«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабының 14) тармақшасына, 101-бабының 3-тармағына, 103-бабының 7-тармағына, 104-бабының 8-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» 2026 жылғы 12 қазандағы № 1521 Жарлығының негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2026 жылғы 29 қарашаға Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы тағайындалсын.
- Мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну және өзін-өзі ұсыну мерзімдері 2026 жылғы 14 қазаннан бастап 2026 жылғы 27 қазандағы сағат он сегізге дейін белгіленсін.
- Партиялық тізімдерді, мәслихаттардың депутаттығына кандидаттарды тіркеу мерзімі 2026 жылғы 1 қарашада сағат он сегізде аяқталатын болып белгіленсін.
- Астананың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, қалалардың, аудандардың аумақтық сайлау комиссиялары және округтік сайлау комиссиялары Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз етсін.
- Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.