Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижесі бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жататын лауазымдар тізбесі
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау объектісі: «Шалқар аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жататын лауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін құрайтын лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің деңгейі |
Бөлім басшысының орынбасары |
Әлеуетті өнім берушілерден конкурсқа қатысушы өнім берушінің біліктілік талаптары және (немесе) конкурстық баға ұсынысына әсер ететін құжаттар бойынша анық емес ақпаратты беру фактісі туралы шағымдар түскен жағдайда, өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында, тиісті жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан қажетті ақпараттар жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратылады. Сұратылған қажетті ақпараттар жеке немесе заңды тұлғалардан үш жұмыс күні ішінде келіп болмауына байланысты Қағиданын 592 тармағында көзделген мерзімдердің бұзылуына әкеп соғады. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидасында көрсетілген мерзімдердің сақталмауынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін. |
Фактілер анықталған жоқ |
Төмен |
Бас маман |
Қазақстан Республикасы Премьер -Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №721 бұйрығымен бекітілген «Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдік тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын рәсімдеу қағидасын бекіту туралы» қағидасына сәйкес мемлекеттік мекемелердің немесе оған бағынысты ұйымдардың теңгеріміндегі жарамсыз болған, тозығы жеткен негізгі құралдарды есептен шығару кезінде құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну кезінде, ұсынылған құжаттардан бас тартылған жағдайда немесе бекітілген құжаттар пакеті қағаз жеткізгіш түрінде жүргізіліп келеді. Бөлім қызметкерлерінің жеке және заңды тұлғалармен, сондай-ақ басқа да мүдделі тұлғалармен тікелей байланысы болуына байланысты, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасау тәуекелі болуы мүмкін. |
Фактілер анықталған жоқ |
Төмен |
Бас маман |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің № 1083 бұйрығы Мемлекеттік бюджеттің атқарылуы мен операциялардың заңдылығына бірінші басшылар мен қаржылық құқығы бар тұлғалардың дербес жауапкершілігін талап етеді. «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесіне кіру кезінде биометриялық сәйкестендіруді енгізу – мемлекеттік қаржы саласындағы киберқауіпсіздікті нығайтады, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады және бюджет қаражатының жұмсалуын бақылаудың толық ашықтығын қамтамаыз етеді. |
Фактілер анықталған жоқ |
Төмен |
«Шалқар аудандық қаржы бөлімі» ММ басшысы Д.Бекмағамбетова