Шешім жобасы
Саран қаласы мен Ақтас кентінде тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "халық үшін тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 бұйрығына сәйкес қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге", Саран қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Саран қаласы мен Ақтас кентінде тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының "Саран қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" 2023 жылғы 27 маусымдағы № 38 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3.Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы
Жобаға шешімге қосымша
Саран қалалық
мәслихат
бастап "__" ______ 2026 жыл
№ ___
Саран қаласы мен Ақтас кенті бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған халық үшін тарифте
№ |
Атауы |
есеп айырысу бірлігі |
Тенге (қосымша құн салығынсыз) |
1 |
Абаттандырылған үй иелері |
1 тұрғыннан айына |
423 |
2 |
Абаттандырылмаған үй иелері |
1 тұрғыннан айына |
576 |
3 |
Бірлікке жылдық тариф (көлемі) |
1 м3 |
3656 |