Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету

    Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

    2024 жылғы қараша айынан бастап «КEDEN» цифрлық жүйесінде «КБжС бойынша міндеттемені орындауды қамтамасыз етуді тіркеу» модулі жұмыс істейді. Аталған модуль кедендік рәсімдерді жүзеге асыру кезінде және көзделген өзге де жағдайларда, сондай-ақ заңды тұлғалардың тізілімдік қызметі шеңберінде кедендік баждар мен салықтарды төлеу жөніндегі міндеттемені орындауды қамтамасыз етуді ( бұдан әрі - қамтамасыз ету) тіркеуге өтініш беруді көздейді.

    Бірыңғай ақпараттық кеңістік шеңберінде мемлекеттік қызмет көрсетудің толық циклі - өтініш беруден және қажетті тексерулерді жүргізуден бастап қамтамасыз етуді тіркеуге және оны кедендік операцияларды жүзеге асыру кезінде одан әрі пайдалануға дейін қамтамасыз етіледі.

    Ұсынылатын мәліметтерді тексеруді автоматтандыру мақсатында «КEDEN» ЦЖ ақпараттық жүйелермен интеграциялар іске асырылды. Атап айтқанда, сақтандыру шарттары мен банктік кепілдіктер туралы мәліметтерді алу, сондай-ақ кепіл шарттары бойынша ауыртпалықтың бар-жоғын тексеру қамтамасыз етіледі. Бұл ақпараттық жүйеде СЭҚҚ қосымша сұрау салмай және тиісті құжаттарды ұсынуды талап етпей қажетті тексерулерді жүргізуге мүмкіндік береді.

    Жүйеде өтініш пен қамтамасыз етудің мәртебелерін оны қабылдау, тіркеу кезеңдерінде, сондай-ақ тиісті кедендік рәсімдер мен жағдайлар шеңберінде қамтамасыз етуді пайдалану кезінде көрсету көзделген.

    Қамтамасыз ету мөлшерін есептеу нысанын (ҚМЕН) пайдалануды көздейтін жағдайларда сыртқы экономикалық қызметке қатысушыға (СЭҚҚ) тауарларға арналған декларацияны (ТД) бергенге дейін одан әрі ТД-мен байланыстыруімен қамтамасыз етуді тіркеуге өтініш беру және таңдалған әрекет ету тәртібіне қарай - ҚМЕН қалыптастырылғаннан кейін өтініш беру мүмкіндігі ұсынылады. Бұл ретте жүйеде қамтамасыз ету сомасының жеткіліктілігін автоматты түрде тексеру іске асырылған. Қамтамасыз ету тіркелгеннен кейін ТД бақылауды аяқтау карточкасында көрсетіледі.

    Бұдан басқа, жүйе декларанттың БСН/ЖСН-інің, қамтамасыз етуді қолдану негізінің және оның мәртебесінің қамтамасыз етуді пайдалануға қажетті талаптарға сәйкестігін автоматты түрде тексереді.

    Аталған тетіктерді іске асыру қолмен орындалатын операциялардың санын одан әрі қысқартуға, қамтамасыз етуді ұсыну процесін жеделдетуге және оны «КEDEN» ЦЖ тікелей электрондық форматта ресімдеуді және пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған алшақтықтар туралы

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жыл үшін жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібімен қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлердің, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалық...

    Ақпарат

    Салық кодексі

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ КОДЕКСІ Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі. ЗҚАИ-ның ескертпесі! Осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібін 848-б. қараңыз. Қолданушылар назарына! Қолдан...

    Ақпарат

    Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының анықтамалығы

    Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (сенім телефоны 8-716-2-72-11-78) Лауазымы ФИО Телефон нөмірі (қалалық) Телефон нөмірі (IP) Электрондық пошта Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Нұрмолди...

    Ақпарат

    АНАЛИТИКАЛЫҚ ЕСЕП "E-Otinish" ақпараттық жүйесіндегі шағымдарды талдау нәтижелері туралы 2026 жылдың 9 айына

    АНАЛИТИКАЛЫҚ ЕСЕП "E-Otinish" ақпараттық жүйесіндегі шағымдарды талдау нәтижелері туралы2026 жылдың 9 айына 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Акмола облысының Мемлекеттік кірістер департаменті салық және кедендік әк...

    Ақпарат

    2026 жылдың алғашқы алты айындағы «E-Otinish» ақпараттық жүйесіндегі өтініштерді талдау нәтижелері бойынша талдамалық есеп

    Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне 2026 жылдың қаңтар–маусым айларында келіп түсті5 710 заңды және жеке тұлғалардан салықтық және кедендік әкімшілендіру, жеке тұлғаларды оңалту және банкроттық мәсе...

    Ақпарат

    Банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыру

    Банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыру № Борышкердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе ата...

    Ақпарат

    Аудиторлық есеп

    01.01.2026 жылғы жағдай бойынша 2025 жылы барлығы 1817 салықтық тексеру жүргізілді. Ақмола облысының аумақтық мемлекеттік кірістер басқармалары 1769 салықтық тексеру жүргізді, оның ішінде: тақырыптық – 36, қарсы – 1544,...

    НҚА

    Қазақстан Республикасының Конституциясы