«Жолымбет кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

    Ақмола облысы Шортанды ауданы Жолымбет кенті әкімінің аппараты

    БЕКІТІЛДІ
    Ақмола облысы

    Шортанды ауданы

    Жолымбет кенті әкімінің

    Н. Зорький________________
    2026 жылғы «___» _______
    № _____өкімімен

    «Жолымбет кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің
    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Шортанды ауданы «Жолымбет кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 285 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.

    Шортанды ауданы «Жолымбет кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты (бұдан әрі – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған негізгі мінез-құлық қағидаларын белгілейді.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың мақсаты – сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және жолын кесу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қағидатын қалыптастыру болып табылады.
    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың негізгі міндеттері:
    1. Мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мінез-құлқын қалыптастыру;
    2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу;
    3. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды уақтылы анықтау және олардың алдын алу;
    4. Қызметкерлердің құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің деңгейін арттыру;
    5. Жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету;
    6. Басқарушылық және өзге де шешімдерді қабылдау кезінде ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз ету.

    2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт:
    1. Ұйым өз функцияларын жүзеге асыру барысында, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында қолданады;
    2. Мемлекеттік мекемеде қызмет атқаратын тұлғалар өз лауазымдық өкілеттіктері аясында қолданады;
    3. Қызметтік қызметті жүзеге асыру, басқарушылық шешімдерді дайындау
    және қабылдау, жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ескеріледі;
    4. Қызметкерлер Қазақстан Республикасының заңнамасы мен ішкі құжаттардың талаптарын сақтауға міндетті. Белгіленген талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес туындайды.

    2-тарау. Қызметкерлердің тәртіп пен мінез-құлық негізгі ережелері

    3. Қызметкерлер өз қызметінде:
    1. Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады;
    2. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермейді;
    3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтайды;
    4. Заңдылық, әділдік, адалдық, обьективтілік және бейтараптық қағидаттарын сақтайды;
    5. Жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтайды, жеке және заңды тұлғалармен, сондай-ақ әріптестерімен өзара қарым-қатынаста сыпайылық, әдептілік және құрмет танытады;
    6. Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын
    шешімдерді қабылдаудың ашықтығы мен обьективтілігін қамтамасыз етеді;
    7. Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға кедергі келтіретін әрекеттерге немесе әрекетсіздікке жол бермейді;
    8. Басқа адамдарды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға көндірмейді;
    9. Лауазымдық жағдайын және онымен байланысты мүмкіндіктерді жеке, мүліктік немесе мүліктік емес мүдделері үшін пайдаланбайды;
    10. Қызметтік және таралуы шектелген өзге де ақпаратты мүліктік немесе мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу үшін пайдаланбайды;
    11. Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, лауазымдық міндеттерін орындауына байланысты сыйақыларды, сыйлықтарды, көрсетілетін қызметтерді немесе өзге де игіліктерді қабылдамайды;
    12. Лауазымдық міндеттерін орындау кезінде жекелеген жеке және заңды тұлғаларға артықшылық бермейді;
    13. Дөрекілікке, біржақтылыққа, негізсіз бюрократтыққа және сөзбұйдаға салуға жол бермейді;
    14. Азаматтардың, заңды тұлғалар өкілдерінің және басқа да қызметкерлердің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтейді;
    15. Жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде ұйымдардың, басқа қызметкерлер мен өзге де тұлғалардың қызметіне заңсыз әсер ету мақсатында өз қызметтік жағдайын пайдаланбайды;
    16. Көрінеу шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпайды;
    17. Жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен ақпарат береді;
    18. Негізді сын айтқаны үшін адамдарды қудалауға жол бермейді және кемшіліктерді жою және жұмыстың тиімділігін арттыру үшін сындарлы сынды пайдаланады;
    19. Құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің жоғары деңгейін қолдайды, сондай-ақ оны қызметкерлер арасында қалыптастыруға ықпал етеді;
    20. Мемлекеттік органның мүдделеріне қайшы келетін және жекелеген тұлғаларға кәсіпкерлік қызметті немесе табыс табуға байланысты өзге де қызметті жүзеге асыруда жәрдем көрсетуге бағытталған әрекеттер жасамайды;
    21. Жеке пайда алу мақсатында қызметтік өкілеттіктерді пайдалануға жол бермейді;
    22. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің және қызметтік мінез-құлыққа қойылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де талаптарын тиісті қызметкерлерге қолданылатын бөлігінде сақтайды.

    3-тарау. Басқарушылық және өзге де шешімдерді дайындау және қабылдаукезіндегі қағидалар

    4. Өз құзыреті шегінде басқарушылық және өзге де шешімдерді әзірлеу мен қабылдау кезінде қызметкерлер:
    1. Функцияларын тек өздеріне берілген лауазымдық өкілеттіктер шегінде жүзеге асырады;
    2. Қабылданатын шешімдердің заңдылығын, негізділігін, обьективтілігін және ашықтығын қамтамасыз етеді;
    3. Заңды негіздер болмаған кезде жекелеген жеке немесе заңды тұлғалардың мүддесі үшін шешімдер қабылдауға жол бермейді;
    4. Жеке және заңды тұлғаларға артықшылық бермейді және олардың ықпалына тәуелді болуға жол бермейді;
    5. Өздеріне белгілі болған сыбайлас жемқорлық фактілері немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға көндіру фактілері туралы тікелей басшысына дереу хабарлайды;
    6. Мүдделер қақтығысы немесе лауазымдық Міндеттерді обьективті орындауға ықпал етуі мүмкін жеке мүдделілігі туындаған жағдайда тікелей басшысына хабарлайды;
    7. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүдделер қақтығысының алдын алу және реттеу жөнінде шаралар қабылдайды;
    8. Тікелей басшыда мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда жоғары тұрған басшылыққа жүгінеді;
    9. Лауазымдық міндеттерін орындауына байланысты заңсыз сыйақы, сыйлық немесе өзге де артықшылық беру туралы ұсыныстар алған жағдайда басшылыққа дереу хабарлайды;
    10. Алынған тапсырманың заңдылығына күмән туындаған кезде белгіленген тәртіппен бұл туралы тікелей басшысына дереу хабарлайды;
    І1. Мүліктік немесе өзге де жеке пайда алу мақсатында әріптестеріне, басшыларына және өзге де лауазымды адамдарға қызметтік емес қызметтер көрсетпейді;
    12. Бағынысты қызметкерлер арасында еңбек жүктемесінің біркелкі және негізсіз бөлінбеуіне жол бермейді;
    13. Бағынысты қызметкерлердің міндеттерін, құқықтарын, жауапкершілігін және өкілеттіктерінің көлемін нақты айқындайды;
    14. Қызметкерлердің қызмет нәтижелерін бағалау, көтермелеу және тәртіптік жаза қолдану кезінде обьективтілік пен әділдікті қамтамасыз етеді;
    15. Бағынысты қызметкерлердің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты емес мәселелерді шешу кезінде оларға заңсыз ықпал ету үшін қызметтік жағдайын пайдаланбайды;
    16. Шешімдердің жеке мүдделіліктің ықпалымен қабылдануына жол бермейді.

    4-тарау. Ішкі құжаттардың жобаларын әзірлеу ережелері
    5. Ішкі нормативтік және өзге де құжаттардың жобаларын әзірлеу кезінде:

    1. Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері ескеріледі;
    2. Құжаттар жобаларының Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестігі қамтамасыз етіледі;
    3. Басқа құрылымдық бөлімшелердің қызметіне қатысты құжаттардың жобалары белгіленген тәртіппен тиісті құрылымдық бөлімшелермен келісіледі;
    4. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына жағдай жасайтын ережелерді енгізуге жол берілмейді;
    5. Заңнамада көзделген негіздерсіз жекелеген жеке немесе заңды тұлғалардың мүддесі үшін нормалар мен шешімдер қабылдауға жол берілмейді;
    6. Құжаттардың тұжырымдарының еркін түсіндірілу мүмкіндігін болдырмайтын олардың анықтығы, айқындылығы және бір мағыналылығы қамтамасыз етіледі;
    7. Құжаттарды әзірлеу кезінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері
    ескеріледі және оларды барынша азайту жөнінде шаралар қабылданады.

    5-тарау. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезіндегі қағидалар

    6. Мемлекеттік сатып aлуды жүзеге асыру кезінде өз құзыреті шегінде қызметкерлер:

    1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын басшылыққа алады;
    2. Бюджет қаражатының ұтымды және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
    3. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысуы үшін тең жағдайлар мен мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді;
    4. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығын, айқындығын және объективтілігін қамтамасыз етеді;
    5. Бәсекелестікті шектейтін негізсіз талаптарды белгілеуге жол бермейді;
    6. Жекелеген әлеуетті өнім берушілерге негізсіз артықшылықтар беруге жол бермейді;
    7. Жеке мүдделері үшін немесе жекелеген жеке немесе заңды тұлғалардың мүддесі үшін мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне араласуға жол бермейді;
    8. Мемлекеттік сатып алуды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу кезінде мүдделер қақтығысына жол бермейді;
    9. Мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда бұл туралы уақтылы хабарлайды және оны реттеу жөнінде шаралар қабылдайды;
    10. Әлеуетті өнім берушілердің қатысуына Қазақстан Республикасының заңнамасында шектеу қойылған немесе тыйым салынған жағдайларда олардың қатысуына жол бермейді;
    11. Мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектеулерді, оның ішінде атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелердің болуы және әлеуетті өнім берушінің және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізілуіне байланысты шектеулерді ескереді;
    12. Мемлекеттік сатып алуды жүргізуге байланысты алынған қызметтік ақпаратты жеке мақсаттарда немесе жекелеген әлеуетті өнім берушілердің мүддесі үшін пайдаланбайды;
    13. Мемлекеттік сатып алу процесіндегі шешімдер мен әрекеттердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құжатталуын қамтамасыз етеді.

    6-тарау. Қызмет барысында туындайтын өзге де жағдайлардағы мінез-құлық қағидалары
    7. Жеке және заңды тұлғалармен, мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және мекеме қызметкерлерімен өзара іс-қимыл жасау кезінде:

    1. Өтініштер мен сұрау салуларды қабылдаудан негізсіз бас тартуға жол берілмейді;
    2. Өтініштерді қарау мерзімдерін созуға және негізсіз кешіктіруге жол берілмейді;
    3. Өз құзыреті шегінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметкерлер дұрыс әрі толық ақпарат береді;
    4. Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау және қорғау қамтамасыз етіледі;
    5. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қаралады;
    6. Дөрекілікке, адамның қадір-қасиетін кемсітуге, әдепсіздікке және әдеп нормаларына сәйкес келмейтін мінез-құлыққа жол берілмейді;
    7. Жеке мүліктік немесе мүліктік емес пайда алу үшін лауазымдық өкілеттіктерді пайдалануға жол берілмейді;
    8. Кадрларды іріктеу және орналастыру кезінде туыстық, жерлестік, жеке берілгендік және өзге де қызметтік емес белгілер бойынша іріктеуге жол берілмейді;
    9. Кадрларды іріктеу және орналастыру кезінде кәсібилік, құзыреттілік және меритократия қағидаттарының сақталуы қамтамасыз етіледі;
    10. Орындалуы анық мүмкін емес, қызметкердің лауазымдық міндеттеріне жатпайтын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін тапсырмаларды беруге жол берілмейді;
    11. Қызметкерлерді қызметтік міндеттерін орындауға байланысты емес тапсырмалар мен жұмыстарды орындауға тартуға жол берілмейді;
    12. Қызметкерлерге өздеріне бағынысты қызметкерлермен немесе қызметтік тәуелділіктегі адамдармен мүліктік сипаттағы құмар ойындарға қатысуға жол берілмейді;
    13. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің және қызметтік мінез құлықты реттейтін өзге де нормативтік құқықтық
    актілердің талаптары сақталады;
    14. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы қызметкерлер дереу басшылыққа хабарлайды;
    15. Тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға жол берілмейді;
    16. Басшылардың заңды тапсырмалары, сондай-ақ уәкілетті лауазымды тұлғалардың өздеріне берілген өкілеттіктер шегінде шығарған бұйрықтары мен өкімдері орындалады;
    17. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкерлердің жеке өмірі, ар-намысы мен қадір-қасиеті туралы мәліметтер жария етілмейді;
    18. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де шектеулер
    мен тыйымдар сақталады.

    7-тарау. Мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу
    8. Мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу мақсатында қызметкерлер:

    1. Жеке мүдделері мен лауазымдық міндеттерін тиісінше орындауы арасында мүдделер қақтығысының туындауына жол бермейді;
    2. Мүдделер қақтығысы туындаған немесе оның туындауына әкеп соғуы мүмкін мән-жайлар пайда болған кезде бұл туралы тікелей басшысына уақтылы хабарлайды;
    3. Заңнамада өзгеше көзделмесе, жеке мүдделілігі бар мәселелерді қарауға және олар бойынша шешім қабылдауға қатыспайды;
    4. Мүдделер қақтығысының туындау себептері мен жағдайларын жою жөнінде шаралар қабылдайды;
    5. Тікелей басшыда мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда жоғары тұрған басшылыққа хабарлайды.

    8-тарау. Сыбайлас жемқорлық көріністері туралы хабарлау

    1. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың жасалғаны немесе жасалуы мүмкін екені, заңсыз сыйақы алуға көндіру фактілері, сондай-ақ лауазымдық міндеттерін орындауына байланысты сыйлық немесе өзге де пайда ұсынылғаны туралы білген қызметкер бұл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дереу өзінің тікелей басшысына және (немесе) тиісті мемлекеттік органдарға хабарлауға міндетті.
    2. Қызметкерлер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен сыбайлас жемқорлықтың ықтимал көріністері туралы адал ниетпен хабарлағаны немесе сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларға қатысқаны үшін қудалауға ұшырамауға тиіс.

    9-тарау. Қорытынды ережелер

    1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін орындауы және берілген өкілеттіктері шегінде қызметті жүзеге асыруы кезінде сақталады.
    2. Басшы қызметкерлерді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартпен таныстыруды және оны іске асыру жөніндегі шаралардың қабылдануын қамтамасыз етеді.

    3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың сақталуын бақылаудыШортанды ауданы «Жолымбет кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі әкімі өзіне берілген өкілеттіктер шегінде жүзеге асырады.

    Жүктеу
    Антикоррупционный стандарт государственного учреждения «Аппарат акима поселка Жолымбет Шортандинского района»
    Приказ
    PDF · 1,8 МБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Хаттама

    2026 жылғы 06 тамыздағы қоғамдық тыңдаулар хаттамасы

    Жолымбет кенті әкімінің аппаратыЖарияланды: