56/540
2026 жылғы 7 қазандағы
Осакаров аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 42/417 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Осакаров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осакаров аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 42/417 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2, 3, 4 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға келесідей көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 6 991 858 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 3 520 192 мың теңге;
салықтық еместүсімдер –45 688 мың теңге;
негізгі капиталдысатудантүсетін түсімдер – 2 100 мың теңге;
трансферттер түсімі – 3 423 878 мың теңге;
2) шығындар - 7 130 917 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 68 435 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер –196 788 мың тенге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 128 353 мың тенге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0 теңге, оның iшiнде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0теңге;
5) бюджет тапшылығы(профициті) - - 207 494 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 207 494 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі -196 788 мың теңге;
қарыздарды өтеу -130 809 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары -141 515 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1, 4 қосымшалары осы шешімнің 1, 2 қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасыК.Саккулаков