ҚАУЛЫ
Семей қаласы № 5 « 08 » қазан 2026 жыл
Семей қаласы бойынша бірмандаттық аумақтық сайлау округтеріндегі мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларын құру туралы Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 44 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Абай облысы Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Абай облысы Семей қаласы аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 44 «Семей қаласы мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы» қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1- тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Семей қаласы мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі № 1, № 2, № 3, № 4, № 5, № 6, № 7, № 8, № 9, № 10, № 11, № 12, № 13, № 14, № 15, № 16, № 17, № 18, № 19, № 20, № 21, № 22 бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінде 22 округтік сайлау комиссиясы құрылсын.»;
Қаулы Семей қаласының мәслихатына жіберілсін.
Осы қаулы Семей қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын және «Семей таңы», «Вести Семей» газеттерінде жариялансын.
Семей қаласының аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы А. Курмангалиев
Семей қаласының аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы Н. Идрисова