Коммуналдық меншік 2026 жылғы қыркүйек

    "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" КММ

    Мамлют ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі коммуналдық мешікті басқару саласында коммуналдық меншік объектілерін тиімді пайдалануды, сақтауды және есепке алуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттік активтерді басқару кезінде ашықтық және заңдылық қағидаттарын сақтауға бағытталған, жүйелі жұмысты жүргізеді.

    Коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіру бойынша жұмыс анық және бәсекелік негізде жүзеге асырылады. Мамлют ауданы әкімдігінің қаулысымен, аукцион арқылы жекешелендіруге және іске асыруға жататын, объектілер тізбесі бекітіледі. Жекешелендіру объектілерін сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген, жекешелендіру объектілерін сату қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

    Коммуналдық меншік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығымен бекітілген, мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру Қағидаларына сәйкес қатаң тәртіппен жүзеге асырылады. Барлық жалдау шарттары рәсімнің ашықтығын қамтамасыз ететін, жалдау ақысы есептемесін қоса бере отырып, заңнамамен белгіленген тәртіппен рәсімделеді және жемқорлық тәуекелдерінің алдын алады.

    2026 жыл басынан коммуналдық меншік объектілерін жалдау бойынша 6 шарт, соның ішінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы талаптарына сәйкес нөлдік мөлшерлеме бойынша 5 шарт жасалды.

    Ерекше назар иесіз мүлікті анықтау, есепке алу және рәсімдеу мәселелеріне бөлінеді. Экономика және қаржы бөлімі иесіз жылжымайтын мүлік объектілерін есепке қою бойынша жұмысты жүргізеді. Заңнамамен белгіленген мерзім өткеннен кейін сот органдарына Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарына сәйкес мүлікті коммуналдық меншікке түскен деп тану туралы өтінішті жібереді. 2026 жылғы наурызда жалпы сомасы 279,9 мың теңгеге 1 объект аукционда сатылды.

    Бұдан бөлек мемлекеттік мүліктің тиімді пайдаланылуын арттыру мақсатында коммуналдық меншік объектілерін сенімгерлік басқаруға беру бойынша жұмыс жүзеге асырылады. Объектілерді беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 қаулысымен бекітілген, мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларына және мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару Үлгілік шартына сәйкес электрондық тендер арқылы конкурс негізінде жүргізіледі.

    Сенімгерлік басқаруға беруге жататын, объектілер тізбесі Мамлют ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітіледі. Баланс ұстаушы және сенімгерлік басқарушы арасында конкурстық рәсім қорытындысы бойынша 3 жылдан 5 жылға дейін мерзімге сенімгерлік басқару шарты жасалады, бұл коммуналдық мүлікті тиімді пайдалануға, оның кірістілігін арттыруға және қабылданатын шешімдердің ашықтығын қамтамасыз етуге себепші болады

    Ағымдағы жылғы 19 маусымда «СҚО Мамлют ауданы Ста новое ауылы аумағында антеналық-діңгектік құрылыстар салу» объекті бойынша жобалық-сметалық құжаттамаға конкурс жарияланды, конкурс қорытындысы 7 шілде сағат 10-00 белгіленді.

    «Транстелеком» акционерлік қоғамы жеңімпаз болды. Сатып алу-сату шарты жасалды, төлем күтілуде.

    2026 жылғы 16 тамызда төлем толық көлемде жасалды.

    2026 жылғы 17 тамызда сатушы және сатып алушы арасындақабылдау-тапсыру актісіне қол қойылды.

    2026 жыл басынан мемлекеттік ұйымдар арасында коммуналдық меншік мүлкін беру және қабылдау бойынша Мамлют ауданы әкімдігінің 35 қаулысы қабылданды.

    Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық сотының шешімі бойынша қайтыс болған азамат М.Г. Радченкодан тұрғын үйдің ½ үлесі өнімсіз мүлік коммуналдық меншікке қабылданды.

    2026 жылғы 22 қыркүйекте Мамлют ауданының коммуналдық меншігіне мүлікті қабылдау және «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ бекіту туралы қаулы қабылданды.

    2026 жылғы 28 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Белое ауылдық округі, Белое ауылы, Береговая көшесі, 1 үй мекенжайы бойынша орналасқан, тұрғын үйге нарық құнын бағалау туралы есеп сатып алынды.

    Жүктеу
    3e3cd3cdf5b96df606c3e3d4e10ea7c6ce49ed7d6db2e38aa8e72a67037fa808_original.16224.docx
    DOCX · 16 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Шешім

    ЖОБА «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 50/3 шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

    ЖОБА Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 50/3 шешіміне өзгерістер және тол...

    Ақпарат

    Мемлекеттік көрсетілетін қызмет 2026 жылғы қазан

    Есеп «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» КММ-не 2026 жылғы қазанда мемлекеттік қызмет көрсету туралы Мамлют ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі ауылдық елді меке...

    Ақпарат

    Әлеуметтік-экономикалық даму 2026 жылғы қазан

    Әлеуметтік экономикалық көрсеткіштердің орындалуы туралы ақпарат 2026 жылдың қаңтар-қазан айларында. 2026 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 6 негізгі көрсеткішінің төмендеуін...

    Шешім

    ШЕШІМ «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 50/3 шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

    Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 50/3 шешіміне өзгерістер және толықтыру...

    Ақпарат

    Бюджеттің атқарылуы туралы жиынтық есеп қазан 2026

    Өңір бюджетінің атқарылуы туралы жиынтық есеп (оның ішінде ББӘ бойынша) Тыс. теңге 31.10.2026 Атауы Жоспар 2026 жыл Жоспар есепті кезең Нақты орындау Сомасы лимиттердің қалдығылық кезеңге % - ға кезең Тіркелмеген бір жы...

    Ақпарат

    Аудандық бюджет 2026 жылғы қазан

    31.10.2026 жылға арналған кассалық орындау туралы есеп Кезең 2026 жыл Күні 31.10.2026 Өлшем бірлігі тыс. теңге Бюджеттік сыныптама кодтары Атауы Бекітілген бюд...

    Ақпарат

    Әлеуметтік-экономикалық даму 2026 жылғы қыркүйек

    Ақпарат

    2026 жылғы қыркүйек мемлекеттік көрсетілетін қызмет

    Есеп беру «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» КММ 2026 жылғы қыркүйекке мемлекеттік қызмет көрсету туралы Мамлют ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі ауылдық елді...