Хабарландыру
«Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы құқығындағы «Талдықорған жоғары медициналық колледжі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директорлық міндеті бос лауазымына конкурс жариялау туралы
ШЖҚ «Талдықорған жоғары медициналық колледжі» МҚК бақылау кеңесі директорлық міндеті бос лауазымына конкурс өткізеді.
Конкурсқа құжаттармен бірге өтінімдерді қабылдау күні, 2026 жылдың «05» қазаннан «19» қазанға дейін. Өткізілетін орны, Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі, 228, байланыс телефоны: 8 7282 –22-43-35. Эл.пошта- [email protected]
Колледж туралы қысқаша сипаттама: Талдықорған жоғары медициналық колледжі, Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі, 228, мекен жайда орналасқан. Бұл медициналық ұйым Талдықорған қаласы, Жетісу облысы үшін мемлекеттік тапсырыс аясында орта медициналық немесе фармацевтикалық білімі бар мамандарға арналған біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау курстарын қоса алғанда, білім беру қызметін жүзеге асырады. Медициналық колледж қажетті материалдық-техникалық базамен және инфрақұрылыммен жабдықталған.
Кәсіпорын басшысының негізгі лауазымдық міндеттері: Денсаулық сақтау ұйымының өндірістік, қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқарушылық шешімдерге, ұйым мүлкінің сақталуына және тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жауапты болады.
Білім беру процесін ұйымдастырады және білім берудің мемлекеттік міндетті стандарттарына сәйкес мамандарды даярлау сапасын қамтамасыз етеді.
Колледждің стратегиялық дамуын қамтамасыз етіп; стратегиялық және жедел жоспарларды, даму бағдарламаларын, сондай-ақ білім беру қызметтерінің сапасын арттыруға бағытталған шараларды әзірлеп, іске асырады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген мерзімде келесі құжаттарды ұсына алады:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;;
2) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері; ;
4) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі, еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардың көшірмелері, не жұмыс өтілін растайтын басқа да құжат;
5) "денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген 086/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі к
Бақылаушы Кеңес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы «Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасын және денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің лауазымдар номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығымен белгіленген, республикалық, өңірлік, аудандық немесе қалалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымының басшысы лауазымына қойылатын біліктілік талаптарының сәйкестігіне, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 1-тармағының 3) тармақшасында және 26-бабы 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген және «Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» 2009 ж. 23 қараша 2015 ж., қарай отырып қарастырады және қатысушыларды сұхбатқа жіберу туралы шешім қабылдайды.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі және әңгімелесу кестесі «Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің сайтында және ШЖҚ «Талдықорған жоғары медициналық колледжі» сайтында орналастырылады
Әңгімелесуге жіберілетін кандидаттарды, әңгімелесу өтетін күнді хатшы хабарлайды.
Хабарлама кандидаттардың электронды адрестеріне және ұялы телефондарына ақпарат жіберу арқылы және ұялы телефон арқылы жүзеге асырылады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі бекітілгеннен соң Бақылаушы Кеңес кандидаттарды қабылдау туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әңгімелесу өткізеді.
Әңгімелесу келесі кезеңдерден тұрады:
1) Кәсіпорынды дамыту туралы презентация;
2) үміткердің құзыреттілігін бағалау.
Кәсіпорынның дамуын ұсынғанда үміткер Кәсіпорынның негізгі проблемаларына талдау жасайды және оларды шешудің жолдарын ұсынады.
Құзыреттілікті бағалауда денсаулық сақтау саласының негізгі нормативтік құқықтық актілері, мемлекеттік бағдарламалары, денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері және оларды шешу жөніндегі шаралар туралы білім деңгейі анықталады.
ШЖҚ «Талдықорған жоғары медициналық колледжі» МКК бақылаушы кеңесі.
Конкурсты өткізу күні мен орны: 2026 ж. "21" қазан 040000 Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Жансүгіров көшесі, 228.