«Б» корпусының бос мемлекеттікәкімшіліклауазымынаорналасуғаконкурс туралыхабарландыру
Көкшетау қаласы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Өтінімдерді қабылдау мерзімі:08 – 09.10.2026
Практикалық бағалау: 13.10.2026
Анықтама телефоны: 87162297819
Е-R-4санат үшін орташа лауазымдық жалақы:282693
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
«Көкшетау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ бас маманы, «Е-R-4» санаты
Функционалдық міндеттері:
бөлім басшысының бұйрықтары мен тапсырмаларын орындау бойынша жұмыс. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының жұмысын үйлестіру және мониторингілеу. «Көкшетау қаласының аумақтарын дамыту жоспары» бағдарламасын іске асыру. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша жұмыстарды мониторингілеу және ұйымдастыру. Облыс және қала әкімдерінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуын бақылау. Кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу. Тіркелген және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілеріне мониторинг және талдау жүргізу. Жетекшілік ететін қызмет салалары бойынша қаланың әлеуметтік – экономикалық дамуының рейтингтік көрсеткіштерін жақсарту бойынша жұмыс. Шағын кәсіпкерлік субъектілері қызметінің және мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың маңызды көрсеткіштері бойынша ай сайынғы, тоқсандық және жылдық есептерді жасау. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша хаттар мен арыздарды қарау.
Білімі бойынша талап:
бизнес, басқару және құқық (менеджмент немесе халықаралық құқық немесе құқықтану немесе маркетинг немесе әлемдік экономика немесе инновациялық менеджмент немесе мемлекеттік аудит немесе экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе жобаларды басқару немесе өңірлік даму) немесе педагогикалық ғылымдар (математика немесе құқық және экономика негіздері) немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (математика немесе статистика) немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (мұнай-газ ісі немесе жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы (сала бойынша), азық-түлік өнімдерінің технологиясы немесе ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау технологиясы (сала бойынша) саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс өтілі талап етілмейді
Шағым жасау тәртiбi
Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.
https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.5556806772