2026 жылғы19 шілдеге тағайындалған Біржан сал ауданының
Краснофлот ауылы әкімінің сайлауына кандидаттарды тіркеу туралы хабарлама
Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап шешті:
- Әкімдікке кандидаттар болып тіркелсін:
Амангелды Төлеуұлы Мешеловті, 1967 жылы туған, «Біржан сал ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің жұмылдыру дайындығы бөлімінің басшысы, Степняк қаласында тұратын. Өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылған.
Бауыржан Аманжолұлы Шәріповті, 1982 жылы туған, «Біржан сал ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы, Степняк қаласында тұратын. Өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылған.
Марат Тасболатұлы Ерхатовты, 1973 жылы туған, Біржан сал ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Жеңіс» дене шынықтыру-сауықтыру кешені» МКҚК-ның спорт ғимаратының меңгерушісі, Үлгі ауылында тұратын. Өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылған.
Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы