Ақтоған ауылдық округінің әкімі Ахметов Ержанбек Сүйіндікұлының 2026 жылдың ІІІ жарты жылдығындағы атқарылған жұмыстары жөніндегі есебі
Жылдан жылға өсіп-өркендеп жатқан еліміздің дамуы жолында, мемлекеттік саясатты жақтап, одан әрі дәйікті іске асыру халыққа қызмет етіп отырған біздің тікелей міндетіміз.
2026 жылдың ІІІ жарты жылдығының қорытындысымен Ақтоған ауылдық округінде атқарылған жұмыстарды және жыл соңына дейін атқарылатын жұмыстар жөнінде баяндаймын.
Досбол датқа ауылында 205 отбасында 1161 адам тұрады. Оның 554 әйел кісі, 607 ер адам.
Білім: Елді мекендегі №155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектепте 2025-2026 оқу жылында 232 оқушы білім алуда. Орта мектепті 2026 жылы 11 сыныпты 14 оқушы бітіреді, оның 11-і ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады. « Үздік сынып жетекшісі 2025» байқауының аудандық кезеңінде мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі 3-ші орын алып және «Үздік бастауыш мұғалімі 2026 кәсіби байқауында 1 мұғалім 2-ші орынға қол жеткізді. Жасөспірімдер арасында аудан аралық асық ату жарысынан 6-сынып оқушылары 1-ші орынмен марапатталды.
Денсаулық: Досбол ауылында «Досбол» дәрігерлік емханасы 2024 жылы қолданысқа берілген жаңа типтік жобада салынған қазіргі таңда толықтай жұмыс жасайды. Есепті мерзім ішінде 142 адам диспансерлік ем қабылдаса, диспансерлік есепке 156 адам тұрған, 22 азамат аудандық ауруханада ем алса, елді мекенде жыл басынан бері 1 кісі қайтыс болып, 6 нәресте дүниеге келген.
Мәдениет: Ақтоған ауылдық округіне қарасты «Досбол» ауылдық клубы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны есепті мерзім кезінде 20 мәдени іс- шараларды ұйымдастырды. Клубта барлығы 4 үйірме жұмыс жасайды қатысушылар саны 42 адам.
Кітапхана: Ауылымыздағы кітапхана аптаның бес күнінде азаңғы сағат 9.00 ден кешкі саған 19.00 ге дейін жұмыс жасайды кітапханада кітап қоры 14437 және оқырман саны 623 адамға жеткен.
Мал шаруашылығы: Ауылдық округ бойынша 2026 жылдың І-ші жарты жылдығының қорытындысы бойынша мүйізді ірі қара мал басы 1313, уақ мал, 1381 бас, және 683 бас жылқы тіркеуге алынды. Мал ауруына қарсы, уақытылы екпе вакциналары салынып, жұмыстар атқарылып отырды. Сәуір айында ауыл тұрғындарының барлық қора жайларына кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.
Ауыз су: Досбол датқа елді мекенінің ішкі ауыз су желілері 2017 жылы іске қосылған, бүгінгі күнде елді мекендегі 205 үй ауыз су желісін тұрақты пайдалануда. «Жиделі топтық су құбыры» Шиелі бөлімшесі арқылы тәулік бойы су берілуде елді мекенде
Ауыл шаруашылығы саласы: Досбол датқа ауылына негізгі аяқ су «Л-4» каналы арқылы келеді. Ауыл тұрғындары егін және бау-бақшаны орналастыру жұмыстарына аяқ су ұдайы келіп тұр. Каналдарды тазалау жұмыстары үнемі жүргізіліп тұрады.«Дос-Шын-Жар» шаруа қожалығы биыл ауыл маңындағы жерге күріш егіп 18 азаматты жұмыспен қамтыды.
Ауыл тұрғындарының есік алды жерлерін қоса есептегенде 290 гектар жерге егіс егілді. Негізгі дақылдар; көкөніс және бақша. «Дос-Шын-Жар» шаруа қожалығының төрағасы 75 гактар жерді ауыл сыртынан жыртып егін егуге дайындап берді.
Жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту: Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағыты бойынша 3 азамат кәсіп ашу мақсатында жеңілдетілген 2,5 пайызбен берілетін кредитке өтінім берді.
Еепті мерзімде аудандық жұмыспен қамту орталығына Ақтоған ауылдық округ бойынша 23 азамат жұмыс іздеуші болып тіркеліп, 12 адам ақылы қоғамдық жұмысқа, 1 азамат тұрақты жұмысқа орналасты. Ауыл тұрғындарының әлеуметтік мәртебесін анықтау және өзектендіру жұмыстары жайлы пайыздық көрсеткіш-3,2 пайызды құрады.
Қоғамдық көлік: Елді мекенде жалпы ұзындығы 11 км құрайтын 10 көше бар. Шиелі- Досбол – Ә.Тәжібаев бағытындағы аудандық маңызы бар жол арқылы елді мекен тұрғындарының аудан орталығына қатынасын қамтамасыз ету мақсатында таңғы сағат 7-00 ден кешкі сағат 18-00 ге дейін үш мезгіл қоғамдық көлік қатынайды.
Көркейту, көгалдандыру: «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы 2024 жылдың көктемінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен бастау алып, бүкіл ел аумағында жалғасқан кең ауқымды шараға айналды. Шараның негізгі мақсаты – табиғатты тазарту ғана емес, халық арасында жаңа экологиялық мәдениет қалыптастыру болатын. Көркейту- көгалдандыру айлығында 2500 көшет отырғызылды.
Қоғамдық қауіпсіздік: Ауылдық округ бойынша қоғамдық қауіпсіздікті және қылмыстың алдын-алу мақсатында аудандық ішкі істер бөлімі тарапынан арнайы учаскелік полиция инспекторы бекітілген. Елді мекенде 2026 жылдың І-ші жарты жылдығының қорытындысы бойынша мал ұрлығы тіркеліп қазіргі таңда құқық қорғау саласының мамандары жұмыс жүргізіп жатыр.
Діни және саяси ахуал: Ауылдық округі аумағындағы діни және саяси ахуал қалыпты жағдайда. Діни ағымдардың жетегінде жүрген ауыл тұрғындары жоқ. Имандылыққа үндейтін «Досбол датқа» мешіттерінің жаңа ғимараты 2018 жылы пайдалануға берілген.
Жергілікті салықтың І жарты жылдығының орындалуы: «Жер,мүлік» салығы 140,0 мың теңгеге бекітілген, орындалғаны 70 мың теңге, яғни 50 пайызға, «Көлік» салығы 2,0 млн теңгеге бекітілген, нақты орындалғаны- 2,6 млн, мың теңге яғни, 120 пайызға орындалды.
Спорт саласы бойынша: Ауылымызда «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры демеушілігімен салынған Досбол датқа спорт кешені жыл басында ел игілігіне пайдалануға беріліп 13 азамат тұрақты жұмысқа орналасты. Қазіргі таңда жастары өз уақыттарын тиімді пайдаланып спортпен шұғылданып түрлі жетістіктерге қол жеткізді.
«Бірлік қайда болса, ынтымақ сонда» дейді халық даналығы, “Ауыл түбі — бірлік, қауым түбі — тірлік” дегендей, ауылымыздың көркейу, мемлекетіміздің өркендеу жолында бірлесіп жұмыс жасауға шақырамын!