Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (110-бап) сәйкес III санаттағы объектілерде қызметті жүзеге асыратын адамдар Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қоршаған ортаға әсері туралы декларацияны ұсынады.
Қоршаған ортаға әсер туралы декларация –рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен өтініш беруші дайындаған, қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабардар ететін құжат.
Қоршаған ортаға әсер ету туралы декларация:
1) белгіленіп отырған қызмет басталар алдында;
2) негізгі өндірістердің технологиялық процестері, ластағыш заттар мен стационарлық көздер, қалдықтар (түзілетін, жинақталатын және қалдықтарды басқару жөніндегі мамандандырылған ұйымдарға берілетін) шығарындыларының сапалық және сандық сипаттамаларыелеулі түрде өзгерген жағдайда – қызметті жүзеге асыру басталғаннан кейін ұсынылады.
2026 жылдың 3 тоқсанындақоршаған ортаға әсер ету туралы 55 декларация қабылданды.
2026 жылғы 3 тоқсанда декларацияланған ластаушы заттар шығарындыларының саны 2041,225464 т/жылынақұрайды.