«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумында 1414 Бірыңғай байланыс орталығының жасанды интеллект негізінде әзірленген жаңа шешімдерін көпшілік назарына ұсынды.
Солардың бірі - «AI Senim» атты дауыстық AI-ассистенті. Ол азаматтарға 100-ден астам мемлекеттік қызмет бойынша кеңес беріп, қажетті ақпаратты жедел ұсынады. Бүгінде «AI Senim» ай сайын орта есеппен 25–30 мың өтінішті өңдейді. Оның 40%-ына AI-ассистенттің өзі жауап берсе, қалған 60%-ы егжей-тегжейлі кеңес алу үшін операторларға жолданады.
«Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі заман талабына сай үздіксіз жетілдіріліп, халық үшін барынша қолайлы болып келеді. Бұдан әрі де осы бағыттағы жұмысты жалғастырып, азаматтарға қызмет көрсету сапасын арттыру үшін инновациялық шешімдерді енгізуді көздеп отырмыз. Атқарылып жатқан шаралар мемлекеттік қызметтерді алу кезінде барынша қолжетімділік пен жайлылықты қамтамасыз етуге зор үлес қосатынына сенімдімін», - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.
Қазіргі таңда 1414 желісіне келіп түсетін әрбір 20-шы қоңырау AI-ассистенттің қатысуымен өңделеді. Алдағы кезеңде оның ауқымын кеңейтіп, барлық қоңырауды алдымен «AI Senim» қабылдайтындай жүйеге көшіру көзделіп отыр.
AI-ассистент азаматтың сөзін танып, сұрағының мәнін анықтайды және тиісті ақпаратты ұсынады. Қазір оның функционалын кеңейту, соның ішінде динамикалық қызметтерді іске қосу бойынша жұмыс жүргізілуде. Болашақта азаматтар тек кеңес алып қана қоймай, дауыстық ассистентпен сөйлесу барысында кейбір мемлекеттік қызметтерді бірден рәсімдей алады.
Форум барысында AI-ассистенттің жұмысын бақылауға арналған арнайы платформа да таныстырылды. Оның көмегімен нақты уақыт режимінде келіп түскен сұраныстардың саны, сөйлесу ұзақтығы және өзге де көрсеткіштер қадағаланады.
Сонымен қатар мамандар қоңырау жазбасын тыңдап, диалогтың толық мәтінін және AI-ассистент өңдеген сауалдың нәтижесін көре алады. Жаңа платформа арқылы азаматтардың сөйлесу барысындағы көңіл күйі мен тоналдылығын талдауға да мүмкіндік бар.
Мемлекеттік корпорация AI & Digital Bridge 2026 форумында 1414 Бірыңғай байланыс орталығының AI-шешімдерін таныстырды
Көксу ауданының әкімдігі
Ұқсас материалдар
Жетісу облысы Көксу ауданы Лабасы ауылдық округі бойынша 2026 жылғы 11 қарашадағы сағат 18.00-ге кандидаттардың тіркелуі туралы
Жетісу облысы Көксу ауданы Лабасы ауылдық округі әкімдігіне үметкерлерді ұсынудың аяқталуы туралы
2026 жылғы 6 қазанда сағат 18:00-де Лабасы ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну аяқталды. 2026 жылғы 6 қазан сағат 18:00-дегі жағдай бойынша: Лабасы ауылдық округініңәкіміболуға4кандидат ұсынылды, оның 1-уі «Әділет...
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Расул Рысмамбетов, қаржыгер, «БЖЗҚ» АҚ(БЖЗҚ, Қор)Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директоры: «Егер адам қарттық шағына қаражатжинамаса, мемлекет қалай да бірамалын тауып, «тегін қияр мен қызанақ» беретініне кәмілс...
«БЖЗҚ» АҚ халыққа жыл басынан бері 36 миллионнан астам қызмет көрсетті
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) – Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің бірыңғай операторы, ол зейнетақы жинақтарының сенімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді. Оның негізгі міндеті – азаматтар...
01.09.2026ж. жағдай бойынша отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 28,47 трлн теңгеден асты
Қазақстандықтардың «БЖЗҚ» АҚ-дағы (БЖЗҚ, Қор) зейнетақы жинақтарының көлемі 2026 жылдың 1 қыркүйегіне 28,47трлн теңгеденасты.12 айдағы өсім – 3,36трлн теңгенемесе 13,4%. 2026 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша міндет...
Классикалық зейнетақы аннуитетінен – жаңа мүмкіндіктерге
2026 жылғы 17 қыркүйекте Алматы қаласында сақтандыру, қаржы және зейнетақы нарығының өкілдерін бір алаңға жинаған Kazakhstan Insurance Forum 2026 өтті. Форум аясында «Жоспардан тыс өмір: болашақты сақтандырудан неге қорқ...
Көксу ауданында ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнінде конкурс өткізу туралы
Көксу ауданы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру мақсатында өткізілетін конкурс 2026 жылғы 25 қыркүйекте бұқаралық ақпараттық құралдарда жарияланды. Конкурс өткіз...