Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
- Тергеп-тексеруді жүргізуге негіз: Полимерлік және өзге де материалдардың, олардан жасалған бұйымдардың, химиялық заттар мен композициялардың үлгілерін зерттеу хаттамалары №2260001067307837 16.04.2026 ж., №2260001067307746 16.04.2026 ж., №2260001067307129 16.04.2026 ж., №2260001067306975 16.04.2026 ж., №2260001067307494 16.04.2026 ж., №2260001067307618 16.04.2026 ж., №2260001067307220 16.04.2026 ж.
- Тартылған сарапшылар (деректерін пайдалануға келісімі): тартылған жоқ.
- Тергеп-тексеруді жүргізу мерзімі: 03.04.2026 ж. – 30.04.2026 ж.
- Қатысты тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: ЖК Марипова И., Ұйғыр ауданы, Үлкен Ақсу ауылы.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты:
Полимерлік және өзге де материалдардың, олардан жасалған бұйымдардың, химиялық заттар мен композициялардың үлгілерін зерттеу хаттамаларына сәйкес:
- №2260001067307837 16.04.2026 ж. – «Bingo Soft» киімге арналған кондиционер (шайғыш), өндіруші: ЖШС «Хаят маркетинг», Ресей Федерациясы, Мәскеу қ., Пресненская Набережная көшесі, 10-үй, 1 дана. Өнімнің мақсаты, өнім партиясының сәйкестендіру деректері, өндірілген күні, ұсынылатын қолдану мөлшері және (немесе) дозасы, шыққан елі, жарамдылық мерзімі, құрамы, қауіптілік сипаттамасы, қауіптіліктің алдын алу шаралары, атауы мен тағайындалуы туралы мәліметтер мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетілмеген (ЕАЭО Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптары №299, 2-тарау, 5-бөлім, 1.4-тармақ, 1.4.1, 1.4.3-тармақшалар).
- №2260001067307746 16.04.2026 ж. – «Доктор» ойыншығы, өндіруші: Қытай, 1 дана. Ойыншықтың атауы, шығарылған елдің атауы, өндірушінің (импорттаушының) атауы мен мекенжайы, өндірілген күні мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетілмеген. ЕАС бірыңғай белгісі және баланың жасын көрсететін пиктограмма жоқ (ТР ТС 008/2011, 4-бап, 5.3-тармақ, 6-тармақ; 7-бап, 1-тармақ).
- №2260001067307129 16.04.2026 ж. – «Пісіруге арналған пергамент», өндіруші: Ресей Федерациясы, 1 дана. Қаптаманың атауы, мақсаты және өндірілген күні тек орыс тілінде көрсетілген, мемлекеттік тілде ақпарат жоқ. Жеткізуші құжаттары ұсынылмаған. Өндірушінің атауы, мекенжайы және байланыс деректері мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетілмеген (ТР ТС 005/2011, 6-бап, 3, 4-тармақтар).
- №2260001067306975 16.04.2026 ж. – «Johnsons Baby Aloe Vera» денеге арналған май, өндіруші: ЖШС «Кирим Торг», Беларусь Республикасы, Минск қ., Я. Колас көшесі, 6-үй, 3а кеңсе, 1 дана. Өнім атауы, импорттаушы және оның мекенжайы, шыққан елі, тағайындалуы, көлемі, қолдану тәсілі және жарамдылық мерзімі тек орыс тілінде көрсетілген, мемлекеттік тілде көрсетілмеген. Өнім партиясын сәйкестендіру мүмкін емес (ТР ТС 009/2011, 5-бап, 9.2, 9.3, 9.5-тармақтар).
- №2260001067307494 16.04.2026 ж. – «LIMAX» балалар шұлықтары, өндіруші: Қытай, 1 дана. Өндіруші (импорттаушы) туралы мәліметтер, оның мекенжайы, өлшемі және өндірілген күні мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетілмеген. ЕАС бірыңғай белгісі жоқ (ТР ТС 007/2011, 9-бап, 2, 3, 8-тармақтар; 13-бап, 1-тармақ).
-№2260001067307618 16.04.2026 ж. – балалар майкасы, өндіруші: Түркия, 1 дана. Бұйымның атауы, өндіруші туралы мәліметтер, шыққан елі, өндірілген күні, өлшемі және құрамы мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетілмеген. ЕАС бірыңғай белгісі жоқ (ТР ТС 007/2011, 9-бап; 13-бап, 1-тармақ). - №2260001067307220 16.04.2026 ж. – сылдырмақ ойыншығы, өндіруші: Қытай, 1 дана. Ойыншықтың атауы, өндіруші туралы мәліметтер және өндірілген күні мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетілмеген. ЕАС бірыңғай белгісі және жас көрсеткіші жоқ (ТР ТС 008/2011, 4-бап, 5.3-тармақ; 7-бап, 1-тармақ).
- Қабылданған шаралар:
Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері мен Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарының талаптарына сәйкес келмейтін өнімді (тауарды) айналымнан алып қою және кері қайтарып алу жөніндегі жедел ден қою шарасын қолдану туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 2026 жылғы 28 сәуірдегі №1 ҚАУЛЫСЫ шығарылды.
Тергеп-тексеру барысында «Bingo Soft» киімге арналған кондиционер (шайғыш) мен «Johnsons Baby Aloe Vera» денеге арналған майының Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Жұлдыз-1 шағынауданы, 1/2 үй мекенжайында орналасқан «Коктем» ЖШС-нен сатып алынғаны анықталды.
«Доктор» ойыншығы мен сылдырмақ ойыншығы Алматы қаласы, Қонаев көшесі, 1-үй, Райымбек даңғылының қиылысы, 101-кеңсе мекенжайында орналасқан «Babyk» ЖК-нен сатып алынғаны анықталды. Пісіруге арналған пергамент Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Құрманғазы көшесі, 178/82 үй мекенжайында орналасқан «Green House Limited» ЖК-нен сатып алынғаны анықталды.
«LIMAX» балалар шұлықтары мен балалар майкасы Алматы қаласы, Бекболат көшесі, 1Б мекенжайында орналасқан «Оптовый Мир» ЖК-нен сатып алынғаны анықталды.