АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ зейнетақы төлемдерін уақытылы рәсімдеудің маңыздылығын ескертеді «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар, жалпыға белгіленген зейнеткерлік жасқа толған, сондай-ақ мерзімсіз уақытқа бірінші және екінші топтағы мүгедектік белгіленген адамдардың БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін белгіленген кесте бойынша алуға құқығы бар екенін еске салады. Еске сала кетейік, жасына байланысты зейнетақыны жалпыға белгіленген зейнеткерлік жасқа толған адамдар ала алады: ерлер – 63 жасқа, әйелдер – 2026 жылы 61 жасқа толғанда. БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері зейнетақы жинақтары толық таусылғанға дейін жүзеге асырылады. БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін зейнеткерлік жасқа толуына байланысты тағайындату үшін алушылар тұрғылықты жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) уақытылы жүгінуі қажет. Алушы зейнеткерлік жасқа толғанға дейін 10 күн бұрын ХҚКО-ға өтінішпен бірге қажетті құжаттарды тапсыра алады. Осы мерзімді қатаң сақтауға кеңес береміз, өйткені бұл мемлекеттік зейнетақыны алу үшін аса маңызды. Оны тағайындау кезінде ұсынылған құжаттар бойынша еңбек өтілін тексеру талап етіледі. Зейнетақы өтініш берілген күннен бастап тағайындалады. Бұл ретте БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш зейнеткерлік жасқа толғанға дейін берілген жағдайда, өтініш берген күн зейнеткерлік жасқа толған күн болып есептеледі. Ал зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін жүгінген жағдайда, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында өтініштің тіркелген күні өтініш берген күн болып есептеледі. Сонымен қатар, телефон нөмірлері eGov мобильді азаматтар базасында тіркелген болашақ зейнеткерлерге 1414 нөмірінен зейнеткерлік жасқа толуына 2 ай қалғанда SMS-хабарлама жіберіледі. Хабарламада зейнетақы төлемдерін уақытылы тағайындату үшін жақын жердегі Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне жүгінуге болатыны туралы ескертіліп, egov.kz сайтындағы қажетті құжаттар тізбесінің сілтемесі көрсетіледі. Яғни зейнетақы төлемдерінің белгіленген мерзімде рәсімделуі үшін мемлекеттік органдар тиісті хабарламалар жібереді, өйткені өткізіп алған кезең үшін төлемдер тағайындалмайды. Сонымен бірге, зейнеткерлік жасқа толған, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар, бірақ олар бойынша төлем алу үшін жүгінбеген азаматтарға қатысты Қор «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірлесіп, осы азаматтарға жыл сайын жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің және бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің тағайындалған-тағайындалмағанын тексеру мақсатында салыстырып тексеру жүргізеді. Оның нәтижелері бойынша БЖЗҚ төлемдерді проактивті форматта, яғни өтінішсіз жүзеге асырады. Бұдан бөлек, 2026 жылғы наурыздан бастап дәл осындай өтінішсіз тәртіп ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарына қатысты да енгізілді. Бұл тәртіп зейнеткерлік жасқа толған, БЖЗҚ-да ЕЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары бар және бұған дейін 50 жасқа толуына немесе мүгедектігіне байланысты төлем алу үшін БЖЗҚ-ға жүгінбеген адамдарға қолданылады. ЕЗЖ есебінен (болған жағдайда)зейнетақы төлемдерін өтінішсіз тағайындау тәртібі: ·зейнеткерлік жасқа толуына байланысты мемлекеттік бюджеттен зейнетақы және міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен төлемдер алу үшін белгіленген тәртіппен Мемлекеттік корпорацияға өтініш берген кезде БЖЗҚ-ның ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін автоматты түрде тағайындауы; ·ЕЗЖ есебінен төлемдерді проактивті қызмет шеңберінде жүзеге асыру. Мүгедектік белгіленуіне, 50 жасқа толуына байланысты ЕЗЖ есебінен төлем алу үшінБЖЗҚ бөлімшелеріненемесе ресми сайтындағы (enpf.kz) жеке кабинет арқылы, сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, БЖЗҚ мобильді қосымшасы арқылы жүгіну қажет. Мүгедектігі бар адамдар үшін БЖЗҚ-да көшпелі қызмет көрсету ұйымдастырылған. Бұл ретте алдын ала ақыл-кеңес беріліп, қызметтерді қашықтан алу мүмкіндігі тексеріледі. enpf.kz сайтында зейнетақы төлемдерінің түріне, құжаттарды ұсыну тәсіліне қарай қажетті құжаттар тізбесі, құжаттарды рәсімдеуге қойылатын талаптар, өтініш бланкілері және оларды толтыру үлгілері, сондай-ақ сенімхат үлгісі орналастырылған. «Электрондық сервистер» бөлімінде БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алуға жіберілетін құжаттарды алдын ала тексеру мүмкіндігі қарастырылған. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kzсайтында). |
«БЖЗҚ» АҚ зейнетақы төлемдерін уақытылы рәсімдеудің маңыздылығын ескертеді
Жетісай ауданы әкімінің аппараты
Ұқсас материалдар
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жетісай аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жетісай аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы ХАБАРЛАМАСЫ №1 округ бойынша: 1.Жубатканов Арман Галымжанович, 1989 жылы туылған, «Еңбек мобильдігі орталығы» комму...
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар тізбесі
Жетісай ауданы әкімідігінің2023 жылғы 16 ақпандағы№ 116 қаулысына қосымша Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар тізбесі № Белгіленген орындар 1 Жетісай қаласы, Ескендіров көшесі, Жетісай ауданының адами...
Жетісай ауданы бойынша Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттығына кандидаттардың және олардың сенім білдірілген адамдарының сайлаушылармен кездесу өткізу орындары туралы АҚПАРАТ
Жетісай ауданы бойынша Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттығына кандидаттардың және олардың сенім білдірілген адамдарының сайлаушылармен кездесу өткізу орындары туралы АҚПАРАТ № Әкімшілік-аумақтықбірліктіңатауы Шар...
Түркістан облысы Жетісай аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың ұсынылуы туралы АҚПАРАТ
Түркістан облысы Жетісай аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың ұсынылуы туралы АҚПАРАТ (2026 жылғы 29 қарашадағы сайлау) 2026 жылғы 27 қазандағы сағат 18.00-гі жағдай бойынша № р/р Аты-жөні, тегі Туған...
Жетісай ауданының сайлау учаскелерінің орналасқан жері мен шекаралары туралы ақпарат
Жетісай ауданы аумағында орналасқан округтік сайлау комиссиялары менсайлау учаскелерінің шекаралары Түркістан облысы, Жетісай ауданы маслихаты депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларының нөмері және орнал...
01.09.2026ж. жағдай бойынша отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 28,47 трлн теңгеден асты
01.09.2026ж. жағдай бойынша отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 28,47 трлн теңгеден асты Қазақстандықтардың «БЖЗҚ» АҚ-дағы (БЖЗҚ, Қор) зейнетақы жинақтарының көлемі2026 жылдың 1 қыркүйегіне 28,47 трлн теңге...
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға 76,11 млн АҚШ доллары аударылды
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға 76,11 млн АҚШ доллары аударылды 2024 жылғы 1 ақпаннан 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы шеңберінде...
ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдердің 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдайы
ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдердің 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдайы "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бө...