«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Ақмола облысы әкімі аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 14.10.2026 - 15.10.2026
Қабылдау 1 этап: 14.10.2026- 15.10.2026
Қабылдау 2 этап: 16.10.2026
Практикалық бағалау: 17.10.2026
Анықтама телефоны: 87162297231
D-O-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 327923
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Ақмола облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы энергетика және жылумен жабдықтау объектілерін пайдалану бөлімінің бас маманы, D-O- 4
Функционалдық міндеттері:
Жылумен қамтамасыз ететін кәсіпорындардың көліктің барлық түрлерімен жанармай тасу тарапынан жабдықтауын бақылау. Өңірлік көмір операторларымен, «ҚТЖ «ҰК» АҚ бөлімшелерімен көмірді жеткізу үшін вагондармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру бойынша өзара іс-қимыл жасау. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс шараларды тиісті аумақты дамыту жоспарына қосуды қамтамасыз ету. Өз құзыреті шегінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. Өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну нормативтерінің сақталуына мониторингті жүзеге асыру. Энергетика саласындағы цифрландыру процесін жүзеге асыру бойынша энергиямен және жылумен жабдықтаушы кәсіпорындарды мониторингілеу. Жобалау қызметін жүзеге асыру (жобалау басқармасы). Энергетика және жылумен жабдықтау саласындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың мемлекеттік бағдарламалары мен кешенді жоспарларын іске асыру бойынша талдамалық материалдар мен ақпараттар дайындау. Өз құзыреті шеңберінде жоғары тұрған органдардың және басқарма басшылығының құжаттарын, тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: инженерлік жүйелер мен желілер, жылу энергетикасы, электр энергетикасы
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; жұмыс өтілі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.