ҰЛЫТАУ АУДАНЫНЫҢ
АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ
Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Қарсақпай кентінің
сайланған әкімін тіркеу туралы
ХАБАРЫ
05 қазан 2026 жыл
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9)тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабына сәйкес 2026 жылғы 04 қазанда өткен Ұлытау ауданы Қарсақпай кентінің әкімін сайлау қорытындыларына сәйкес, Ұлытау ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 05 қазандағы №8 шешімінің негізінде: Әлімсейіт Асылхан Мырзамсейітұлы, 1992 жылы дүниеге келген, «Қарсақпай кенті әкімінің аппараты» ММ-әкім, Қарсақпай кентінің тұрғыны, өзін-өзі ұсынушы, Қарсақпай кентінің әкімі болып тіркелді.
Ұлытау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы