Құрметті Донецкий ауылдық округінің тұрғындары!!!
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес ауылдық округ әкімінің халықпен кездесулері өткізілетін болады. Кездесулер барысында Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағытының негізгі бағыттары туралы, әсіресе халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, ақпарат беріліп, проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдері түсіндірілетін болады.
Халықтан ұсыныстар мен өтініштерді жинақтап, проблемалық мәселелер пулын қалыптастыру мақсатында жергілікті қоғамдастық мүшелері мен қоғамдық кеңес өкілдерінің қатысуымен комиссия құрылды. Сұрақтарыңызды [email protected] электрондық поштасына немесе 87153674235 телефоны арқылы жолдауға болады.