«Шымкент қаласының Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында жүргізілген ішкі талдаудың
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ
Шымкент қаласы 2026 жылғы «__» _______
Ішкі талдау жүргізу объектісінің толық атауы:
«Шымкент қаласының Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - Аппарат).
Ішкі талдау жүргізудің негіздері:
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-Заңы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары» және Абай ауданы әкімінің 2026 жылғы 5 мамырдағы №35-н/қ өкімі.
Сыбайластық жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың бағыты:
1) Аппарат қызметіндегі нормативтік құқықтық актілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Аппараттың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізетін құрылымдық бөлімше, лауазымды тұлға (лауазымды тұлғалар) немесе жұмыс тобының персоналдық құрамы:
- Кеңес Шерхан Усенұлы – аудан әкімі аппаратының басшысы, жұмыс тобының жетекшісі;
- Олжабай Бегасыл Сәкенұлы – ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің басшысы, жұмыс тобының мүшесі;
- Туткишбаева Меруерт Ералиевна – әлеуметтік қорғау, мәдени даму және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің басшысы, жұмыс тобының мүшесі;
- Насыр Еркебұлан Нұрланұлы – инфрақұрылым бөлімінің басшысы, жұмыс тобының мүшесі;
- Мінуар Қуаныш Нұрланұлы – мәдени даму, спорт және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің басшысы, жұмыс тобының мүшесі;
- Молдакулова Роза Амангелдиевна - экономика және жоспарлау бөлімінің басшысы, жұмыс тобының мүшесі;
- Утепберген Нұрдаулед Сағатұлы- кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің басшысы, жұмыс тобының мүшесі;
- Калшабеков Магжан Рахымжанович – қоғамның орта сапасын дамыту бөлімінің басшысы, жұмыс тобының мүшесі;
- Оспанова Акнур Балтабаевна - ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы,жұмыс тобының мүшесі;
- Сабыржанов Абдулазиз Абдукаримович - ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің бас маманы, жұмыс тобының мүшесі;
- Иманқұлов Әбдез Рахманұлы - Қоғамдық кеңес мүшесі, жұмыс тобының мүшесі ( келісім бойынша).
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі:
06.01.2025 – 13.05.2026 жыл аралығы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:
13.05.2026 -15.06.2026 жыл.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық жүктелетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің лауазымды тұлғасы: Шымкент қаласы Абай ауданы әкімі аппаратының басшысы Ш.Кеңес
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша талдау жұмыстарының сипаттамасы:
kpi 1: сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің барлық бағыттары бойынша талдаумен қамтылған бөлімшелердің үлесі (%)
2 Жоба: Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу .
Нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Аудан әкімі аппаратының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің арасында сыбайлас жемқорлық және құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін өзінің қалауы бойынша шешім қабылдайтын өкілеттік пен нормалар анықталмады.
Ішкі құжаттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықтау
Аппараттың істер номенклатурасы бекітілген. Сәйкесінше өкімдерді тіркеу журналдары істер номенклатурасына сәйкес рәсімделген.
Аппаратта 01.01.2025 – 13.05.2026 жыл аралығында жеке құрам бойынша 368 өкім, негізгі қызмет бойынша – 146 өкім заңнама талаптарына сәйкес әзірленіп, талдау барысында сыбайлас жемқорлық факторларынан туындайтын себеп жағдайлар және құқық бұзушылықтар анықталған жоқ.
Аппараттың ережесінде және мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық нұсқаулықтарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық (өзінің қалауы бойынша шешім қабылдау) өкілеттік пен нормалар анықталмады. Аудан әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы арасындағы бөлінген міндеттерінде: басшылық жасайтын бөлімдер мен жетекшілік ететін салалары, құзыреттіліктері мен жауапкершіліктері нақты көрсетілген. Аппараттың барлық мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық нұсқаулықтарында құқықтары, міндеттері, сыбайлас жемқорлыққа ұштасатын шектеулері бойынша жауапкершіліктері көрсетілген.
Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықтау
Штат бірлігі
Аппарат 7 бөлімнен және 1 бағынысты мекемеден(«Абай» КММ) тұрады. Штат саны – 4 4 мемлекеттік қызметшілер және 20 техникалық қызмет көрсететін қызметкерлер.
Оның ішінде: аудан әкімі – 1 (саяси), әкімінің орынбасары –3 (Е-1 санаты), аппарат басшысы – 1 (Е-2 санаты), бөлім басшысы – 7 (Е-3 санаты), бас инспектор – 10 (Е-3 санаты), бас маман – 22 (Е-4 санаты).
Анықтама үшін:
Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімі– штат саны 5 (бес) бірлік: 1 (бір) бөлім басшысынан, 2 (екі) бас инспектор және 2 (екі) бас маманнан тұрады;
Әлеуметтік қорғауға қолдау көрсету бөлімі –штат саны 5 (бес) бірлік: бөлім басшысынан, 1 (екі) бас инспектор және 3 (үш) бас маманнан тұрады;
Мәдени даму, спорт және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімі –штат саны 3 (үш) бірлік: бөлім басшысынан және 2 (екі) бас маманнан тұрады;
Қоғамның орта сапасын дамыту бөлімі– штат саны 11 (он бір) бірлік: бөлім басшысынан, 2 (екі) бас инспектор және 8 (сегіз) бас маманнан тұрады;
Инфрақұрылым және абаттандыру бөлімі– штат саны 5 (бес) бірлік: бөлім басшысынан, 2 (екі) бас инспектор және 2 (екі) бас маманнан тұрады;
Кәсіпкерлікті қолдау бөлімі– штат саны 7 (жеті) бірлік: бөлім басшысынан, 2 (екі) бас инспектор және 4 (төрт) бас маманнан тұрады.
Экономика және жоспарлау бөлімі– штат саны 3 (үш) бірлік; 1 (бір)бөлім басшысынан, 1 (бір) бас инспектор және 1 (бір) бас маманнан тұрады;
Талдау кезеңінде, 17 мемлекеттік қызметкер жұмыстан шығарылған:
- Е.Төлеген – өз еркімен жұмыстан шықты;
- А.Нұрланқызы – өз еркімен жұмыстан шықты;
- Е.Мырсағатұлы – өз еркімен жұмыстан шықты;
- Ж.Ырсмахан - өз еркімен жұмыстан шықты;
- Г.Асылбекова - басқа мемлекеттік органға ауысуына байланысты;
- Ү.Әшірбай - өз еркімен жұмыстан шықты;
- Р.Халықбай - басқа мемлекеттік органға ауысуына байланысты;
- Н.Әділбай басқа мемлекеттік органға ауысуына байланысты;
- Н.Тұрнияз - өз еркімен жұмыстан шықты;
- Н.Қалтбеков - басқа мемлекеттік органға ауысуына байланысты;
- М.Әбдуайт- басқа мемлекеттік органға ауысуына байланысты;
- Д.Исахан - өз еркімен жұмыстан шықты.
- А.Мадарбеков - өз еркімен жұмыстан шықты.
- А.Жуматаев - өз еркімен жұмыстан шықты.
- А.Мыңбай - өз еркімен жұмыстан шықты.
- Қ.Бұғыбай - басқа мемлекеттік органға ауысуына байланысты.
- Қ.Керинбековөз еркімен жұмыстан шықты.
Тәртіптік жазаларды қолдану
2025 жылдың 20 ақпаны №17-ж/қ өкімімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 27-тармағына сәйкес: өзіне жүктелген міндеттерді тиісті дәрежеде орындамағаны үшін кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің бас инспекторы Тұрнияз Нұрбақыт Әбдімажитұлына сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
2025 жылғы 07 наурыздағы №23-ж/қ өкімімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 27-тармағына сәйкес: өзіне жүктелген міндеттерді тиісті дәрежеде орындамағаны үшін Аудан әкімінің аппарат басшысы Кенес Шерхан Усенұлына сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
2025 жылғы 17 наурыздағы №28-ж/қ өкімімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларыны 27-тармағына сәйкес: өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін Аудан әкімінің орынбасары Ажедин Мейіржан Ғаниұлына сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
2025 жылғы 17 сәуірдегі №40-ж/қ өкімімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 27-тармағына сәйкес: өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін, инфрақұрылым және абаттандыру бөлімінің бас инспекторы Аметов Қазбек Қажымұқанұлына ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
2025 жылғы 17 сәуірдегі №45-ж/қ өкімімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 27-тармағына сәйкес: аудан аумағындағы ирригациялық жүйелерді тазалау жұмыстарын өз деңгейінде ұйымдастырмағаны үшін кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің басшысы Керинбеков Канат Шалдарбековичке сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
2025 жылғы 28 сәуірдегі №50-ж/қ өкімімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 27-тармағына сәйкес: өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін, инфрақұрылым және абаттандыру бөлімінің бас маманы Тілеуберді Нұржан Бахадүрұлына ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
2025 жылғы 14 мамырдағы №59-ж/қ өкімімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 27-тармағына сәйкес: өзіне жүктелген міндеттерді тиісті дәрежеде орындамағаны үшін әлеуметтік қорғауға қолдау көрсету бөлімінің бас маманы Абуова Айкен Абдиманаповнаға сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
2025 жылғы 29 тамыздағы №113-ж/қ өкімімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 27-тармағына сәйкес: өзіне жүктелген міндеттерді тиісті дәрежеде орындамағаны үшін қоғамның орта сапасын дамыту бөлімінің бас маманы Тасбулатов Нурсултан Жанбулатовичке ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
2025 жылғы 12 қарашадағы №151-ж/қ өкімімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 27-тармағына сәйкес: өзіне жүктелген міндеттерді тиісті дәрежеде орындамағаны үшін инфрақұрылым және абаттандыру бөлімінің бас инспкторы Аметов Казбек Қажымұқанұлына сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
2025 жылғы 18 желтоқсандағы №167-ж/қ өкімімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 27-тармағына сәйкес: өзіне жүктелген міндеттерді тиісті дәрежеде орындамағаны үшін Аудан әкімінің орынбасары Ажедин Мейіржан Ғаниұлына сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
Талдау барысында тәртіптік жаза қолдану кезінде заңдылықты бұзушылықтар анықталмады.
Талдау барысында тәртіптік комиссия құрылған заңдылықты бұзушылықтар анықталмады.
Мүдделер қақтығысымен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Талдау барысында аппарат қызметіне зиян келтіруі мүмкін мүдделер қақтығысының белгілері анықталған жоқ.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Абай ауданы әкімінің аппаратында «Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» және «Азаматтарға әскери қызметке шақырудан босату», спорттық санат беру бойынша мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі.
01.01.2025ж – 01.05.2026ж аралығында мемлекеттік қызмет түрлері бойынша:
«Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» бойынша көрсетілген мемлекеттік қызмет саны – 510
«Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» бойынша көрсетілген мемлекеттік қызмет саны –31
Спорттық санат бойынша – 8
№ |
Мемлекеттік көрсетілген қызметтер атауы |
Жалпы қызмет саны |
Қабылданғаны |
Қайтарылғаны |
Қайтарып алғандар |
Кешіктірілгендер |
1. |
Әскерге шақыруды кейінге қалдыру |
510 |
384 |
79 |
47 |
0 |
2. |
Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату |
31 |
13 |
13 |
5 |
0 |
3. |
2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 2-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 3-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы спорттық разрядтарын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру |
8 |
4 |
4 |
0 |
0 |
4. |
Жалпы саны |
549 |
401 |
96 |
52 |
0 |
Ішкі талдау барысында кемшіліктер анықталған жоқ.
Аудан әкімі аппаратында келіп түскен өтініштерге жүргізілген талдаудың нәтижесі бойынша жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер анықталған жоқ.
Рұқсат етуші функцияларын жүзеге асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Аппараттың құзыретінде «Рұқсат етуші функциялары» қарастырылмаған.
Бақылау функцияларын жүзеге асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Аппараттың құзыретінде «Бақылау функциялары» қарастырылмаған.
Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Бюджет бойынша 2025 жылға талдау
Шымкент қаласы Абай ауданы әкімінің аппараты бойынша 2025 қаржы жылына барлығы 2 856 600,0 мың теңге қаралған. Оның 2 856 594,7 мың тг игеріліп, яғни 100% құрайды. Бюджеттік бағдарламалар бөлінісінде:
123 001 «Қаладағы аудан әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша – 426 544,0 мың теңге қаралды, оның нақты игерілгені – 426 541,0 мың теңге, яғни орындалу 100% 3,0 мың теңге қалдығы нақты шығыстардан құралған.
123 006 «Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмыстарын қолдау» бағдарламасы бойынша бойынша – 18 675,0 мың теңге қаралды, оның нақты игерілгені – 18 674,6 мың теңге, яғни орындалу 100% - 0,4 мың теңге МСА конкурстарынан үнемделген.
123 008 «Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру» бағдарламасы бойынша – 1 954,0 мың теңге қаралды, оның нақты игерілгені – 1 954,0 мың теңге, яғни орындалу 100 %.
123 011 «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» бағдарламасы бойынша – 2 409 427,0 мың теңге қаралды, оның нақты игерілгені – 2 409 425,1 мың теңге 1,9 мың теңге қалдығы МСА үнемделген.
Шымкент қаласы Абай ауданы әкімінің аппаратына қарасты «Абай» КММ-нің 2025 жылға жоспар бойынша барлығы барлығы 3 946 836,0 мың теңге қаралған. Оның 3 946 728,8 мың тг игеріліп, яғни 99,9% құрайды. Бюджеттік бағдарламалар бөлінісінде: 123 009 «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» бағдарламасына 3 487 531,0 мың теңге қаралды, оның нақты игерілгені – 3 487 424,8 мың теңге. 106,2 мың теңге қалдығы мемлекеттік сатып алудан үнемделген. Яғни, орындалуы 99,9%.
123 032 «Ведомстволық бағынысты мемлекеттік органдардың күрделі шығыстары» бағдарламасына 459 305,0 мың теңге қаралды, оның нақты игерілгені – 459 304,1 мың теңге. 0,9 мың теңге қалдығы мемлекеттік сатып алудан үнемделген. Яғни, орындалуы 100%.
Мың тг.
Бюджеттік бағдарламаның атауы |
2025 жылға жоспар |
2025 жылға игерілгені |
123 001 «Қаладағы аудан әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» |
426 544,0 |
426 541,0 |
123 006 «Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмыстарын қолдау» |
18 675,0 |
18 674,6 |
123 008 «Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру» |
1 954,0 |
1 954,0 |
123 011 «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» |
2 409 427,0 |
2 409 425,1 |
123 022 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» |
7 990,0 |
7989,7 |
«АБАЙ» коммуналдық мемлекеттік мекемесі | ||
123 009 «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» |
3 487 531,0 |
3 487 424,8 |
123 032 «Ведомстволық бағынысты мемлекеттік органдардың күрделі шығыстары» |
459 305,0 |
459 304,1 |
Бюджет бойынша 2026 жылдың І тоқсанына талдау
Шымкент қаласы Абай ауданы әкімінің аппараты бойынша 2026 қаржы жылының І тоқсанына барлығы 3 368 159,0,0 мың теңге қаралған. Қаржы жоспары бойынша оның 113 720,2 мың тг игеріліп, яғни 3,3% құрайды. Бюджеттік бағдарламалар бөлінісінде:
123 001 «Қаладағы аудан әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша – 409 975,0 мың теңге қаралды, оның нақты игерілгені – 113 720,2 мың теңге, яғни орындалу 27,7%.
123 006 «Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмыстарын қолдау» бағдарламасы бойынша бойынша – 21 000,0 мың теңге қаралды, оның нақты игерілгені – 4 825,9 мың теңге, яғни орындалу 23%.
123 008 «Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру» бағдарламасы бойынша - 16 662,0 мың теңге қаралды, оның нақты игерілгені – 1 224,7 мың теңге, орындалуы 7,3%.
123 011 «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» бағдарламасы бойынша – 2 920 522,0 мың теңге қаралды, оның нақты игерілгені – 21 674,7 мың теңге, орындалуы 0,7%.
Шымкент қаласы Абай ауданы әкімінің аппаратына қарасты «Абай» КММ-нің 2026 жылға жоспар бойынша 123 009 «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» бағдарламасына 4 653 438,0 мың теңге қаралды, оның нақты игерілгені – 550 880,4 мың теңге. Яғни, орындалуы 11,8%.
Мың тг.
Бюджеттік бағдарламаның атауы |
2026 жылға жоспар |
2026 жылдың І тоқсанына жоспар |
Игерілгені |
123 001 «Қаладағы аудан әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» |
409 975,0 |
113 729,0 |
113 720,2 |
123 006 «Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмыстарын қолдау» |
21 000,0 |
4 826,0 |
4 825,9 |
123 008 «Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру» |
16 662,0 |
1 225,0 |
1 224,7 |
123 011 «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» |
2 920 522,0 |
21 675,0 |
21 674,7 |
«АБАЙ» коммуналдық мемлекеттік мекемесі | |||
123 009 «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» |
4 653 438,0 |
551 723,0 |
550 880,4 |
Бюджет және қаржы игеру және бөлуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәукелдері анықталған жоқ.
Жеке және заңды тұлғалармен шарт жасасу бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Мемлекеттік сатып алу бойынша 2025 жылға талдау
Аудан әкімі аппаратында 2025 жылдың басынан бастап, аудан аумағындағы көпқабатты үй аулаларын абаттандыру, аудан аумағын тазалығын сақтау, мерекелік мәдени іс шаралар өткізу және аппарат қызметі бойынша тауарлар сатып алу бағытында 169 мемлекеттік сатып алу келісім шарттары түзілген.
Оның ішінде: 2– баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен, 101 – ашық конкурс тәсілімен, 62– тікелей шарт тұжырымды бір дереккөздерден тәсілімен, 4 – электронды дүкен О-маркет тәсілімен түзілген. Мемлекеттік сатып алуларды жүргізу барысында құқық бұзушылықтар орын алмаған.
Сатып алу тәсілі |
Саны |
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен |
2 |
Ашық конкурс тәсілімен |
101 |
Тікелей шарт тұжырымды бір дереккөздерден тәсілімен |
62 |
Электронды дүкен О-маркет тәсілімен |
4 |
Барлығы |
169 |
Мемлекеттік сатып алу бойынша 2026 жылдың 1 тоқсанына талдау
Аудан әкімі аппаратында 2026 жылдың 1 тоқсанында, аудан аумағындағы көпқабатты үй аулаларын абаттандыру, аудан аумағын тазалығын сақтау, мерекелік мәдени іс шаралар өткізу және аппарат қызметі бойынша тауарлар сатып алу бағытында 123 мемлекеттік сатып алу келісім шарттары түзілген.
Оның ішінде: 8– баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен, 2-өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден тәсілімен, 52 – ашық конкурс тәсілімен, 11– тікелей шарт тұжырымды бір дереккөздерден тәсілімен, 50 – электронды дүкен О-маркет тәсілімен түзілген. Мемлекеттік сатып алуларды жүргізу барысында құқық бұзушылықтар орын алмаған.
Сатып алу тәсілі |
Саны |
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен |
8 |
Өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден тәсілімен |
2 |
Ашық конкурс тәсілімен |
52 |
Тікелей шарт тұжырымды бір дереккөздерден тәсілімен |
11 |
Электронды дүкен О-маркет тәсілімен |
50 |
Барлығы |
123 |
Жеке және заңды тұлғалармен шарт жасасу бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдер анықталған жоқ.
Инфрақұрылым бөлімі(бұдан әрі-бөлім) Аудан аумағын абаттандыруға, көпқабатты үй аулаларына балалар ойын алаңшаларын, спорт алаңшаларын орнату, абаттандырылған нысандардың пайдалануын қадағалау жұмыстарын жүзеге асыру жұмыстарын қамтамасыз етеді.
Аудан тұрғындарынан түскен өтініштер негізінде балалар ойын алаңшаларын және ашық спорт алаңшаларын орнатуға жер телімдерін анықтап, заңдастыру жұмыстарын тұрақты жүргізуде.
Мемлекеттік сатып алу негізінде түзілген келсімшарт негізінде «Өнім беруші» атқарған жұмыстарды «Тапсырыс беруші» растап қабылдайды.
Тәуекел: Бөлімге жетекшілік ететін аудан әкімі орынбасары мен бөлім қызметкерлерінің мердігер мекемемен тікелей байланысы.
Ұсынымдар:
- мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын мүлтіксіз сақтау, конкурстық құжаттаманы әзірлеу сатысында сарапшыларды тарту мүмкіндігін қарастыруды;
- жүргізілген сатып алу тәсілі, сомасы, жеңімпаз мердігер т.б. ақпарат мекеменің әлеуметтік желідегі парақшаларына ашық ақпаратты орналастыру, қоғамдық бақылауды қамтамасыз етуді күшейтуді қамтамасыз етілсін.
Кәсіпкерлікті қолдау бөлімі(бұдан әрі – бөлім) аудан аумағында заңсыз сауда, заңсыз жарнама орындарын анықтау бойынша бірлескен мониторингтік жұмыстарды жүргізеді.
Шымкент қаласы Абай ауданы аумағы 7 секторға бөлінген. Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасымен бірлесіп, заңсыз құрылыстар бойынша аралау жұмыстары жүргізіледі.
Ретсіз сауда қатарларын реттеу – аудан аумағындағы басты көшелерде белгіленбеген орында сауда жасаушы тұлғаларға ретсіз сауда қатарын реттеу бойынша Шымкент ҚПД Абай аудандық полиция басқармасымен бірлесіп тұрақты түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Тәуекел: бөлім қызметкерлері мен кәсіпкерлердің арасындағы тікелей байланыс.
Ұсыным: басқармада қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын қалыптастыру бойынша тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.
Мәдени даму, спорт және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімі аудан аумағындағы көшелерге QR коды бар тақтайша қоюды, мерекелік іс-шараларды ұйымдастырады.
Тәуекел: Бөлімге жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасары мен бөлім қызметкерлерінің мердігер ұйыммен тікелей байланысы.
Ұсыным:
- Жеткізілген тауар,орындалған қызмет немесе жұмыс сапасын үшінші тарап сарапшы арқылы тексеру.
Әлеуметтік қорғауға қолдау көрсету бөлімі Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке өтініш білдіргендердің уәкілетті органнан келген тізімі бойынша, бектілген мерзіміне сәйкес, учаскелік комиссиялардың уақытылы жұмыс жүргізуін ұйымдастыру және уәкілетті органға қорытындыларды уақтылы тапсыру.
Тәуекел: Атаулы әлеуметтік көмекке үміткерлер мен учаскелік комиссияның тікелей байланысы.
Ұсыным: Өтініш беруші мен комиссия мүшелелерінің арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында тексеру кезінде қолданылатын видеожазба жүргізетін жетон қолдану қауіптерден арылтады .
Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалануға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Талдау барысында тәукелдер анықталмады.
Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтегі басқа да мәселелерге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
01.01.2025-30.04.2026 жылдар аралығында арыз-шағымдарды қарау
бойынша талдау
- Абай ауданы бойынша тіркелген барлық өтініштер саны – 2060;
- Жалпы қаралған өтініштер саны – 1034;
- Жолданымды уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға қайта жолданған өтініштер саны -1004;
- Мерзімі бұзыла отырып қаралған өтініштер саны – 0.
Санаттар |
Барлығы |
БАРЛЫҚ ТІРКЕЛГЕН ӨТІНІШТЕР |
2060 |
оның ішінде | |
телнұсқалар |
141 |
шағымдар |
51 |
келіп түсу көздері: | |
пошта |
4 |
Аудан әкімдігіне жүгіну арқылы |
387 |
«Е-өтініш» АЖ |
1669 |
түрлері бойынша: | |
өтініштер |
1843 |
шағымдар |
77 |
ұсыныстар |
38 |
басқасы(хабарлама, сұрату, үн қосу) |
102 |
тікелей МО-ға келіп түскендері |
933 |
төмендегілерден қайта бағытталғандары: | |
ОМО |
128 |
ЖАО |
292 |
ведомстволық бағынысты ұйымдардан |
136 |
басқа ұйымдардан |
145 |
төмендегілерден қайта бағытталғандары: | |
ОМО |
82 |
ЖАО |
47 |
басқа ұйымдардан |
0 |
МО-да ҚАРАЛДЫ |
1034 |
қарау нәтижесінде қабылданған шешім: | |
әкімшілік акт қабылданды |
783 |
қолайлы әкімшілік акт қабылданды |
770 |
ауыртпалықты әкімшілік акт қабылданды |
13 |
о.і. тыңдау өткізілмеген |
9 |
авторға жауап берілді |
41 |
тоқтатылды (ӘРПК 89;70-бб) |
94 |
назарға алынды (ӘРПК 89-бб) |
7 |
басқасы |
85 |
қарау мерзімі ұзартылды |
0 |
мерзімі бұзылып қаралды |
0 |
ШАҒЫМ ТҮСКЕН ӘКІМШІЛІК АКТІЛЕР |
40 |
МО-да, оның ішінде |
39 |
ҚАРАУҒА ҚАЛҒАНДАРЫ |
33 |
ҚАЙТА БАҒЫТТАЛДЫ |
1004 |
ОМО |
105 |
ЖАО |
847 |
ведомстволық бағынысты ұйымдарға |
31 |
басқа ұйымдарға |
21 |
ҚАЙТА БАҒЫТТАЛДЫ |
245 |
ОМО |
75 |
ЖАО |
166 |
ведомстволық бағынысты ұйымдарға |
3 |
Ұсыным: өтініштер санын азайтып, тұрғындардың мәселелерінің басым бөлігінің оң шешімдерін табу мақсатында жеке қабылдау санын арттыру және бойынша жұмыстар атқарылсын.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек бойынша
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек бойынша 2025 жылға талдау
Аудан аумағында құрылған 5 учаскелік комиссия мерзімінде Абай аудандық жұмыспен қамту орталығына тізімге сәйкес жолдануда. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 2025 жыл бойы өтініш білдіріп, қорытынды алған отбасылар төмендегідей:
Атауы |
2025 жыл 1 – тоқсан |
2025 жыл 2 – тоқсан |
2025 жыл 3 – тоқсан |
2025 жыл 4 – тоқсан |
Барлығы |
1541 |
1252 |
1083 |
624 |
Мұқтаж |
1451 |
1176 |
935 |
413 |
Мұқтаж емес |
90 |
76 |
148 |
211 |
Аудан бойынша 2025 жылдың басымен салыстырғанда, соңы 4-тоқсанында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке тапсырушылар саны 28,5 % пайызға төмендеп, оң көрсеткішке қол жеткізілді.
Сондай-ақ, 2024 жылдың 4-тоқсанымен салыстырғанда, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке тапсырушылар саны 59 % пайызға төмендеп отыр.
Абай ауданы әкімінің өкіммен тоқсан сайын атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қызметіне жәрдемдесетін 5 учаскелік комиссиялардың құрамы бекітіліп, оның төрағасына мемлекеттік қызметкер бектіліп, мүшелерінің басым бөлігін аппарат қызметкерлері құрайды.
2026 жылдың І тоқсанына талдау
Аудан аумағында құрылған 3 учаскелік комиссия мерзімінде Абай аудандық жұмыспен қамту орталығына тізімге сәйкес жолдануда. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 2026 жылдың 1-тоқсанында өтініш білдіріп, қорытынды алған отбасылар төмендегідей:
Атауы |
2026 жыл 1 – тоқсан |
Барлығы |
376 |
Мұқтаж |
314 |
Мұқтаж емес |
62 |
Аудан бойынша 2025 жылдың 1-тоқсанымен салыстырғанда, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке тапсырушылар саны 65 % пайызға төмендеп, оң көрсеткішке қол жеткізілді.
Ұсыным: Өтініш беруші мен комиссия мүшелелерінің арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында тексеру кезінде қолданылатын видеожазба жүргізетін жетон қолдану қауіптерден арылтады .
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша
ішкі талдау нәтижелері
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, құқық бұзушылық туралы ақпарат:
- Мердігерлермен орындалған жұмыстарды қабылдау барысында тапсырыс берушінің арасында тікелей байланыс, мүдделер қақтығыс, немқұрайлық, артықшылық алу сияқты тәуекелдер болуы ықтималдығы;
- Мониторингтік жұмыстарды (сыртқы жарнамалар, ретсіз сауда, заңсыз құрылыстар) жүргізу барысында кәсіпкерлік субъектілермен тікелей байланыс, мүдделер қақтығыс, артықшылық алу сияқты тәуекелдер пайда болу ықтималдығы;
- Атаулы әлеуметтік көмекке үміткерлер мен учаскелік комиссияның тікелей байланыс, мүдделер қақтығыс, артықшылық алу сияқты тәуекелдер пайда болу ықтималдығы;
Ішкі талдау аясында 4 тәуекел анықталды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар:
- мемлекеттік қызметті көрсетумен байланысты заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтау бойынша құқықтық оқытулар тұрақты түрде жүргізілсін;
- мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын мүлтіксіз сақтау, конкурстық құжаттаманы әзірлеу сатысында сарапшыларды тарту мүмкіндігін қарастыруды;
- аудан әкімі аппаратында қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын қалыптастыру бойынша тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.
- әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің талаптарын жүйелі түрде түсіндіру, жаңа редакциялар мен өзгерістер енгізілген сайын түсіндіру жұмыстары күшейтілсін;
- осы талдамалық анықтаманы жария талқылау жүргізілгеннен кейін аудан әкіміне ұсынып, аудан әкімі аппаратының ресми интернет ресурсында жариялауды қамтамасыз етілсін;
- сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдардың тізбесі Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін;
- сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін;
- сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша енгізілген ұсынымдардың орындалуы туралы ақпарат Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына 3-қосымшасына сәйкес Шымкент қаласы әкімінің аппаратына ұсынылсын.