АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА БЖЗҚ-ның Ашық есік күні: цифрлық сервистер, қаржылық қауіпсіздік және дербес деректерді қорғау

    ·

    2026 жылғы 26 маусымда «БЖЗҚ» АҚ барлық ниет білдірушілерді ««БЖЗҚ» АҚ-ның цифрлық қызметтері. Қор қызметтерін алу кезінде алаяқтардан және жалған делдалдардан дербес деректерді қорғау» тақырыбында кезекті Ашық есік күніне қатысуға шақырады.

    Кездесу барысында БЖЗҚ мамандары зейнетақы қызметтерінің біразын қашықтан және кез келген ыңғайлы уақытта алуға мүмкіндік беретін Қордың заманауи цифрлық сервистері, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік және алаяқтыққа қарсы іс-қимыл туралы айтып беретін болады.

    Кездесуде Сіз:

    • БЖЗҚ-ның қандай цифрлық сервистері салымшыларға/алушыларға қолжетімді екенін және оларды қалай пайдалану керектігін;
    • жеке кабинетте және мобильді қосымшада зейнетақы қызметтерін қалай алуды, зейнетақы жинақтарының жай-күйін бақылауды, берілген өтініштердің мәртебесін қадағалауды және т. б.;
    • болашақ зейнетақы төлемдерін бағалауға және зейнетақымен қамсыздандыруды жоспарлауға көмектесетін «Зейнетақы калькуляторы» және «Дербес зейнетақы жоспары» сервистері қалай жұмыс істейтінін;
    • БЖЗҚ-ның ресми сайты, Telegram-бот және Қормен өзара іс-қимыл жасаудың басқа да цифрлық арналары қандай мүмкіндіктер беретінін;
    • алаяқтар ең көп таралған алаяқтық схемаларының қандай түрлерін қолданатынын және алдау әрекеттерін қалай тануға болатынын;
    • дербес деректеріңізді, зейнетақы жинақтарыңызды және банктік ақпаратыңызды алаяқтар мен жалған делдалдардан қалай қорғауға болатынын біле аласыз.

    Бұдан басқа, БЖЗҚ мамандары қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша жеке кеңес береді.

    Барлық ниет білдірушілерді Ашық есік күніне қатысуға, БЖЗҚ-ның цифрлық қызметтері туралы өзекті және шынайы ақпарат алуға, сондай-ақ дербес деректеріңіз бен зейнетақы жинақтарыңызды алаяқтардан қалай қорғау керектігін білуге шақырамыз.

    «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күнінде» өзінің салымшыларын, алушыларын және қатысуға ниет білдіргендерді күтеді!

    БЖЗҚ 2013 жылдың 22 тамызында «ГНПФ «ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі БЖЗҚ-ның құрылтайшысы және акционері болып табылады. БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар дайындау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) оның зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында)

    Жүктеу
    80633f0c5a2ffaf6df5d4b659e6a48d4_original.72192.doc
    DOC · 71 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Баяндама

    БЖЗҚ 2026 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарын инвестициялау есебін ұсынады

    БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасын...

    Жарияланды:
    Баяндама

    Отандастарымыздың 12 айдағы инвестициялық кірісі 2,8 трлн теңгеден асты

    Салымшылардың инвестициялық кірісі Қазақстан Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ), сондай-ақ инвестициялық портфельді жеке басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін басқару есебінен қалыптастырылады. ҚРҰБ-тың міндетті зейнетақы жарна...

    Жарияланды:
    Баяндама

    «Ең төменгі жеткіліктілік шектері (ТЖШ) – оларды есептеудің ашықтығы және оларды пайдалану мүмкіндігі сақтала ма?»

    Жеткіліктілік шегінің мөлшеріне салымшының жасы әсер ете ме және қолданыстағы Әдістеме бойынша ТЖШ қалай есептеледі? Ең төменгі жеткіліктілік шегінің (ТЖШ) мөлшері салымшының жасына байланысты айқындалады. Салымшы неғұр...

    Жарияланды:
    Баяндама

    Зейнетақы жинақтарының көлемі одан әрі ұлғаюда: 12 айдағы өсім – 4,33 трлн теңге

    Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі 2026 жылдың 1 маусымына 27,67 трлн теңгеденасты. 12 айдағы өсім – 4,33 трлн теңге (немесе 18,6%). Зейнетақы жинақтарының негізгі бөлігін көлемі 25,81 трлн теңгеге жеткен м...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Шымкент қаласы Тұран аудандық учаскелік сайлау комиссияларының ҚҰРАМЫ

    №1 учаскелік сайлау комиссиясы Орталығы: №2 Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп. Орналасқан мекен-жайы: Шымкент қаласы, Қ.Қазиев көшесі, №7. Байланыс телефон нөмірі: 8(7252)21-06-32 Кемерова Фейрузат Касым...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    «Шымкент қаласының «Тұран» ауданы әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің штаттық құрылымы

    Мемлекеттік қызметшінің Т.А.Ә Лауазымы Саны Санаты Басшылық құрам Әзімбердиев Біржан Қанатұлы Аудан әкімі 1 Саяси Балганов Даурен Сыдыкович Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы 1 Е-1 Даулетханұлы Асылжан Аудан әкімін...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

    Жарияланды:
    Баяндама

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

    Жарияланды: