Қазақстандықтардың жинақталған таза инвестициялық кірісі 14,64 трлн теңге болды

    "Шымкент қаласының "Тұран" ауданы әкімінің аппараты" КММ

    Зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілген 2014 жылдан бастап 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жинақталған таза инвестициялық кіріс – 14,64 трлн теңге. Жүргізілген төлемдерді қоса алғанда оның зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі үлесі 40,6%-ға тең, бұл көрсекіш азаматтардың жинақтарын өсіруде инвестициялық кірістің маңыздылығын растайды. 2014 жылдан бастап зейнетақы қаражатын инвестициялау тиімділігінің айтарлықтай артуы байқалады, бұл салымшылардың (алушылардың) жинақтарының жалпы көлемінің айтарлықтай өсуіне ықпал етеді.

    Қазақстандағы зейнетақы жинақтары – азаматтардың зейнет жасындағы қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған ұзақмерзімді инвестициялаудың стратегиялық құралы. Икемді инвестициялық саясатты қолдану және инвестициялық портфельді басқарушы компаниялардың инвестициялық портфельдерін әртараптандыру инвестициялық кірістің ұзақмерзімді перспективада тұрақты өсуін қалыптастырады.

    Зейнетақы активтерінің жекелеген қысқамерзімді кезеңдердегі кірістілігін бағалау зейнетақы активтерін басқарудың тиімділігін толық көрсете алмайды. Бұл қаржы құралдары мен басқа да операциялар бойынша қысқа мерзім ішінде есептелген сыйақы түріндегі кірістердің сол кезеңдегі бағалы қағаздар құны мен валюта бағамдарының ауытқуларын әрдайым өтей бермейтіндігіне байланысты. Сондықтан инвестициялық кіріс мөлшеріне объективті талдауды кемінде бір жылдық кезең бойынша жүргізген орынды.

    Ағымдағы макроэкономикалық жағдайды ескере отырып, Ұлттық Банктің басқаруындағы міндетті, міндетті кәсіптік және ерікті жарналар есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша соңғы 12 айда, яғни 2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы тамызға дейінгі кезеңде шамамен 1,58 трлн теңге инвестициялық кіріс есептелді, осы кезеңдегі кірістілік – 6,17%.

    Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 158,51 млрд теңгені, ал осы кезеңдегі кірістілік 18,65%-ды құрады.

    Еске сала кетейік, 2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне енгізілген, БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтарын басқару стратегиялары мен портфельдерін дербес таңдау жөніндегі құқықтарын едәуір кеңейтетін өзгерістер күшіне енді. Енді салымшылар өз жинақтарының 100%-ына дейін инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) сенімгерлік басқаруына бере алады. 2026 жылдан бастап салымшылар ИПБ ұсынатын тәуекел деңгейі, күтілетін кірістілігі және инвестициялау мерзімі бойынша ерекшеленетін үш инвестициялық стратегияның бірін таңдай алады. Бұл ретте әрбір ИПБ активтерді өзі таңдаған бір инвестициялық стратегия шеңберінде басқарады. Инвестициялық портфельдің әрбір түрі бойынша ИПБ қамтамасыз ететін кірістілікті бағалаудың эталондық көрсеткіші ретінде композиттік бенчмарк белгіленген.

    Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алудың бүкіл жүйесі ашық: әрбір салымшының enpf.kz сайтындағы жеке кабинетінде немесе мобильді қосымшада өзінің инвестициялық табысын көруге мүмкіндігі бар.

    БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және БЖЗҚ зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат БЖЗҚ ресми сайтындағы ( www.enpf.kz) "Статистика және аналитика/Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде, сондай-ақ invest.enpf.kz порталында және Қордың ақпараттық материалдарында жарияланады.

    БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kz сайтында).

    Жүктеу
    1269f81bd6e04ff5e7b270d9281545754d601a0440ea31eeab5e7ebd72a4d89c_original.63758.docx
    DOCX · 62 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Баяндама

    Округтік сайлау комиссиясының ҚҰРАМЫ

    №14 округтік сайлау комиссиясының ҚҰРАМЫ Орналасқан мекен-жайы:№2 Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп, Қ.Қазиев көшесі №7. Абдраманова Гульнара Мансуровна - комиссия төрағасы Утегенова Анара Уалихановна...

    Баяндама

    Тұран аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ҚҰРАМЫ

    Орналасқан мекен-жайы: Шымкент қаласы, Мәделі Қожа, 1А. Байланыс телефон нөмірі: 8(7252)77-09-44 Комиссия төрағасы: Тулеев Талгат Жолдыбаевич Төраға орынбасары: Мырзахметов Шахмурат Шалатайулы Комиссия хатшысы: Әсет Нұ...

    Баяндама

    Шымкент қаласы Тұран аудандық учаскелік сайлау комиссияларының ҚҰРАМЫ

    №1 учаскелік сайлау комиссиясы Орталығы: №2 Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп. Орналасқан мекен-жайы: Шымкент қаласы, Қ.Қазиев көшесі, №7. Байланыс телефон нөмірі: 8(7252)21-06-32 Кемерова Фейрузат Касы...

    Баяндама

    Cайлау учаскесі

    № 1сайлау учаскесі Орналасқан жері: Қ.Қазиев көшесі, 7, Шымкент қаласы білім басқармасының "№2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернаты" КММ ғимараты. Шекарасы: Бәйдібек би көшесі, 1-66, Лобачевский көшесі, 1-...

    Баяндама

    БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

    БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар 1) БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын белгіленген кесте бойынша төлем ретінде алуға кімдер құқылы? Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар мынадай т...

    Баяндама

    Классикалық зейнетақы аннуитетінен – жаңа мүмкіндіктерге

    2026 жылғы 17 қыркүйекте Алматы қаласында сақтандыру, қаржы және зейнетақы нарығының өкілдерін бір алаңға жинаған Kazakhstan Insurance Forum 2026 өтті. Форум аясында «Жоспардан тыс өмір: болашақты сақтандырудан неге қорқ...

    Баяндама

    ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдердің 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдайы

    "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфел...

    Баяндама

    «БЖЗҚ» АҚ халыққа жыл басынан бері 36 миллионнан астам қызмет көрсетті

    «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) – Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің бірыңғай операторы, ол зейнетақы жинақтарының сенімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді. Оның негізгі міндеті – азаматтар...