Ортақшыл ауылдық округінде 2026 жылы атқарылған
9 айдың жұмыстардың қорытындысы жайлы
2026 жылдың қорытындысы бойынша Ортақшыл ауылдық округіне қарасты Ортақшыл ауылы және Қызылқайың елді мекенде жер көлемі 68645 га үй саны 276 тұрғын үйде 1398 адам тұрады. №150 қазақ орта мектептің 11 сыныбын 12 оқушы бітіріп, оның 10-ы ұлттық бірыңғай тестілілеуге қатысты. Есепті мерзімде ауылдық округке қарасты екі елді мекенде 5 кісі қайтыс болып, 33 нәресте дүниеге келген.
Аяқ су мен егін шаруашылығы: Ортақшыл ауылына негізгі аяқ су жеткізетін «Л-5» және «Л-5-2» каналдары және «Жаңа сас» аумағында ауыл тұрғындары 226 гектар жерге егіс егілді. Негізгі дақылдар; тары 141 гектар, картоп 10 га, көкөніс және бақша 75 га жерге егін орналастырылды. Ауыл тұрғындарының күшімен каналдарды қоғадан және лайдан аршу жұмыстары жүргізілді.
Ағымдағы жылы жеке кәсіпкерлік субъектісі ашылды. Ортақшыл ауылдық округінен балық өндірісі бойынша Бақтыбаев Қанағат 14 млн 500 мың теңге қаражат алып,өндірістік кооператив құрды. Мал шаруашылығы бойынша Рүстемов Қанағат өндірістік кооперативтерін ашып құжаттары рәсімделіп, 23 млн теңге алып «Асыл түлік» өндірістік кооперативі құрылды. 5 тұрғын қайтарымсыз грант ұтты.
Есепті мерзім ішінде Шиелі аудандық Мансап орталығына Ортақшыл ауылдық округі бойынша 25 азамат жұмыс іздеуші болып тіркеліп, 17 адам ақылы қоғамдық жұмысқа, 20 азамат тұрақты жұмысқа, жастар тәжірибеcімен 6 адам жұмыспен қамтылды.
Әлеуметтік төлемдер: Шиелі ауданы әкімдігі Аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы Жаңа форматтағы Атаулы әлеуметтік көмек жобасы аясында тұрмысы төмен, аз қамтылған және көп балалы 4 отбасыға, 18 балаға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.
Жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту: Ағымдағы жылы 2 жеке кәсіпкерлік субъектісі ашылды. Ортақшыл ауылдық округінен балық және мал шаруашылығы өндірістік кооперативтерінің құжаттары рәсімделіп, «Асыл түлік» өндірістік кооперативі құрылды. 5 тұрғын қайтарымсыз грант ұтты.
Есепті мерзім ішінде Шиелі аудандық Мансап орталығына Ортақшыл ауылдық округі бойынша 25 азамат жұмыс іздеуші болып тіркеліп, 17 адам ақылы қоғамдық жұмысқа, 20 азамат тұрақты жұмысқа, жастар тәжірибеcімен 6 адам жұмыспен қамтылды.
Қызылқайың елді мекенінің Достық, Бейбітшілік көшелеріне 9 238,9 млн теңге қаржыға тас төселіп, Сырдария өзенінің екі жағалауына демеушілікпен екі жақ бетіне 2 жарық шам орнатылып, жұмыстар толық аяқталды.
Есабыз ата және С. Тілеубаев көшелерінің аяқ жағына 150 метр жолға, А.Құнанбаев және Аманкелді көшелеріне 100 метр жолға тас төсеу жұмыстары жүргізілді.
Ортақшыл ауылдық округінде көркейту - көгалдандыру, абаттандыру бойынша
атқарылған жұмыстар жөнінде .
Ауылдық округте көктемгі көркейту – көгалдандыруға байланысты 500 түп саялы ағаштар отырғызылып, ауылдық округтегі саябақтар мен скверлердегі ағаштар ақталып, тазалық жұмыстары жүргізілді. Көктемгі, күзгі тазалық айлығында сенбіліктер ұйымдастырып, ауылдық округтегі барлық мекемелер өз аулаларын көркейту жұмыстарын жүргізді. «Жүніс ата» бауы, «Рахия» бауы қоршауланып ағаш көшеттері отырғызылды.
Ортақшыл ауылдық округіндегі каналдар бойындағы көпіргеге қоршаулар орнатылды.
Ортақшыл ауылдық округіне кріе берісне оң жақ беткейінде 100 метр қашықтықта күл қоқыс тастау орыны қоршаланды.
Достық және Бейбітшілік көшелеріне демеушілікпен түнгі жарық шамдарын орнатылды.
Ауылдағы ауыз су мәселесі бойынша
Ортақшыл ауылдағы ауыз су барлық тұрғын үйлерге кіргізіліп, 13,8 шақырымдық ауыз су жүйесі тартылып, тәулік бойы тұрғындарды ауыз сумен қамтып отыр.
Білім саласы бойынша.
1.№150 орта мектепте 267 бала білім алуда.
2.2026 жылы мектеп бітірушілер саны -17
3.ҰБТ-ке қатысқан бала саны орташа балл -14 (70 балдан жоғары)
- 2026 жылы оқуға түскен бала саны -12 (83/8%)
ЖОО-на түскендер саны-12, ақылы негізде түскендер саны -5
- №151 негізгі мектепте 36 бала білім алуда.
- колледжге түскендер саны -2
Мектепке дейінгі ұйымдар бойынша.
1.Ауылдық округте 1 жеке бала бақша бар.
ЖШС «Ерасыл» жеке балабақшасында -60 бала
Денсаулық саласы бойынша
«Ортақшыл» дәрігерлік емханасы бойыша тегін дәрі-дәрмекпен 74 адам қамтылды.
Ауылдық округте жылжымалы рентген жұмыс жасап 450 адам тексеруден өткізілді. Белгіленген жас мөлшеріне байланысты ауыл тұрғындары скринингтен өткізіліп оның қорытындысы бойынша жұмыстар жасалды.
Мәдениет саласы бойынша.
Ортақшыл ауылдық округіне қарасты «Ортақшыл» ауылдық клубы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны есепті мерзім кезінде 38 мәдени іс- шараларды ұйымдастырды.
Байланыс саласы бойынша
«Белайн», «Актив», «Теле – 2» ұялы байланыс түрлері жұмыс жасайды. Талшықтық-оптикалық байланыс желісі тартылып, №150 орта мектебі, ауыл әкімшілігі, Ортақшыл дәрігерлік емханасы, Ортақшыл ветпункт және учаскелік полицияның тірек пунктінде іске қосылған.