Майлытоғайауылдық округінің2026жылдың9 айындаатқарған жұмыстары туралы
Майлытоғай ауылдық округіне қарасты Майлытоғай ауылы Шиелі ауданы орталығынан 60 км қашықтықта орналасқан. Территориясы 92658 кв.м. Халық саны-726 адам. Тұрғындар үйі саны-124 отбасы, Еңбекке жарамды экономикалық белсенді халық саны-376. Жалдамалы жұмысшылар-288, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар-74, оның ішінде өнімді-63, өнімсіз-11, жұмыссыздар-10, Биылғы жылы жұмыссыз болып тіркелгендер-10 азамат. Зейнеткері-56, мүгедегі-18, мектеп оқушылары-120, мектеп жасына дейінгі бала саны-67.
Ауылымыздың әлеуметтік – экономикалық дамуы, инфрақұрылымды жақсарту, абаттандыру және ауыл шаруашылығын дамыту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды.
Ауылдық округте кіші және орта кәсіпкерлікті жүргізу бағытында тіркелген субьектілер саны-22, шаруа қожалықтары-12, жеке кәсіпкерлер-10.
Ауылдық округте Қ.Сәбиров атындағы №141 орта мектеп, ауылдық клуб, дәрігерлік бөлімше, ветеринариялық және учаскелік полиция пункті халыққа қызмет жасауда.
Білім саласы бойынша №141 Қ.Сәбиров атындағы орта мектепте 120 оқушы, 1 мектепалды даярлық тобы және мектеп жасына дейінгі балаларға арналған шағын орталық бар. Оқушылардың зияткерлікке және ғылыми білімге қызығушылығын дамыту, қабілеттерін, бейімділіктерін іске асыру үшін жағдай жасау, дарынды балалармен жұмысты іске асыру шеңберінде ерте бейімдеу мақсатында әр түрлі шаралар өтуде.
Денсаулық саласы бойынша 2026 жылы «Д» есепте 88 адам тұрады:оның ішінде АГ,қант диабеті,жүрек ауру, асқазан-ойық жарасымен «Д» есепте тұратын науқастарға тегін дәрі берілді.
ПМК(машинасы) ауылға 4 рет келіп ауыл халқы дәрігерлік тексеруден өткізілді.
Кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша: Майлытоғай ауылдық округінде кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының орындалуын қамтамасыз ету бағытында түсіндірме жұмыстар жүргізілуде. Ауылдық округте шағын және орта бизнесті, кәсіпкерлікті дамытудың іс-шара жоспарын бекітіп, жоспарға сәйкес, ауыл тұрғындарынан «Бизнес Бастау», «Аманат» жобалары бойынша ауыл тұрғындарына түсіндірме ақпараттық жұмыстары ұдайы жүргізіліп келеді., Қазіргі таңда 1 жоба дайындалып «Ауыл аманаты» бағдарламасына өтініш тасталуда.
Көркейту-көгалдандыру жұмыстары бойынша.
Ауыл тұрғындарының ауызбіршілігі мен жеке демеушілердің қолдауының арқасында ұзындығы 9 шақырымды құрайтын Тұрымбет каналының қайта қазу және санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар жеке демеушілік және ауыл халқының көмегімен жүзеге асырылып, қазіргі таңда ел игілігіне қазмет етуде. Каналдың тазалануы егістік жерлерді сумен қамтамасыз етуге және аяқ су мәселесін шешуге оң әсерін тигізуде.
Сонымен қатар, ауылымыздың көркеюіне бағытталған жұмыстар да қолға алынды. Жеке демеушілік есебінен ауылдың кіреберісіне «Мәңгілік мекенім- Майлытоғай» жазуы орнатылды. Бұл ауылымыздың келбетін айшықтап, тұрғындардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыра түсті.
Көктем айларында ауылды көгалдандыру мақсатында жеке қаражат есебінен 300 түп ағаш көшеттері отырғызылды. Алдағы уақытта да көгалдандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасатын болады.
Мемлекет бюджет есебінен 3 миллион теңгеге ауыл тұрғындарының қатты тұрмыстық қалдықтарын төгуге арналған арнайы полигон салынды. Бұл жұмыстар ауылдың санитарлық тазалығын сақтау мен экологиялық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.
Ауыл түлектерінің де туған жерді дамытуға өз үлестерін қосуда. Атап айтқанда, 30 жылдық және 20 жылдық мектеп түлектері, сондай – ақ «Садибек» шаруа қожалығы арнайы жеміс ағаштарының көшеттерін отырғызып, су асты құбырын жеке қаражат есебінен қаздырып берді. Осындай игі бастамалар ауылымыздың бірлігі мен жанашыр азаматтарының көп екенін көрсетеді.
Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2026 жылға ауылдық округтегі МІҚ-1670 бас, жылқы – 1106 басты құраса, уақ мал – 4115 бас, түйе – 8 басқа жетіп отыр. Бүгінде ауыл тұрғындарының меншігіндегі 500 бас ірі қара малдан биыл 87 төл алынды. Ал шаруақожалықтарындағы ірі қарадан 130 төл алынып отыр. Жылқы шаруашылығы бойынша да мал басы артып, тұрақты даму көсеткіші қалыптасуда.
Ауыз су және аяқ су бағдарламасы бойынша Майлытоғай елді мекенінде ауыз сумен және аяқ сумен ауыл тұрғындары толық 100 пайызға қамтылған. Егін шаруашылығын дамыту бағытында аяқ су мәселесі бойынша келісім-шарттар жасалып 23га егістік жерге төлем жұмыстары жүргізілді. Бұл шаралар алдағы уақытта егістік көлемін ұлғайтып, ауыл шаруашылығы өнімдерін арттыруға мүмкіндік береді.
Ауыл тұрғындарының сұранысы негізінде алдағы кезеңде Бәйгетөбе және Бірлік көшелеріне күрделі жол жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Қазіргі таңда демеушілік есебінен жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда.
Алдағы уақытта ауылымыздың әлеуметтік жағдайын жақсарту, инфрақұрылымды дамыту, жастарды қолдау, ауыл тазалығы мен көркейту жұмыстарын жалғастыру басты назарда болады.