«Digital Qazaqstan» 2029 жылға дейін: жаңа міндеттер мен технологиялық өзгерістерді ескере отырып, стратегияны іске асыру

    Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

    Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 9 маусымдағы № 1311 Жарлығымен Ауқымды цифрландырудың және жасанды интеллект технологияларын жаппай ендірудің 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы бекітілді.

    Аталған құжат елдің цифрлық трансформациясының мақсаттарын, міндеттері мен басым бағыттарын айқындайды. Ол азаматтардың мүддесіне бағытталған цифрландыруды, бизнес пен экономиканы дамытуды, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруді қамтиды. Негізгі басымдықтар ретінде жасанды интеллектіні негізгі салаларға енгізу, цифрлық инфрақұрылымды дамыту, кадрлар даярлау және деректерге негізделген басқару жүйесіне көшу белгіленген.

    Осы бағыттар бойынша жұмысты жалпы үйлестіруҚазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінежүктелген. Министрлік тиісті шараларды мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырады.

    Стратегиялық тәсілдердің өзектілігін сақтауға ерекше мән беріледі. Осыған байланысты құжаттың 3.3-бөлімінде Alem.AI базасында әлемдік озық тәжірибелерді ұлттық жасанды интеллект экожүйесіне жүйелі түрде интеграциялау тетігін қалыптастыру көзделген.

    Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі халықаралық стратегияларға, технологиялық үрдістерге, реттеу тәсілдеріне, сондай-ақ жасанды интеллектіні экономика мен мемлекеттік басқаруда қолдану тәжірибесіне тұрақты талдау жүргізілетін болады. Алынған нәтижелер ұлттық саясатты өзектендіруге, стратегиялық басымдықтарды нақтылауға және жаңа бастамаларды әзірлеуге негіз болады.

    «Digital Qazaqstan» іске асырылған кезеңде қол жеткізілген нәтижелер, жаңа технологиялық мүмкіндіктер мен елдің қажеттіліктері ескеріле отырып, құжатта белгіленген міндеттер мен ережелердің өзектілігі мерзімді түрде бағаланады. Қажет болған жағдайда оған белгіленген тәртіппен өзгерістер енгізіледі. Өзекті редакциясы мен іске асырылу барысы туралы ақпарат ашық қолжетімділікте жарияланады.

    Сонымен қатар құжатты жаңарту барысында Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа тапсырмалары, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауларында айқындалған міндеттер, сондай-ақ цифрландыру және жасанды интеллект салаларындағы жаһандық үрдістер назарға алынады.

    Мұндай тәсіл ұзақ мерзімді мақсаттарға қол жеткізудегі жүйелілікті сақтауға және оларды іске асыру құралдарын технологиялық ортадағы өзгерістерге уақтылы бейімдеуге мүмкіндік береді.

    https://adilet.zan.kz/rus/docs/U2600001311

    Жүктеу
    «Digital Qazaqstan» 2029 жылға дейін: жаңа міндеттер мен технологиялық өзгерістерді ескере отырып, стратегияны іске асыру
    DOCX · 105 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Бұйрық

    «Цифрлық үкімет» цифрлық объектісінің қолданыста болу циклінің кезеңдерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 2026 жылғы 5 тамыздағы № 458/НҚ бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

    «Цифрлық үкімет» цифрлық объектісінің қолданыста болу циклінің кезеңдерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 2026 жылғы 5 тамыздағы № 458/НҚ...

    Конкурстар

    Ашық конкурсқа қатысуға шақыру

    Ашық конкурсқа қатысуға шақыру

    Ақпарат

    Сенім білдірілген цифрлық объектілердің тізілімі

    Сенім білдірілген цифрлық объектілердің тізілімі

    Ақпарат

    Сенім білдірілген цифрлық объектілердің тізілімі

    Реестр доверенных цифровых объектов

    Жоспар

    Павлодар облысының Кемеңгер ауылында жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрінің азаматтарды қабылдауы барысында көтерілген мәселелер бойынша іс-қимыл жоспары

    Павлодар облысының Кемеңгер ауылында жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрінің азаматтарды қабылдауы барысында көтерілген мәселелер бойынша іс-қимыл жоспары

    Жоспар

    Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрінің Павлодар облысының тұрғындарымен кездесуі барысында көтерілген мәселелер бойынша іс-қимыл жоспары

    Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрінің Павлодар облысының тұрғындарымен кездесуі барысында көтерілген мәселелер бойынша іс-қимыл жоспары

    Анықтама

    АНЫҚТАМА Жасанды интеллект және деректерді басқару департаментінің жасанды интеллект қауіпсіздігін мемлекеттік реттеу және бағалау жүйесіндегі рөлі туралы

    Қазақстан Республикасында жасанды интеллект саласын реттеудің құқықтық және ұйымдастырушылық жүйесі қалыптастырылған. Бұл жүйе жасанды интеллект (бұдан әрі - ЖИ) жүйелерінің қауіпсіздігі мен аудитіне қойылатын заңнамалық...

    Есеп

    1 қазан 2026 жылғы жағдай бойынша бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) іске асыру мониторингiнiң нәтижелерi туралы есеп

    1 қазан 2026 жылғы жағдай бойынша бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) іске асыру мониторингiнiң нәтижелерi туралы есеп