2026 жылғы 1 тоқсандағы мемлекеттік қызметтер бойынша есеп

    ·

    2026 жылғы 01 қаңтардан 30 сәуірге дейінгі кезеңде (2026 жылдын 4 айы) Қарағанды облысының мемлекеттік кірістер органдарымен 300 113 мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның ішінде ең көп бөлігі 299 520 қызмет немесе 99,8% "электрондық үкімет" порталы және ведомстволық портал арқылы ұсынылған электрондық өтініштер бойынша, 537 қызмет немесе 0,5% өтініштер қағаз жеткізгіште көрсетілген, 56 қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы балама негізде көрсетілді.

    2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсетілген қызметтердің жалпы саны 41 547 қызметке немесе 12,2 % - ға төмендеді.

    Сонымен қатар, электрондық қызметтердің үлес салмағы жалпы саны 0,2% - ға өсті: 2025 жылдың 4 айында бұл көрсеткіш – 99,6% құрады (341 660 қызметтің жалпы санынан 340 239 қызметтер электронды түрде көрсетілген).

    Семинар-кеңестер, "дөңгелек үстелдер", брифингтер, конференциялар, БАҚ-тағы жарияланымдар мен хабарландырулар түрінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 1629 түсіндіру іс-шаралары өткізілді.

    Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру іс-шараларымен 54 478 адам қамтылды.

    2026 жылдың 4 айында "Салық есептілігін қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша көрсетілген қызметтердің жалпы санындағы электрондық қызметтердің үлес салмағының көрсеткіші 99,8% - құрады (239 625 қызметтің жалпы санынан 239 229 қызметтер электронды түрде көрсетілген).

    Ұқсас материалдар

    Бұйрық

    Мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен қағидалары

    Мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен қағидалары

    Жарияланды:
    Тізілім

    Лент Кон Транс ЖШС

    Лент Кон Транс ЖШС

    Жарияланды:
    Тізілім

    Риза 2006 ЖШС

    Риза 2006 ЖШС

    Жарияланды:
    Тізілім

    Строй План Астана ЖШС

    ТОО Строй План Астана

    Жарияланды:
    Тізілім

    ЖТ Акимова Индира Тугельбаевна

    ЖТ Акимова Индира Тугельбаевна

    Жарияланды:
    Тізілім

    ЖТ Балаубек Мереке Кенесбайұлы

    ЖТ Балаубек Мереке Кенесбайұлы

    Жарияланды:
    Тізілім

    ЖТ КАНИЕВ ЕРТАЙ АИТМУХАМЕТОВИЧ

    ЖТ КАНИЕВ ЕРТАЙ АИТМУХАМЕТОВИЧ

    Жарияланды:
    Тізілім

    ЖТ Кикимбаева Баян Қапбасқызы

    ЖТ Кикимбаева Баян Қапбасқызы

    Жарияланды: