Қызылорда облысы бойынша 2026 жылдың 1 қазанына бюджет түсімдері 100,2 пайызға орындалды (болжам 579484,0 млн.теңге, нақты түскені 580680,2 млн.теңге), оның ішінде бюджеттің өз кірістері 101,1 пайызға орындалды (болжам 110545,9 млн.теңге, түскені 111746,6 млн.теңге), артық түскені 1196,2 млн.теңге.
Республикалық бюджеттен 414161,8 млн.теңге нысаналы трансферттер алынды (99,9100 пайыз), оның ішінде субвенция – 395090,5 млн.теңге (100пайыз), нысаналы даму трансферттер – 19071,3 млн.теңге (100 пайыз).
2026 жылдың 1 қазанына Қызылорда облысы бюджетінің шығындар жоспары 100 пайызға орындалды (жоспар 553594,6 млн.теңге, орындалғаны 553508,3 млн.теңге). Игерілмегені 86,3 млн.теңге, оның ішінде: аудандар мен Қызылорда қаласы бойынша шығындар жоспарының атқарылуы төмендегідей болды:
Арал ауданында – 100 % орындалып, 4,1 млн.теңге;
Қазалыда – 100 % орындалып, 1,5 млн.теңге;
Қармақшыда – 100 % орындалып, 2,0 млн.теңге;
Жалағашта – 99,9 % орындалып, 3,2млн.теңге;
Сырдарияда – 100% орындалып, 0,4 млн.теңге;
Шиеліде – 100 % орындалып, 0,9 млн.теңге;
Жаңақорғанда – 100 % орындалып, 2,1 млн.теңге;
Қызылорда қаласында – 92,8 пайызға орындалып, 10168,7 млн.теңге игерілмеді.
Облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша бюджеттің атқарылуы 100 пайызды құрады, игерілмегені 62,3 млн.теңге.
Республикалық бюджет қаржысы жоспары 26294,6 млн.теңгенің 26291,5 млн.теңгесі немесе 100 пайызға игерілді, игерілмегені 3,1 млн.теңге (үнемделген қаржы).
Жергілікті бюджет қаражаты 100 пайызға игерілді, игерілмегені 83,2 млн.теңге (үнемделген қаржы).