«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 600-бабының 6-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025 жылғы 17 қазандағы№ 517/НҚ бұйрығына сәйкес, Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған Қамысты ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймақтарға бөлу коэффициенті бекітілсін.
2.«Қамысты ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі»мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
2) осы қаулыны Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыру.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі