«Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28 бап 3 тармағына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген кандидаттар және партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларға шарттық негізде баспасөз бетінен орын береді.
Қарағанды облысы «Абай аудандық «Абай ақиқат» газетінің редакциясы» ЖШС ішкі жолақтардағы (түстілерден басқа) баспа алаңының 1 шаршы см құны ҚҚС-ті есепке алмағанда 350 теңгені құрайтынын хабарлайды.
Әкімдікке кандидатқа үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыру үшін берілетін газет алаңы газетпен жасалған жазбаша шарттың негізінде жүзеге асырылады.
Үгіттік баспа материалдары газет редакциясына модульдер немесе мақалалар түрінде дайын басып шығарылған күйде (әрбір параққа кандидаттың немесе оның сенім білдірген адамының қолы қойылып) немесе электрондық жеткізгіште газет шығатын күнге дейін 1 (бір) жұмыс күні бұрын ұсынылады.
Баспа материалдарын орналастыру кезектілігін газет редакциясы жазбаша өтініштердің түсу ретімен белгілейді. Бір мезгілде бірнеше кандидаттар мен саяси партиялардан өтініштер түскен жағдайда, газет редакциясы жеребе тастайтын болады. Жеребе тастауға кандидаттың уәкілдері, және даудың тәуелсіз тарабы ретінде БАҚ өкілі мен баспа материалдарын орналастыру кезектілігіне дау айтатын саяси партияның өкілдері қатысады.
Үгіттік баспа материалдары газет бетінде шықаннан кейін газет редакциясының есеп-шот берген күннен бастап 5 (бес) банктік күн ішінде түсу ретіне қарай 100 пайыз төлем жасайды.
Еске саламыз, кенттік, ауыл, ауылдық округтерге әкімдікке сайланатын кандидаттардың сайлауалды материалдарында қаржыландыру көзі жайлы ақпараттар болуы тиіс.
«Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Заңына мазмұны сәйкес келмейтін мәтіндер жарияланбайды.
«Абай аудандық «Абай ақиқат» газетінің редакциясы» ЖШС