Абай облысы аумақтық сайлау комиссиясының
2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 14 «Абай облысы мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 14 «Абай облысы мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы» қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Абай облысы мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі № 1, № 2, № 3, № 4, № 5, № 6, № 7, № 8, № 9, № 10 және № 11 бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінде 11 округтік сайлау комиссиясы құрылсын.»;
көрсетілген қаулының 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. № 12, № 13, № 14 және № 15 бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінде округтік сайлау комиссиялары құрылмайтынын және олардың өкілеттіктерін тиісті аудандардың аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асыратынын айқындалсын.»
- Осы қаулы Абай облысының мәслихатына жолдансын.
- Осы қаулы Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын және «Семей таңы», «Вести Семей» газеттерінде жариялансын.
Төраға |
Г. Жігітбаева |
Хатшы |
Б. Төкенов |