Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Бөлім басшысының орынбасары Светлана Абильферзовна Зейналова Қарабалық ауданы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Агибай Капышевич Бейсембаевпен бірлесіп, 2025 жылғы шілдеден бастап 2026 жылғы маусымға дейінгі кезеңде «Қарабалық ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметінде 2026 жылғы 18 мамыр - 18 маусым аралығында мынадай бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізсін:
- Бөлімнің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
- Бөлімнің ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
- Бөлім басшысының орынбасары Светлана Абильферзовна Зейналова анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпаратты және оларды жою жөніндегі ұсынымдарды қамтитын талдамалық жазбаны ұсынсын
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін басшылық, үйлестіру және жауапкершілікті және жұмыс нәтижелерін өзіме қалдырамын.
Бөлім басшысының м.а.: С. Зейналова