БӘЙТЕРЕК АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ
Переметный ауылы №14 2026 жылғы 13 қазан
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған
Қазақстан РеспубликасыБатыс Қазақстан облысы
Бәйтерек ауданымәслихаты депутаттарының кезектен тыс
сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың
күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабына, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы №60/98 және №60/99 қаулыларына сәйкес Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары (бұдан әрі – Күнтізбелік жоспар) бекітілсін.
- Күнтізбелік жоспар сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету үшін ауданның округтік және учаскелік сайлау комиссияларына жіберілсін.
- Осы қаулы Бәйтерек ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялансын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау төраға орынбасары Б.Нигметовке жүктелсін.
Төраға Р.Ихласов
Хатшы Г.Губашева