АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты»

    «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты» КММ Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабына және шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу Қағидаларына сәйкес, 10 жыл мерзімге мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдеріне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша қайталама конкурс өткізеді.

    «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты» КММ хабарландыруды (мәлімдемені) алғашқы жариялаған күннен бастап он бес күнтізбелік күн өткен соң қайталама конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдауды бастайды. Осы конкурсқа қатысуға өтінімдер өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қабылданады. Өтінімдерді қабылдау кезеңі 2026 жылғы 27 қазаннан бастап 2026 жылғы 09 қарашаны қоса алғанда жүзеге асырылады. Конкурстың аяқталған күні конкурс қорытындылары шығарылатын күн болып есептеледі. Конкурс қорытындылары конкурсқа қатысуға өтінімдер беру мерзімі аяқталғаннан кейінгі күні шығарылады.

    Конкурсты өткізу күні, уақыты және орны: конкурс қорытындылары 2026 жылғы 10 қарашада сағат 10:00-де Тайынша ауданы әкімдігінің ғимаратында, СҚО, Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 197, 3-қабат мекенжайы бойынша мәжіліс залында шығарылады.

    Конкурстың шарттары :

    Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі қайталама конкурсқа қатысуға өтінім міндетті түрде тіркеу нөмірі беріліп және өтінім берушіге хабарлама беріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қағаз жеткізгіште немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беріледі.

    Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі қайталама конкурсқа қатысуға өтінімде болу керек:

    1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

    2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

    3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер телімінің орналасқан жері;

    4) конкурстық ұсыныс;

    5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттемелер.

    Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі қайталама конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.

    Конкурстық ұсыныста болу керек:

    1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);

    2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;

    3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын және жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

    Конкурстық ұсынысты қайталама конкурсқа қатысушы жабық конвертте, соңғы беті: қатысушының қолымен куәландырылатын беттері нөмірленген тігілген түрде басылған немесе өшпейтін сиямен жазылған ұсынады «электрондық үкімет» веб – порталы арқылы берілген жағдайларды қоспағанда, - жеке тұлғалар (немесе сенім білдірілген адам) үшін және бірінші басшының (немесе сенім білдірілген адамның) қолымен және заңды тұлғалар үшін – мөрмен (ол болған кезде). Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс» және «2026 жылғы 10 қарашаға дейін бұрын ашпау» деген жазу көрсетіледі.

    Жер кодексінің 43-1-бабының 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі қайталама конкурсқа қатысуға өтінім қабылданбауға жатады.

    Жер комиссиясы конкурстық ұсыныстарды бағалайды, салыстырады және конкурстық өтінім жеңімпазын айқындайды.

    Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстық ұсыныстар мен конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде ұсынылған конкурстық ұсыныстар мен өтінімдердің мәнін қозғамайтын грамматикалық және арифметикалық қателер назарға алынбайды, оларды түзетуге болады.

    Жер комиссиясы барлық өтінімдерді олардың сәйкестігі, толықтығы, есептеулердегі қателіктердің болуы, құжаттардағы барлық қолтаңбалар тұрғысынан зерделейді, сондай-ақ тұтастай ресімдеудің дұрыстығын тексереді, өтінімдерді бизнес-жоспар бойынша, оның ішінде конкурстық ұсыныста көрсетілген инвестициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру жолымен бағалайды, салыстырады.

    Ұпайлар міндеттемелердің келесі критерийлері бойынша беріледі:

    • жер телімін жалға алудың алғашқы бес жылында 1 гектарға салынатын инвестициялардың болжамды көлемі, мың теңге:

    суарылмайтын егістікке:

    50-ге дейін– 1 балл;

    50-ден 70-ке дейін – 2 балл;

    70 -тен 90-ға дейін – 3 балл;

    90 -нан 110-ға дейін – 4 балл;

    110-нан жоғары – 5 балл;

    жайылымдық және шабындық жерлерге:

    5 -ке дейін– 1 балл;

    5-тен 10-ға дейін – 2 балл;

    10-нан 20-ға дейін – 3 балл;

    20-дан 30-ға дейін – 4 балл;

    30-дан аса – 5 балл;

    2) жайылымдық жерлерге - ауыл шаруашылығы жануарлары басының болуы:

    50-ден аз ірі қара, жылқы, түйе - 5 балл;

    50 және одан да көп бас ірі қара, жылқы, түйе – 10 балл;

    300-ден аз ұсақ мал басы - 5 балл;

    • не одан да көп ұсақ мал басы- 10 балл;

    3) меншіктегі ауыл шаруашылығы техникасының болуы:

    5 бірліктен кем-5 балл;

    5 және одан көп бірлік-10 балл;

    4) Технологиялық жабдықтың болуы:

    1 бірлік-1 балл;

    2 және одан көп бірлік-3 балл;

    5) ауыл шаруашылығы саласында білікті мамандардың болуы:

    5 білікті маманнан кем-5 балл;

    5 және одан да көп білікті мамандар-10 балл.

    Осы ауданда, қалада, ауылда, кентте кемінде 5 жыл тұратын адамдарға олардың конкурстық ұсыныстарына қосымша 10 балл беру түрінде артықшылық беріледі.

    Ауыл шаруашылығы кооперативтеріне олардың конкурстық ұсыныстарына қосымша 5 балл беру түрінде артықшылық беріледі

    Қосымша балл берген кезде жер комиссиясының мүшелері қатысушылар ұсынған растайтын құжаттарды басшылыққа алатын болады.

    Ең жоғары балл жинаған қатысушы жеңімпаз деп танылады.

    Екі немесе одан да көп конкурстық ұсыныстардың балдары тең болған кезде қайталама конкурстың жеңімпазы комиссия мүшелерінің ашық дауыс беруі жолымен айқындалады.

    Бұл жағдайда комиссия мүшелерінің көпшілік дауысын және ең жоғары балл жинаған қатысушы жеңімпаз деп танылады.

    Конкурсты өткізу тәртібі туралы мәліметтерді және қосымша ақпаратты Тайынша ауданы әкімініңwww.tsh.sko.gov.kz «СҚО Тайынша ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» КММwww.ozo-tsh.sko.gov.kz, сайтында немесе
    8 (71536) 2-26-97, 2-21-85 тел. бойынша алуға болады.

    Конкурсқа шығарылатын жер телімдерінің тізбесі

    Жер телімдерінің сипаттамасы

    Алқаптардың құрамы (суарылмалы емес)

    Бонитет баллы

    Жалпы алаңы, га

    Топырақтардың сапалық сипаттамасы

    Орналасқан жері

    Өңірдің ауыл шаруашылығына мамандануы

    Сумен қамтамасыз етілуі

    Лот № 1

    Егістік – 405 га, табиғи жайылым. – 6 га, жолдар 6 га

    31,6

    412

    Дала аймағы, топырақ түрі-черноземы южные

    Алабота ауылдық округі

    Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы

    Жоқ

    Лот № 2

    Егістік – 783 га, табиғи жайылым. - 38 га, жолдар – 3 га

    32,6

    824

    Дала аймағы, топырақ түрі-оңтүстік қара топырақтар

    Алабота ауылдық округі

    Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы

    Жоқ

    Лот № 3

    Егістік – 1841 га, табиғи жайылым – 22 га, жолдар – 4 га

    29,2

    1867

    Дала аймағы, топырақ түрі-оңтүстік қара топырақтар

    Алабота ауылдық округі

    Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы

    Жоқ

    Лот № 4

    Егістік –430 га, табиғи жайылым-13 га, жолдар – 2 га

    25,9

    445

    Дала аймағы, топырақ түрі-оңтүстік қара топырақтар

    Алабота ауылдық округі

    Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы

    Жоқ

    Жүктеу
    ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ КГУ «Аппарат акима Тайыншинского района Северо-Казахстанской области»
    DOCX · 21 КБ
    Жүктеу
    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты»
    DOCX · 22 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    2026 жылдың 30.10 жағдай бойынша Жамбыл ауданы бойынша жер учаскелерін беру туралы ақпарат

    2026 жылдың 30.10 жағдай бойынша Жамбыл ауданы бойынша жер учаскелерін беру туралы ақпарат № Атауы Орналасқан орны Нысаналы мақсаты Жер пайдалану құқығы (меншік құқығы) Жалпы ауданы Мерзімі, жыл Нормативтік актінің күні...

    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының босалқы жерлерінен шаруа немесе фермер қожалығын немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін, уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру"...

    Ақпарат

    Ақпарат Жамбыл ауданы бойынша бос жер учаскелерінің болуы туралы 4 тоқсанға

    АқпаратЖамбыл ауданы бойынша бос жер учаскелерінің болуы туралы4 тоқсанға № п/п Аудан Жер учаскесінің орналасқан жері (ауылдық округ) саны учаскелер жалпы ауданы,га оның ішінде егістік кен орналар жайылым табиғи жайылымж...

    Ақпарат

    2026 жылдың 30.09 жағдай бойынша Жамбыл ауданы бойынша жер учаскелерін беру туралы ақпарат

    2026 жылдың 30.09 жағдай бойынша Жамбыл ауданы бойынша жер учаскелерін беру туралы ақпарат № Атауы Орналасқан орны Нысаналы мақсаты Жер пайдалану құқығы (меншік құқығы) Жалпы ауданы Мерзімі, жыл Нормативтік актінің күні...

    Ақпарат

    2026 жылдың 31.08 жағдай бойынша Жамбыл ауданы бойынша жер учаскелерін беру туралы ақпарат

    2026 жылдың 31.08 жағдай бойынша Жамбыл ауданы бойынша жер учаскелерін беру туралы ақпарат № Атауы Орналасқан орны Нысаналы мақсаты Жер пайдалану құқығы (меншік құқығы) Жалпы ауданы Мерзімі, жыл Нормативтік актінің күні...

    Ақпарат

    Хабарлама :Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі босалқы жерлерден шаруа

    Хабарлама Конкурсты ұйымдастырушы:Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі босалқы жерлерден шаруа, фермер қожалығын жүргізу немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер...

    Ақпарат

    2026 жылдың 31.07 жағдай бойынша Жамбыл ауданы бойынша жер учаскелерін беру туралы ақпарат

    2026 жылдың 31.07 жағдай бойынша Жамбыл ауданы бойынша жер учаскелерін беру туралы ақпарат № Атауы Орналасқан орны Нысаналы мақсаты Жер пайдалану құқығы (меншік құқығы) Жалпы ауданы Мерзімі, жыл Нормативтік актінің күні...

    Қорытынды

    Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының жергілікті атқарушы органдары қызметінің 2025 жылғы есебін жария талқылауды өткізу нәтижесі туралы қорытынды «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» КММ

    Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының жергілікті атқарушы органдары қызметінің2025 жылғы есебін жария талқылауды өткізу нәтижесітуралы қорытынды «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жер қатынастар...