Қоғамды біріктіретін құндылықтар туралы

    ·

    Павлодар облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың өкілдігі халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және заңдылықты, әділеттілікті және адам құқықтарына құрметті нығайтуға бағытталған құндылықтарды ілгерілету бойынша жұмысын жалғастыруда.

    Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 5 қарашадағы №1081 Жарлығымен мемлекеттің ішкі саясатының негізгі қағидаттары мен құндылықтары бекітілді. Олардың ішінде заң мен тәртіп, жауапкершілік, бірлік, ынтымақ, еңбекқорлық және адамға құрмет ерекше мәнге ие.

    Адам құқықтарын қорғау қызметі үшін бұл қағидаттардың айрықша маңызы бар, өйткені адам құқықтарын қорғау заңға, тұлға қадір-қасиетіне құрмет пен мемлекет пен қоғамның өзара жауапкершілігінсіз мүмкін емес. Әрбір азамат заңды сақтап, айналасындағылардың құқықтарын құрметтеп және белсенді азаматтық ұстаным таныта отырып, әділеттілік пен қоғамдық келісімді нығайтуға өз үлесін қосады.

    Адам құқықтарын құрметтеуге негізделген қоғамды қалыптастыру әрқайсымыздың күнделікті іс-әрекеттерімізден басталады. Дәл осы ортақ құндылықтар әділетті, қауіпсіз және берекелі Қазақстанды құрудың берік негізі болып табылады.

    Ұқсас материалдар

    Басқа

    Будущее за Адал азамат

    [17:52, 23.06.2026] ‎Наргиз Казбековна: Кез келген мемлекеттің болашағы тек экономикалық көрсеткіштер мен заманауи технологияларға ғана емес, ең алдымен оның азаматтарына байланысты. Сондықтан «Адал азамат» құндылықтарын...

    Жарияланды:
    Басқа

    Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық: азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту

    Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық – адамның өміріне, денсаулығына, қадір-қасиетіне және қауіпсіздігіне қол сұғатын адам құқықтарының өрескел бұзылуы. Зорлық-зомбылық физикалық, психологиялық, экономикалық және жыныстық...

    Жарияланды: