Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ағымдағы жылғы 26 наурыздағы №218 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жоспардан тыс аттестаттау өткізілетіні туралы хабарлайды.
Мақсаты — қызметкерлерді жоғары тұрған басшылық лауазымдарға ұсыну бойынша алдағы тоқсанға кадрлық жоспарлау жүргізу.
ІІМ-нің 2022 жылғы 29 қыркүйектегі №773 бұйрығына сәйкес Министрдің, министр орынбасарының номенклатурасына, сондай-ақ Министрліктің есепке алу-бақылау номенклатурасына жататын лауазымдарды атқаратын және жоспардан тыс аттестаттаудан өтуге ниет білдірген қызметкерлер хабарландыру жарияланған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей Ұлытау облысы ПД Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасына үлгіге сәйкес баянат пен «Документолог» жүйесі арқылы қалыптастырылған қызметтік тізімді ұсынуы қажет.
Жоспардан тыс аттестаттауға мынадай қызметкерлер жіберілмейді:
Басшылық лауазымдарға қойылатын ең төменгі біліктілік талаптарына сәйкес келмейтіндер (ІІМ-нің 2020 жылғы 12 маусымдағы №463 бұйрығы).
Қолданыстағы тәртіптік жазалары бар қызметкерлер.
Өздеріне қатысты қызметтік немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқан қызметкерлер.
Біліктілік талаптары қолданылатын лауазымдар мен санаттар:
Басқарма бастығы — C-SVO-3;
Басқарма бастығының орынбасары — C-SVO-4;
Бөлім бастығы — C-SVO-5;
Бөлімше бастығы — C-SVR-5;
Патрульдік полиция взводының командирі — C-SSP-5;
Патрульдік полиция ротасы командирінің орынбасары — C-SSP-5;
Уақытша ұстау изоляторының бастығы — C-SVR-5.
Қосымша ақпарат алу үшін Ұлытау облысы ПД Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасына хабарласуға болады.
Кабинет: №312
Байланыс телефоны: 8 (747) 862-69-65
Ішкі телефон: 1059
Электрондық пошта: [email protected]
Ескертпе: жоспардан тыс аттестаттау нәтижелері жоспарлы аттестаттауды өткізу мерзімдеріне әсер етпейді.
Ұлытау облысы ПД Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасы