2025жылғы шілдеден 2026 жылғы маусымға дейінгі кезеңде
«Қарабалықауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ және «Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Бұқаралық спортты дамыту орталығы» КММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
Ішкіталдау объектісінің толық атауы:
«Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекеме (әрі қарай Бөлім) және «Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Бұқаралық спортты дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекеме(әрі қарай Орталық).
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Бөлім дене шынықтыру және спорт саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асырады, аудан тұрғындарының әртүрлі санаттарын дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға жағдай жасайды және қатыстырады, мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді және дене шынықтыру саласын дамыту мен жетілдіру үшін жағдайлар жасайды.
Орталық қызметінің мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, халықтың денсаулығын нығайту құралдарының бірі ретінде азаматтардың қалпына келтіретін дене дамуы және рухани күштері үшін жағдай жасау, туризм, дене шынықтыру және спорт саласында түрлі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, бұқаралық және кәсіптік спортты дамыту болып табылады.
Ішкіталдау жүргізу негізі:
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің Үлгілік қағидаларына сәйкес.
Талдаужүргізу кезеңі:
2026 жылғы 18 мамырдан 18 маусымға дейін келесі бағыт бойынша - Бөлім мен Орталықтың ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Бөлімніңқызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер:
Бөлім мен Орталық өз қызметінде Қазақстан Республикасының Бюджет, Азаматтық Кодекстерін, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексті, 2014 жылғы 03 шілдедегі «Дене шынықтыру және спорт туралы», 2001 жылғы 23 шілдедегі «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын, сондай-ақ ҚР өзге де заңнамалық және заңға тәуелді актілерін басшылыққа алады.
Бөлім әкімдіктің 2026 жылғы 16 ақпандағы №35 қаулысымен бекітілген бөлімнің Ережесіне сәйкес жүзеге асыратын функциялар жоғарыда аталған актілердің нормаларына сәйкес келеді.
Ағымдағы жылы Бөліммен аудан әкімі мен әкімдігінің дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі құқықтық және нормативтік - құқықтық актілерінің бір
жобасы – «Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» аудан әкімдігінің 2026 жылғы 16 ақпандағы №35 қаулысының жобасы құрылды.
Әкімдіктің 2024 жылғы 12 желтоқсандағы №192 қаулысымен бекітілген Жарғыға сәйкес Орталықтың жүзеге асыратын функциялар жоғарыда көрсетілген актілердің нормаларына сәйкес келеді.
Ағымдағы жылы Орталық дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша аудан әкімі мен әкімдігінің құқықтық және нормативтік - құқықтық актілерінің жобаларын құрған жоқ.
Бөлімнің,Орталықтың ұйымдастыру-басқару қызметі.
Персоналдыбасқару желісі бойынша, оның ішінде кадрлардың ауысуы:
Бөлім басшысы Любовь Юрьевна Храпова лауазымға Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімінің 2016 жылғы 03 қарашадағы № 378-ө өкімімен тағайындалды.
Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген. Бөлімнің штат саны-15,4 бірлік, оның ішінде 2 бірлік– мемлекеттік қызметшілер, 2,4 бірлік– техникалық персонал, сондай– ақ 11 ставка– штаттан тыс қызметкерлер - спорт әдіскерлері.
2025 жылдың шілдесі мен 2026 жылдың маусымы аралығында 4 адам қабылданды: 3 - спорт әдіскері және 2 адам жұмыстан шығарылды: 1 спорт әдіскері, -1 бас маман (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыстан шығуына байланысты).
2025 жылғы шілде мен 2026 жылғы маусым аралығында тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар жоқ; Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жоқ;
Мемлекеттікқызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтаржоқ;сотталғандаржоқ.
Жыл сайын Бөлім басшысы мен спорт жөніндегі бас маман кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсырады.
Бөлім басшылығы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «ҚР мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңдарына сәйкес ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне сәйкес бөлім қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық қызметінің алдын алуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қолданылуын арттыруға бағытталған жұмыс жүргізуде.
Орталық басшысы Багдат Агибаевич Капышевтің жұмыстан босатылуына байланысты басшысының міндетін атқарушы Исеков Асат Курманович Бөлім басшысының 2026 жылғы 01 маусымдағы №19 бұйрығымен лауазымға тағайындалды.
Орталықтың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген. Орталықтың штат саны – 31,5 бірлік, оның ішінде 14 бірлік-негізгі персонал (1 басшы, 1 басшының шаруашылық жөніндегі орынбасары, 0,5- медқызметкер, 1,25 әдіскер, 10,75 - спорт нұсқаушылары), 17,5 бірлік– техникалық персонал (1-бухгалтер, 2-жұмысшы, 6,5 – үй-жайларды тазалаушылар, 2-әдіскер, 1-гардеробшы, 1 - жүргізуші, 4-күзетшілер).
2025жылғышілдеден2026жылғы маусымға дейін Орталықбойыншакадрлардыңауысуы:40адамқабылданды, 30 адам жұмыстан босатылды;декреттікдемалыста-2адам,сырттай-17адам,штатта-20адам.
2025 жылғы шілде мен 2026 жылғы маусым аралығында тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар жоқ; Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жоқ;
Мүдделерқақтығысын реттеу желісі бойынша:
Мемлекеттіксатып алуды өткізукезіндежақынтуыстары(ата-аналары (ата-аналары),балаасырап алушылар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілеріменапа-сіңлілері (аталары,әжелері,немерелері)немесежұбайы(зайыбы)үлестес болу фактілеріжәнелауазымғатікелейбағыныстылауазымдарға орналасу, атқаратын лауазымға тікелейбағыныстағылауазымдарғаүлестесболуфактілеріанықталғанжоқ.
Бөлім мен Орталық мемлекеттік сатып алуды «Мемлекеттік сатып алу туралы» 04.12.2015 жылғы ҚР Заңының, «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 11.12.2015 жылғы №648 бұйрығының нормаларына сәйкес жүргізеді, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды веб - портал арқылы электрондық түрде жүргізеді.
Мемлекеттікқызмет көрсету желісі бойынша:
Бөлім «Спорттық разрядтарды беру: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы және біліктілік санаттарын беру: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі әдіскер екінші санатты, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі». Мемлекеттік қызмет ХҚКО арқылы көрсетіледі.
2025жылы33мемлекеттікқызметкөрсетілді,3дәлелді бас тарту.2026жылғықаңтар-маусымаралығында6мемлекеттікқызметкөрсетілді.
Ережегесәйкесбөлімдерұқсат беру жәнебақылауфункцияларын іске асыружоқ.
Орталық ешқандай мемлекеттік қызмет көрсетпейді.
Жекежәне заңды тұлғалардың өтініштері есепті кезеңде тіркелген: 2 өтініш.
Прокурорлыққадағалау актілері шығарылған жоқ.
2025жылдың шілдесі мен 2026 жылдың маусымы аралығында сот актілері: болған жоқ.
«Қарабалықауданы әкімдігінің
денешынықтыру және
спортбөлімі» ММ басшысыЛ. Храпова