Қостанай облысының білім беру саласының дамуы туралы ақпарат

    ·

    Қостанай облысының білім беру

    саласының дамуы туралы ақпарат

    2026 жылы білім беру саласының бюджеті 227,5 млрд. теңге құрайды.

    Білім беру желісі 732 ұйымнан (654 мемлекеттік, 79 жекеменшік) құралған: 172 балабақша (113 мемл., 59 жекеменшік), 432 жалпы білім беретін мектеп, 4 кешкі мектеп, 1 – түзету мекемесі жанындағы, 9 жекеменшік жалпы білім беретін мектеп, 33 техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (24 мемлекеттік, білім басқармасы, денсаулық сақтау басқармасына қарасты 2 және 7 жекеменшік), 26 арнайы білім беру ұйымы (5 арнаулы мектеп және мектеп-интернат, 17 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 4 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация), жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 7 білім беру ұйымы, 49 қосымша білім беру ұйымы (46 мемлекеттік, оның ішінде 3 жекеменшік – Балалар инклюзивті академиясы, «Болашақ», «Строитель» қала сыртындағы лагерьлері).

    Мектепке дейінгі тәрбиелеу.

    2026 жылғы сәуір айына облыста 172 балабақша, оның ішінде 59 жекеменшік, 293 шағын орталық, оның ішінде 7 жекеменшік.

    Мектепке дейінгі ұйымдарға 2 жастан 6 жасқа дейін 1 428 бала кезекте тұр. Балабақша кезегінде 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың ең көп саны мына өңірлерде сақталған: Рудный қ. – 695, Қостанай ауданы – 273, Арқалық қ. – 219, Әулиекөл ауданы – 125, Жітіқара ауданы – 105.

    2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 96,5%-ы қамтылған. 2025 жылы 940 орынға арналған 6 жаңа балабақша пайдалануға берілді (3 – мемлекеттік, 3- жекеменшік).

    Жалпы орта білім.

    Жалпы орта білім беру ұйымдарының желісіне 452 мектеп кіреді, соның ішінде 432(2024-2025 о.ж.-436) күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп, 6 мемлекеттік арнайы білім беру ұйымы (ҚОӘББ «Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған «балабақша-мектеп-интернат» Қостанай арнайы кешені» КММ, ҚОӘББ «№2 Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған «балабақша-мектеп-интернат» Қостанай арнайы кешені» КММ, ҚОӘББ «Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған Арқалық арнайы мектеп-интернаты» КММ, ҚОӘББ «Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған Лисаков арнайы мектеп-интернаты» КММ, ҚОӘББ «Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған Рудный арнайы мектебі» КММ, ҚОӘББ «Рудный қаласының ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығы» КММ), 4 кешкі (2024-2025 о.ж.-4), 1 – түзеу мекемесінің жанында, 9 жекеменшік (2024-2025 о.ж.-9) мектеп. Күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің жалпы санынан 112 қазақ тілінде оқытатын мектеп, 105 аралас мектеп.

    Өңірде шағын жинақталған мектеп саны 277 немесе 64,1% (2024-2025 о.ж. - 63%) басым екенін ескере отырып, оқу бағдарламаларын ойдағыдай игеру үшін бүгінгі таңда 21 ресурстық орталық, 63 бекітілген мектеп жұмыс істейді.

    Қосымша білім беру.

    2026 жылғы мамырдағы жағдай бойынша Қостанай облысында 95,3% немесе 107 932 бала қосымша біліммен қамтылған (қайталанбастан).

    Облыста 33 мыңнан астам баланы қамтитын 49 қосымша білім беру ұйымы бар, оның ішінде: 46 мемлекеттік(сарайлар, үйлер, балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталықтары - 21, музыка мектептері - 6, көркемөнер мектептір – 3, өнер мектептері - 10, хореографиялық мектептер - 1, техникалық шығармашылық мектептері - 1, аула клубтары - 1, оқу-әдістемелік орталықтар - 1, саяжай лагерлері - 2), 3 жекеменшік(Балалар инклюзивті академиясы, «Болашақ» және «Строитель» лагерлері).

    3848 мектеп үйірмесі (2290) мен спорт секциясында (1558) 50мыңнан астам (50752) бала қызығушылықтары мен бейімділігі бойынша айналысады (қайталанбастан). Сонымен қатар облыста балалар мен жасөспірімдерге арналған 30 спорт мектебі істейді, онда 18 мыңнан астам бала айналысады.

    2026 жылы балаларды қосымша біліммен қамту үшін мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырысқа 2,4 млрд. теңге бөлінді (DamuBala платформасы), 11 мыңға жуық бала қамтылды (10 500).

    2025 жылдың қорытындысы бойынша білім басқармасы 5 қосымша білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасын нығайту үшін 210 млн.теңгеден астам қаражат бөлді: Қостанай ауданының Музыка мектебі мен Балалар шығармашылығы үйі, Әулиекөл ауданының Достық балалар сауықтыру мәдени кешені, Арқалық қаласының «Жас-Ұлан» балалар-жасөспірімдер орталығы, Лисаков қаласының балалар және жасөспірімдер шығармашылығы орталығы.

    2026 жылы Жангелдин ауданында Шығармашылық үйінің ашылуы жоспарланған.

    Қорғаншылық пен қамқоршылық және арнайы білім беру ұйымдары.

    Облыс аумағында ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар 9 509 бала (2023 ж. – 9793, 2024 ж. - 9432) тұрады, оның ішінде 9 081 бала оқытылуға тиіс.

    Арнайы білім беру ұйымдарының желісі 27 ұйымнан тұрады: 6 арнайы мектеп және мектеп-интернат, 17 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 4 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация.

    1 -ден 11 -сыныпқа дейінгі 489 бала жеке бағдарламалар бойынша үйде оқиды.

    3666 (2023-2024 оқу жылы.- 3912, 2024-2025 оқу жылы – 3743, 2025-2026 оқу жылы - 3666 ) бала 350 жалпы білім беретін мектепте инклюзивті білім берумен қамтылды.

    30 жалпы білім беретін мектеп пен 1балабақшада 31 инклюзияны қолдау кабинеті жұмыс істейді, онда ерекше білім беру қажеттіліктері бар 392 балаға қолдау көрсетіледі.

    Облыстың 6 арнайы білім беру ұйымында (ҚР-да-99) 962 тәрбиеленуші оқиды, жалпы білім беретін мектептердің 95 арнайы сыныбында 682 оқушы арнаулы бағдарламалар бойынша оқиды (оның ішінде ПДК-602, ББ-32, сөйлеу қабілеті бұзылған-42, көру қабілеті бұзылған-6).

    Бүгінгі күні 432 мектептің ішінен 417 мектепте (96,5%), 113 балабақшаның ішінен 100 балабақшада (88,5%) және 26 колледждің ішінен 26 колледжде (100%) инклюзивті білім беру үшін жағдайлар жасалған (кедергісізқол жеткізу, мамандармен жасақтау, тиісті материалдық-техникалық базаны нығайту).

    17 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде (ҚР-да-227) 680 балаға қолдау көрсетіледі (2021-2022 о.ж.-622).

    Соңғы 3 жыл ішінде 6 жастан 18 жасқа дейінгі жалпы білім беретін мектептерде (оның ішінде үйде оқытылатын) оқитын ерекше балаларға, еріп жүретін адаммен бірге «Хатико» жекеменшік қаладан тыс оңалту орталығының базасында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қалалар мен аудандардың білім бөлімдері жазғы демалыс және сауықтыру ұйымдастырады.

    2025 жылғы жаз мезгілінде облыстың 12 өңірінен 391 бала еріп жүрушілермен бірге жалпы 53,4 млн. теңге сомаға (2022ж. - 12 млн. 100 бала және 100 еріп жүруші, 2023 ж. - 29 млн. астам сомаға 292 бала) демалды.

    Облыста 1 561 жетім және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұрады (2021ж. - 1870, 2022ж. - 1764, 2023ж. - 1699, 2024 ж. – 1659, 2025 ж.-1587). Соның ішінде 1 005 бала қорғаншылық пен қамқоршылыққа берілген (2021ж.-1240, 2022ж.-1198, 2023ж.-1193, 2024 ж.-1034), 184 - қазақстандық азаматтардың отбасыларына патронаттық тәрбиеге берілген (2021ж.-192, 2022ж.-185, 2023ж.-181, 2024ж. – 185, 2025ж.-186), 9 бала асырап алынды (2021ж.-19, 2022ж.-18, 2023ж.-17,2024ж.-17, 2025ж.-9), жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 7 ұйымда 363 кәмелетке толмаған тұрады.

    Техникалық және кәсіптік білім беру

    Облыстың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының желісі 33 колледжден тұрады (24 мемлекеттік білім басқармасының, 2 денсаулық сақтау басқармасының, 7 жекеменшік)
    21 мыңнан (21 995) астам студент оқиды. Дуальды оқыту аясында 30 (91%) колледжде 7 мың студент (7639) немесе39% ауыл шаруашылығы,көлік,құрылыс,тамақ, тау-кен өндіру салалары,қызмет көрсету,білім беру,байланысжәнеақпараттықтехнологиялар,энергетика салалары бойынша кадрларды даярлау жүргізіледі.

    2025-2026оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 6721 адам қабылданды (оныңішінде кәсіпорындардың нысаналы тапсырысы бойынша - 1582). 2024-2025 оқу жылының ұқсас кезеңінде мемлекеттік тапсырыс 6489 адамды құрады (оныңішінде кәсіпорындардың нысаналы тапсырысы бойынша – 1237 адам).

    Қазіргі уақытта 23 жатақхана жұмыс істейді (21-і мемлекеттік колледждерге және 2-і жекеменшік колледждерге тиесілі). Жатақханаларда жалпы 2742 студент орналастырылған.

    Кадрлық қамтамасыз ету.

    Қостанай облысының жалпы білім беретін мектептерінде 14 894 педагог істейді, оның ішінде жоғары білімі бар – 13 384, бұл 90%, арнайы орта – 1510, немесе 10,1%. 1264 (8,4%) педагогтің академиялық магистр дәрежесі бар.

    Қолданыстағы формат бойынша 14 845(99%) педагогтің біліктілік санаттары бар, «педагог-шебер» - 97(0,65%), «педагог-зерттеуші» - 2 185 (14,6%), «педагог-сарапшы» - 3 660(24,5%), «педагог-модератор» - 5516(37%).

    Мектепке дейінгі балалар ұйымдарында 3 405 педагог жұмыс істейді, оның ішінде жоғары білімі бар – 1 845(54,1%), арнайы орта білімі бар – 1 560(45,8%), оның ішінде мектепке дейінгі арнайы білімі бар – 1 375 (40,3%). 46 (1,3%) педагогтің академиялық магистр дәрежесі бар.

    Қолданыстағы формат бойынша 3 334(98%) педагогтің біліктілік санаттары бар, оның ішінде «педагог-шебер» - 1 (0,2%), «педагог-зерттеуші» - 128 (3,8%), «педагог-сарапшы» - 360 (11%), «педагог-модератор» - 1 689 (49,6%).

    Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған арнаулы ұйымдарда және білім беру ұйымдарында 734 педагог жұмыс істейді, оның ішінде 694 жоғары білімі бар, бұл 94,5%, 40 педагогтің арнайы орта білімі бар, бұл 5,4% құрайды. 115(15,6%) педагогтің магистр академиялық дәрежесі бар.

    Қолданыстағы формат бойынша 715(97,4%) педагогтің біліктілік санаттары бар, оның ішінде «педагог-шебер» - 6(0,81%), «педагог-зерттеуші» - 113(15,3%), «педагог-сарапшы» - 98(13,3%), «педагог-модератор» - 320(43,5%).

    Құрылыс және жөндеу жұмыстары.

    2026 жылы аяқталу мерзімімен жалпы 1 980 орындық2 мектептің құрылысы жалғасуда (Қостанай қаласының Береке шағын ауданында – 980 орын және Қонайда – 900 орын).

    Білім алушылар үшін қолайлы әрі қауіпсіз оқу жағдайларын жасау мақсатында,2026 жылы білім беру саласының 7 нысанына(6 мектеп, 1 колледж) күрделі жөндеу жүргізуге 2,2млрд теңге бөлінді
    (Жітіқара ауданының гимназиясы, Әулиекөл ауданының Диев ЖББМ, Арқалық қаласының №5 ЖББМ, Қостанай қаласының №122 негізгі орта мектебі, Федоров ауданының Кенарал ЖББМ, Қарабалық ауданының Боскөл орта мектебі, Лисаков техникалық колледжі).

    Аталған 7 нысанның 5-еуі 2025 жылдан ауысып отыр
    (Жітіқара ауданының гимназиясы, Әулиекөл ауданының Диев ЖББМ, Арқалық қаласының №5 ЖББМ, Қостанай қаласының №122 негізгі орта мектебі, Федоров ауданының Кенарал ЖББМ)2025 жылға жоспарланған жұмыстар толық аяқталды, ал қалған жұмыстар биыл жалғастырылады. Бүгінгі күні Қостанай қаласының № 122 НОМ жөндеу 100% аяқталды.

    Екі жылдық жобалардың биыл жүргізілетін жұмыстары басталды.

    Қауіпсіздік

    2026 жылы білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік жүйелеріне (дабыл түймесі, турникеттер, бейнебақылау), сондай-ақ мамандандырылған күзет қызметтеріне 2,5 млрд теңге бөлінді.

    Анықтама: 2025 жылы қауіпсіздікті нығайтуға 3,0 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді, оның ішінде лицензияланған күзетті енгізуге – 1 279,8 млн теңге, бейнекамераларды Жедел басқару орталығына (бұдан әрі – ЖБО) шығаруға – 491,1 млн теңге, қауіпсіздік жүйелеріне қызмет көрсетуге – 580,1 млн теңге, бейнебақылау жүйелерін (цифрлық камералар) жаңартуға – 730,5 млн теңге.

    83 (100%) балабақшада бейнебақылау жүйесі ЖБО-ға және кезекші бөлімге (бұдан әрі – КБ) шығарылған, 83 (100%) мекемеде дабыл түймесі орнатылған, 74 (100%) балабақшада лицензияланған күзет енгізілген, 74 (100%) мекемеде домофон жүйесі орнатылған.

    301 (100%) мектепте бейнебақылау жүйесі ЖБО мен КБ-ға шығарылған, 301 (100%) мектепте дабыл түймесі орнатылған, 135 (100%) мектепте лицензияланған күзет енгізілген, 135 (100%) мектепте турникеттер бар.

    24 (100%) колледжде бейнебақылау жүйесі ЖБО мен КБ-ға шығарылған, 24 (100%) колледжде дабыл түймесі орнатылған, 23 (100%) колледжде лицензияланған күзет енгізілген, 23 (100%) колледжде турникеттер бар.

    23 (100%) қосымша білім беру ұйымында бейнебақылау жүйесі ЖБО мен КБ-ға шығарылған, 23 (100%) ұйымында дабыл түймесі орнатылған, 23 (100%) ұйымында лицензияланған күзет енгізілген, 23 (100%) ұйымында турникеттер бар.

    Цифрландыру.

    2026 жылғы қаңтар жағдайына Интернет желісіне мектептердің 100% қосылған (2023 ж. жоспар - 100%, 2024 ж. жоспар – 100%, 2025 ж. жоспар - 100%).

    Қазіргі уақытта облыстың барлық 432 мектебі жылдамдығы секундына 20 Мбиттен бастап және одан да жоғары интернетпен қамтамасыз етілген, оның ішінде 156 ауыл мектебі (2 мамандандырылған мектепті қос алғанда: ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған Лисаков және Арқалық арнайы мектеп-интернаттары) Starlink спутниктік интернет пайдаланады.

    Қостанай облысы бойынша барлығы 37 мыңнан астам (37 421) компьютер техникасы бар, оның ішінде 6 215 компьютер немесе 16,6% жаңа модификацияда, 31 206 компьютерді немесе 83,4% есептен шығару қажет.

    Ұқсас материалдар

    Конкурстар

    Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ 110000, Қостанай қ , Гоголя көшесі, 75, анықтама телефоны: 8 (7142)390843, 8-705-668-71-77, электрондық мекенжайы: [email protected] 27.07.2026 ж "А" блогы бос азаматтық лауазымға орналасуға конкурс жариялайды». Қостанай облысы әкiмдiгi бiлiм басқармасының «Рудный құрылыс және көлік колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры (А1-2 санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 202808 теңгеден 245988 теңгеге дейін.

    Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ 110000, Қостанай қ , Гоголя көшесі, 75, анықтама телефоны: 8 (7142)390843, 8-705-668-71-77, электрондық мекенжайы: [email protected] 27.07.2026 ж "А" блогы бос азаматтық...

    Жарияланды:
    Конкурстар

    Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ 110000, Қостанай қ , Гоголя көшесі, 75, анықтама телефоны: 8 (7142)390843, 8-705-668-71-77, электрондық мекенжайы: [email protected] 27.07.2026 ж "А" блогы бос азаматтық лауазымға орналасуға конкурс жариялайды». Қостанай облысы әкiмдiгi бiлiм басқармасының «Қазақстан агротехникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры (А1-2 санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 202808 теңгеден 245988 теңгеге дейін.

    Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ 110000, Қостанай қ , Гоголя көшесі, 75, анықтама телефоны: 8 (7142)390843, 8-705-668-71-77, электрондық мекенжайы: [email protected] 27.07.2026 ж "А" блогы бос азаматтық...

    Жарияланды:
    Конкурстар

    Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ 110000, Қостанай қ , Гоголя көшесі, 75, анықтама телефоны: 8 (7142)390843, 8-705-668-71-77, электрондық мекенжайы: [email protected] 27.07.2026 ж. "А" блогы бос азаматтық лауазымға орналасуға конкурс жариялайды». Қостанай облысы әкiмдiгi бiлiм басқармасының «Жітіқара политехникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры (А1-2 санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 202808 теңгеден 245988 теңгеге дейін.

    Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ 110000, Қостанай қ , Гоголя көшесі, 75, анықтама телефоны: 8 (7142)390843, 8-705-668-71-77, электрондық мекенжайы: [email protected] 27.07.2026 ж. "А" блогы бос азаматты...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Білім басқармасында облыстық білім беру ұйымдарының басшылары, қалалар мен аудандардың білім бөлімдерінің басшылары арасында парасаттылық мәдениетін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің жауапкершілігін арттыру тақырыбында онлайн-семинар өткізілді.

    Білім басқармасында облыстық білім беру ұйымдарының басшылары, қалалар мен аудандардың білім бөлімдерінің басшылары арасында парасаттылық мәдениетін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және мемлекет...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қостанай облысы білім басқармасының Азаматтық бюджеті. 2026 жыл

    Қостанай облысы білім басқармасының Азаматтық бюджеті. 2026 жыл Атау Бір жылға арналған жоспар 1 Басқарма (аппарат және әдістемелік орталық) 1 254 821,0 2 Балабақшалар 31 690 725,1 3 Мектептер 144 495 395,3 4 Жекеменшік...

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ТҰРУ

    Жарияланды:
    Баспасөз-хабарлама

    Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

    Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 8) т...

    Жарияланды:
    Баспасөз-хабарлама

    2026-2027 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

    2026-2027оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Занының 6-бабы 2-тарм...

    Жарияланды: