«Ауданның учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №16-6 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    ·

    «Ауданның учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №16-6 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық занының 10-бабының 3-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 19-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Ауданның учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №16-6 шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
    1. № 218 учаскелік сайлау комиссиясы құрамына:

    1) Санаева Асель Мелисовна - «Respublika» қоғамдық бірлестігінен (одан әрі - «Respublika»);

    2) Беримкулова Каракоз Канатовна - «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінен (одан әрі - «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» енгізілсін.

    Комиссия құрамынан Архабаева Ж.М., Елемесова А.К., шығарылсын.

    № 219 учаскелік сайлау комиссиясы құрамына:

    • Есеналиев Ержан Кадыржанович - «АМАNАТ» Партиясы» қоғамдық бірлестігінен (одан әрі - «АМАNАТ») енгізілсін.

    Комиссия құрамынан Муздыбаев М.М., шығарылсын.

    № 223 учаскелік сайлау комиссиясы құрамына:

    1) Байгелова Алия Сатыбалдиевна - «AMANAT»;

    2) Сулейман Назерке Жорабекқызы - «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігінен (одан әрі - «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы») енгізілсін.

    Комиссия құрамдарынан Чарипбеков Т.К., Ерменов М.С., шығарылсын.

    № 242 учаскелік сайлау комиссиясы құрамынан:

    • Агибаева Алия Аширбековна;
    • Рамазанова Венера Мухамбеткалиевна., шығарылсын.

    № 512 учаскелік сайлау комиссиясы құрамына:

    1) Джунусова Макпал Кайратовна - «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінен (одан әрі - «Ардагерлер ұйымы») енгізілсін;

    Комиссия құрамынан Балибаев Д.М., шығарылсын.

    № 513 учаскелік сайлау комиссиясы құрамына:

    • Нургалиев Куанышбек Абдикадирович - «AMANAT» енгізілсін.

    Комиссия құрамынан Насыр Т.Т., шығарылсын.

    1. Жаңадан құрылған №530 учаскелік сайлау комиссиясымен толықтырылсын.

    № 530 учаскелік сайлау комиссиясы құрамына:

    1) Наресбаева Назира Кудайбергеновна - «Respublika»;

    2) Абильдаев Бахыт Жаканович - «Ақ жол»;

    3) Кенесбаева Гульден Жаксылыковна - «Қазақстан Халық Партиясы»;

    4) Игиликова Гулим Маулетхановна - «Ардагерлер ұйымы»;

    5) Агибаева Алия Аширбековна - «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы»;

    6) Рамазанова Венера Мухамбеткалиевна - «Ауыл»

    7) Жоламанова Ляззат Ермековна - «AMANAT» енгізілсін.

    Қордай аудандық

    мәслихатының төрағасы Н.Садыков