Қарабалық к. | 2026 жылғы «19» маусым
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №488 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, «Қарабалық ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың (бұдан әрі – талдау) объектісі «Қарабалық ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» ММ қызметі болып табылады.
«Қарабалық ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің негізі - кәсіпкерлік бөлімі басшысының 2026 жылғы 15 мамырдағы № 22 ««Қарабалық ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығы.
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүргізілді.
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды жүргізу кезеңі: 2026 жылғы 18 мамырдан 2026 жылғы 18 маусымға дейін.
Талдаумен қамтылған кезең: «Қарабалық ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» ММ 2025 жылғы шілде мен 2026 жылғы маусым аралығындағы жұмыс кезеңі.
Талдауды жүргізген жұмыс тобының құрамы:
Нургалиев С. Ж. – басшы;
Сисенова Б.Т. – бас маман;
Кинсфатор Е.Г. – «Қарабалық ауданының кәсіпкерлер одағы «КӘСІПКЕР» жеке кәсіпкерлер бірлестігінің төрағасы.
- Талдау жүргізудің мақсаттары мен міндеттері
Талдаудың мақсаты: «Қарабалық ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» ММ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оны жою.
Талдаудың міндеті: «Қарабалық ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарын жою.
- Талдау барысында пайдаланылған ақпарат көздері
Үлгілік қағидалардың 15-тармағына сәйкес ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау жүргізуге арналған ақпарат көздері келесідей:
1) Талдау объектісінің қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттар;
2) Талдау объектісінің қызметі туралы статистикалық есептілік;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алынған мемлекеттік және құқық қорғау органдарының ақпараттық жүйелерінің талдау объектісінің қызметі туралы деректері;
4) Талдау объектісіне қатысты мемлекеттік органдар бұрын жүргізген тексерулердің нәтижелері;
5) Ішкі бақылау қызметтерінің бақылау іс-шараларының нәтижелері;
6) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері;
7) Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;
8) Талдау объектісіне қатысты жеке іс және заңды тұлғалардың өтініштері;
9) Талдау объектісінің лауазымды тұлғаларын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілікке тарту туралы мәліметтер, соның ішінде қылмыстық құқық бұзушылық пен заңның басқа да бұзылуын жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөніндегі ұсыныстар;
10) Талдау объектісі қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне қатысты сот органдарының шешімдері, қылмыстық істердің фабулалары;
11) Бұрын жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері;
12) Бұрын жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері;
13) Талдау объектісінің қызметшілері мен қызметкерлерінен сауалнама алу нәтижелері;
14) Ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де мәліметтер.
- Нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері
1.1. Негізгі функцияларды іске асыру
Нормативтік база:
Кәсіпкерлік бөлімі өз қызметін Қарабалык ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мекеме туралы ереже негізінде жүзеге асырады. Ережеде айқындалған бөлімнің функциялары нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келеді.
Кәсіпкерлік бөлімі өз қызметінде басшылыққа алатын негізгі нормативтік құқықтық актілер: Конституция, Президент актілері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілері, Ауыл шаруашылығы, Экономика министрлерінің бұйрықтары, Қостанай облысы әкімдігінің қаулылары, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Мемлекеттік рәміздер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары, «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі», «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі», «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі», «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы», «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі», өзге де нормативтік құқықтық актілер және бөлімнің Ережесі болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
- Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері
2.1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету
«Қарабалық ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет көрсетпейді.
Мемлекеттік сатып алу саласын талдау қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
2.2. Кадр саясаты
Бөлімнің штаттық саны 5 бірлікті құрайды (бөлім басшысы, 1 бас маман, әдіскер-бухгалтер, әдіскер, жүргізуші, аудармашы).
Жұмысқа қабылданған қызметкерлердің үлестестігі, сондай-ақ мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.
Бөлімнің мемлекеттік қызметшілерінің лауазымдық нұсқаулықтарында олардың лауазымдық құқықтары мен міндеттері толық көрсетілген, қызметкерлердің міндеттерін қайталау фактілері жоқ.
Бөлім қызметкерлеріне демалыс беру «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Талдау жасалған кезеңде бөлім қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін теріс қылықтар жасағаны үшін жауапкершілікке тарту фактілері болған жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:
жоқ.
Тәртіптік практика
Талдау жасалған кезеңде бөлім қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылған жоқ.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) қызметкерлер бұзған жоқ.
Қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаған.
Еңбек тәртібін бұзушылықтар тіркелген жоқ.
Бұқаралық ақпарат құралдарында бөлім қызметкерлеріне қатысты теріс сипаттағы материалдар жарияланған жоқ.Тәртіптік практика саласын талдау қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Бюджет қаражатын игеру және бөлу саласын талдау
(2025 жылғы шілде – 2026 жылғы маусым аралығындағы кезең)
№ 4-20 нысанды шығыстар бойынша жиынтық есепке және 2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша есепті деректерге сәйкес, 469001 «Кәсіпкерлікті дамыту саласында жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2025 жылғы 31 желтоқсандағы қаржыландыру жоспары 21 557,7 мың теңгені құрады, бұл міндеттемелер мен төлемдер бойынша жоспарға сәйкес келеді. Төленген міндеттемелер 21 556,9 мың теңгені құрады, міндеттемелер мен төлемдер жоспарынан қалған қаражат қалдығы - 751,33 теңге, оның ішінде кіші бағдарламалар бойынша:
- «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» 469001015 нақтыланған қаржыландыру жоспары 2025 жылғы 31 желтоқсанда 21 557,7 мың теңгені құрады, бұл міндеттемелер мен төлемдер жоспарына сәйкес келеді, төленген міндеттемелер 21 556,9 мың теңгені құрады, міндеттемелер мен төлемдер жоспарынан қалған қаражат қалдығы - 751,33 теңге.
№ 4-20 нысанды шығыстар бойынша жиынтық есепке және 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша есепті деректерге сәйкес, 469001 «Кәсіпкерлікті дамыту саласында жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2026 жылғы 1 маусымдағы қаржыландыру жоспары 23 806,3 мың теңгені құрады, бұл міндеттемелер мен төлемдер бойынша жоспарға сәйкес келеді. Төленген міндеттемелер 10 632,1 мың теңгені құрады, міндеттемелер мен төлемдер жоспарынан қалған қаражат қалдығы-411,3 теңге, оның ішінде кіші бағдарламалар бойынша:
- «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» 469001015 нақтыланған қаржыландыру жоспары 2026 жылғы 1 маусымда 23 806,3 мың теңгені құрады, бұл міндеттемелер мен төлемдер жоспарына сәйкес келеді, төленген міндеттемелер 10 632,1 мың теңгені құрады, міндеттемелер мен төлемдер жоспарынан қалған қаражат қалдығы – 411,3 теңге.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру
2025 жылдың 7 айында 926,5 мың теңге сомасына мемлекеттік сатып алу бойынша 11 шарт жасалды, оның ішінде:
- Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен -2 шарт,
- Өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден алу тәсілімен - 5 шарт,
- Шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен - 4 шарт.
Шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен шарттар келесі тармақшалар және «Қарабалық ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» ММ басшысының бұйрығы негізінде жасалды:
Заңның 16-бабы 3-тармағының 28) тармақшасы егер мұндай біртекті тауарлардың құндық мәніндегі жылдық көлемі республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жүз еселенген мөлшерінен, ал жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жылдық көлемі бес жүз еселенген мөлшерінен аспаса, біртекті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
Заңның 16-бабы 3-тармағының 1) тармақшасы табиғи монополиялар салаларына жататын қызметтерді, сондай-ақ электр энергиясымен жабдықтау немесе кепілдік беруші жеткізушімен электр энергиясын сатып алу-сату қызметтерін сатып алу.
2025 жылдың 7 айы ішінде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына нақтылаулар (өзгерістер) енгізіліп, мемлекеттік сатып алу веб-порталында белгіленген мерзімде міндетті түрде орналастырылды.
2026 жылдың 6 айында 2 346,6 мың теңге сомасына мемлекеттік сатып алу бойынша 11 шарт жасалды, оның ішінде:
- Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен - 137,8 мың теңге сомасына 1 шарт;
- Өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден алу тәсілімен - 621,7 мың теңге сомасына 3 шарт;
- Ашық конкурс тәсілімен - 804,0 мың теңге сомасына 2 шарт;
- Шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен - 783,1 мың теңге сомасына 5 шарт.
Шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен шарттар келесі тармақшалар және «Қарабалық ауданы әкімдігіной кәсіпкерлік бөлімі» ММ басшысының бұйрығы негізінде жасалды:
- 16-баптың 3-тармағының 28) тармақшасы - егер осындай біртектес тауарлардың жылдық көлемі құндық мәнде айлық есептік көрсеткіштің жүз еселенген мөлшерінен аспаса, ал жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жылдық көлемі құндық мәнде айлық есептік көрсеткіштің бес жүз еселенген мөлшерінен аспаса, ал аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер және ауылдық округтер әкімдері аппараттары үшін республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен аспаса, біртектес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
- 16-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы - табиғи монополиялар салаларына жататын көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ кепілдік беруші электр энергиясын жеткізушіден энергиямен жабдықтау немесе электр энергиясын сатып алу-сату жөніндегі қызметтерді сатып алу;
- 16-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы - табиғи монополиялар салаларына жататын көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ кепілдік беруші электр энергиясын жеткізушіден энергиямен жабдықтау немесе электр энергиясын сатып алу-сату жөніндегі қызметтерді сатып алу.
Барлық шарттар бойынша есептер бар.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде бағаны негізсіз өсіру фактілері анықталған жоқ.
Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары «Қарабалық ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» ММ басшысының 2025 жылғы 05 қаңтардағы №1 бұйрығымен және 2026 жылғы 05 қаңтардағы №1 бұйрығымен бекітіліп, бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылды.
2026 жылдың 6 айы ішінде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер (нақтылаулар) енгізіліп, олар белгіленген мерзімдерде мемлекеттік сатып алудың веб-порталында міндетті түрде орналастырылды.
Талдау жүргізілген кезеңде камералдық бақылау нәтижелері бойынша сатып алуларды қайта қарау немесе олардың күшін жою фактілері болған жоқ.
Мемлекеттік сатып алу веб-порталындағы ақпарат қолданыстағы заңнамаға сәйкес орналастырылады.
Талдау жасалған кезеңде өнім берушілерден сатып алу рәсімдеріне шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік сатып алу саласын талдау қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу
Заңды тұлғалармен:
Электрмен жабдықтау, интернет, телефон байланысы, бағдарламалық өнімге қызмет көрсету шарттары жасалады.
Жеке тұлғалармен:
Автокөлікті жөндеу, компьютерлік жабдықтарды жөндеу бойынша қызмет көрсетудің үлгілік шарттары жасалады.
Шарттық міндеттемелерді бұзу жағдайлары анықталған жоқ.
Аталған сала бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
2.3. Процестерді цифрландыру
«Қарабалық ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» ММ «DOCUMENTOLOG» бұлттық құжат айналымы жүйесі енгізілген, бекітілген істер номенклатурасы бар (2024-2026 жылдарға арналған).
Елтаңбалы бланкілерді, мөрлер мен штамптарды есепке алу ұйымдастырылған.
Аталған сала бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
2.4. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау
Келген өтініштер саны – 4.
Талдау жасалған кезеңде шағымдар түскен жоқ. ӘРПК нормалары бұзылған жоқ. «Қарабалық ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» ММ өтініштерді тіркеу және қарау «eOtinish» жүйесінде жүзеге асырылады. Өтініштерді қабылдау мен тіркеуге жауапты тұлға - бас маман Сисенова Бахытжамал Талгатовна. Өтініштермен жұмыс істеу кезінде мерзімдерді бұзу фактілеріне жол берілген жоқ.
Аталған сала бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
2.5. Ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету
Қызметтің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуді талдау барысында «Қарабалық ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» ММ ашықтық пен жариялылық принциптерін ұстанатыны анықталды. Ақпараттың қолжетімділігі мен сапасын арттыру мақсатында Қарабалық ауданы әкімдігінің ресми сайтында бөлімнің қызметі мен ережесі, жұмыс жоспарлары, азаматтарды қабылдау кестелері және басқа да құқықтық актілер жарияланады.
Қаржылық және бюджеттік рәсімдердің ашықтығы жыл сайын 1 мамырға дейінгі мерзімде мемлекеттік тізілімдер порталында активтерді (соның ішінде үй-жайлар мен автокөліктерді) инвентаризациялау есебін және жылдық қаржылық есептілікті жариялау арқылы қамтамасыз етіледі.
Сондай-ақ, бөлім өз қызметінде «Айна» газеті сияқты БАҚ өзара іс-қимыл жасайды.
Бөлім қызметінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормалар мен жағдайлар анықталған жоқ.
2.6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы және қогмадық мониторинг нәтижелері
Қарабалық ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге «Қарабалық ауданы кәсіпкерлер одағы «КӘСІПКЕР» жеке кәсіпкерлер бірлестігінің төрағасы қатысты.
Жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша қоғамдық өкіл тарапынан мекеме қызметіне қатысты ескертулер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің бар екендігін көрсететін мәліметтер түскен жоқ.
2.7. Бақылау және рұқсат беру функцияларын іске асыру
«Қарабалық ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» ММ бақылау функциялары қарастырылмаған.
2.8. Сот практикасын талдау
Талдау жасалған кезеңде «Қарабалық ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» ММ сот отырыстарына қатысқан жоқ.
Аталған сала бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
2.9. Қадағалау органдары тексерулерінің нәтижелері туралы мәліметтер
Талдау жасалған кезеңде қадағалау органдары тарапынан тексерулер жүргізілген жоқ.
2.10. Фискалдық органдардың тексерулері туралы мәліметтер
Талдау жасалған кезеңде фискалдық органдар тарапынан тексерулер жүргізілген жоқ.
2.11. Құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың және азаматтардың мәліметтері
«Қарабалық ауданы әкімдігіной кәсіпкерлік бөлімі» ММ қатысты құқық қорғау органдарынан, үкіметтік емес ұйымдардан және азаматтардан хабарламалар немесе арыздар түскен жоқ.
2.12. БАҚ пен өзге де ақпарат көздеріне мониторинг
Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі жарияланымдарды талдау барысында «Қарабалық ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» ММ қызметкерлеріне қатысты теріс сипаттағы материалдар анықталған жоқ.
Қорытынды;
Жүргізілген ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелері бойынша мекеме қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Бөлім басшысы С. Нургалиев
Жұмыс тобының мүшелері: Е. Кинсфатор
Б. Сисенова