Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
- Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Бұқаралық спортты дамыту орталығы" КММ әдіскері Меруерт Әбіләкімқызы Қанатова, 2025 жылдың екінші жартыжылдығында және 2026 жылдың бірінші жартыжылдық аралығында, 2026 жылдың 18 мамырынан бастап 2026 жылғы 18 маусымға дейін Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Бұқаралық спортты дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне келесі бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізсін:
- мекеменің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
- мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
- Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Бұқаралық спортты дамыту орталығы" КММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізуге Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Бұқаралық спортты дамыту орталығы" КММ спорт бойынша әдіскері Асат Құрманұлы Исеков тартылсын.
Басшы Б. Капышев