Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Мүткенов ауылдық округінің
әкімін тіркеу туралы хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9)-тармақшасына, 45 бапқа, 113-11 бабының 1-тармағына сәйкес Ақтоғай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 24 маусымдағы №37 шешімімен 2026 жылғы 21 маусымда сайланған Айбек Канагатович Абылшаиков Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Мүткенов ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.
Ақтоғай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы