеткізу. Бекітілген техниканың сондай-ақ оларға орнатылған механизмдердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. Бөлім қарамағындағы өрт сөндіру автомобильдерінің барлық түрлерін әртүрлі жол және метеорологиялық жағдайларда басқара білу. Өрт сөндіру автомобильдеріне техникалық қызмет көрсетіп, жөндеу жұмыстарын жүргізе білуге міндетті.

    Іріктеуге қатысушыға қойылатын талаптар: білімі ортадан төмен болмауы, В,С және одан да басқа санатты жүргізуші куәлігі бар, отыз бес жастан аспаған, әскери қызмет өткерген немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери дайындықтан өткен азаматтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар.

    Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңында белгіленген құқық қорғау қызметінде болу талаптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау.

    Іріктеуге қатысуға ниет білдірген азаматтар кадр қызметіне қолма-қол тәртіпте құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімдерінде қоса берілетін құжаттар тізбесін көрсете отырып, құжаттар тігетін мұқабатыста орналастырылған келесі құжаттарды тапсырады:

    1) бос лауазымға орналасуға арналған іріктеуге қатысуға өтініш;

    2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

    3) білім туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ «Білім туралы құжаттарды тану қағидаларын, сондай-ақ білім туралы құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында танылатын шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушысының 2021 жылғы 19 шілдедегі № 352 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23626 болып тіркелген) 1-қосымшадағы Білім туралы құжаттарды тану қағидаларына сәйкес білім туралы құжаттарды тану рәсімдерінен өткенін растайтын құжаттар (нотариалды куәландырылған);

    4) нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылған толық өмірбаян;

    5) әскери билет немесе тіркеу куәлігі;

    6) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес кандидаттың еңбек қызметін растайтын құжаттар (бар болса);

    7) 3х4 көлеміндегі түрлі-түсті фотосуреттер (6 дана);

    8) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсынғанын растайтын құжаттар;

    9) нысан бойынша кандидаттың сауалнамасы;

    10) нысан бойынша кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы.

    Құжаттар пакетін толық ұсынбау оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

    Конкурсқа қатысу үшін үміткерлерді іріктеу келесі этаптардан тұрады:

    1. Азаматтардан құжаттарды қабылдау және олардың біліктілік талаптарына сәйкес келуін алдын-ала қарастыру;

    2. Әскери дәрігерлік комиссияда медициналық және психофизиологиялық куәландырудан өту, соның ішінде полиграфологиялық зерттеу.

    3. Іріктеу өткізу талаптарына сәйкес үміткерлермен дене шынықтыру бойынша нормативтерді тапсыру.

    4. Әңгімелесу.

    Барлық кезеңдерден сәтті өткен үміткерлер Ақтөбе қаласындағы ҚР ТЖМ АҚА Оқу орталығына алғашқы кәсіптік дайындықтан өту үшін жіберіледі.

    Үміткерлер Ақтөбе қаласы Оқу орталығына бару және кері қайту шығындарын өз қаражаты есебінен жүргізеді.

    Құжаттар конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қабылданады( 2026 жылғы 21 қазан мен 4 қараша аралығында жүргізіледі).

    Кадр қызметі қызметкерлерінің іс әрекеттерінде әуре сарсаңға салу немесе кәсіби ісінің төмендігі анықталған кезде келесі Сенім телефондары бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз:

    1. Назыров Қайрат Амангелдіұлы, ҚР ТЖМ Кадр және тәрбие жұмысы департаменті бастығының орынбасары, тел. 8 (7172) 60-19-68;

    2. Сыздықов Айдос Нұржанұлы, ҚР ТЖМ Кадр және тәрбие жұмысы департаменті бастығының орынбасары, тел. 8 (7172) 60-21-30;

    3. Үсенбаев Ержан Қайратұлы, ҚР ТЖМ Кадр және тәрбие жұмысы департаменті Қызметті өткеру басқармасының бастығы, тел. 8 (7172) 60-21-29;

    4. Бейсенбеков Аманжол Алдабергенұлы, ҚР ТЖМ Кадр және тәрбие жұмысы департаменті Жеке құрам жөніндегі инспекция басқармасының бастығы, тел. 8 (7172) 60-21-27.

    Жүктеу
    4fee4fc07779bd661ac29afc1d0bed91e208eda7e06087637a3489f895fc98b4_original.83968.doc
    DOC · 82 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Хабарландыру

    Әңгімелесуге жіберілген үміткерлердің тізімі

    2026 жылғы 13 қараша күні сағат 15:00-де Орал қаласыАбай даңғылы, 90 мекенжайы бойынша БҚО ТЖД әкімшілік ғимаратының кіші дағдарыс орталығында дене шынықтырубойынша нормативтерді орындаған үміткерлермен әңгімелесу өтеді...

    Хабарландыру

    Нормативтер тапсыруға жіберілген үміткерлердің тізімі

    2026 жылғы 12 қазан күні сағат 10:00-да Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 37/1 мекенжайында дене шынықтырудаярлығы бойынша нормативтер тапсыру өтеді Нормативтер тапсыруға жіберілген үміткерлердің тізімі: «Өрт сөндірушілер»...

    Хабарландыру

    Қабылдау комиссиясының шешімі

    Батыс Қазақстан облысы ТЖД қабылдау комиссиясының «радиотелефонистер» санаты бойынша алғашқы кәсіби даярлыққа кандидаттарды жіберу туралы ШЕШІМ Батыс Қазақстан облысы ТЖД қабылдау комиссиясы келесі ШЕШІМқабылдады: 1.Кел...

    Хабарландыру

    Әңгімелесуге жіберілген үміткерлердің тізімі

    2026 жылғы6 қараша күні сағат 15:30-да Орал қаласы Абай даңғылы, 90 мекенжайы бойынша БҚО ТЖД әкімшілік ғимаратының кіші дағдарыс орталығында дене шынықтыру бойынша нормативтерді орындаған үміткерлермен әңгімелесу өтеді...

    Хабарландыру

    Нормативтер тапсыруға жіберілген үміткерлердің тізімі

    2026 жылғы 05 қараша күні сағат 17:00-де Орал қаласы, Самал көшесі, 134 мекенжайында орналасқан «Jaiyq Arena» кешенінде дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтер тапсыру өтеді Нормативтер тапсыруға жіберілген үміткерл...

    Хабарландыру

    Батыс Қазақстан облысы ТЖД Қабылдау комиссиясының шешімі

    Батыс Қазақстан облысы ТЖД Қабылдау комиссиясының «жүргізушілер» санаты бойынша алғашқы кәсіби даярлыққа кандидаттарды жіберу туралы ШЕШІМІ Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қабылдау комиссиясы ке...

    Хабарландыру

    Әңгімелесуге жіберілген үміткерлердің тізімі:

    2026 жылғы 23 қазан күні сағат 17:00-де Орал қаласыАбай даңғылы, 90 мекенжайы бойынша БҚО ТЖД әкімшілік ғимаратының кіші дағдарыс орталығында дене шынықтырубойынша нормативтерді орындаған үміткерлермен әңгімелесу өтеді Ә...

    Хабарландыру

    Нормативтер тапсыруға жіберілген үміткерлердің тізімі

    2026 жылғы 22 қазан күні сағат 10:00-да Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 37/1 мекенжайында дене шынықтырудаярлығы бойынша нормативтер тапсыру өтеді Нормативтер тапсыруға жіберілген үміткерлердің тізімі: «Жүргізушілер» сан...