«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Новоишим ауылы 2026 жылғы 15 маусым
КІРІСПЕ БӨЛІМ
«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының (бұдан әрі-Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты) 2026 жылғы 23 сәуірдегі № 32 «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығы негізінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2026 жылғы 4 мамырдан 15 маусымға дейін жүргізілді.
Ішкі талдаумен Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының 2025 жылғы 8 мамырдан 2026 жылғы 30 сәуірде дейінгі жұмыс кезеңі қамтылды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Үлгілік қағидаларға сәйкес жүргізілді:
- Алдошина Светлана Анатольевна - аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің басшысы.
- Байсарина Айгүл Мұратқызы - аудан әкімі аппаратының персоналды басқару жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің басшысы.
- Тұрғымбаева Гүлнара Рүстемқызы - аудан әкімі аппаратының жалпы мәселелер жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің басшысы.
- Мұқанова Әлия Қуанышбайқызы - аудан әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық жұмысы жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің басшысы.
- Ысқақова Балкүміс Қайырзатқызы - Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның қоғамдық кеңесінің мүшесі.
ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ АУДАН ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ
Құқықтық актілерде анықталған тәуекелдер саны __0_ (бірлік), ішкі құжаттарда __1 _ (бірлік).
Коррупциялық тәуекелдерді талдау барысында аудан әкімі Аппаратының қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде коррупциялық тәуекелдер анықталған жоқ.
Сондай-ақ аудан әкімі Аппаратының ішкі құжаттары зерделенді.
«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Регламентін зерделеу кезінде «ауылдық әкімдіктер» деген тұжырымның заңнамаға сәйкес келмейтіні анықталды, бұл функцияларды тиісінше айқындамаудан көрінетін коррупциялық тәуекелді тудырады.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 34-бабына сәйкес республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудандық, аудандық маңызы бар қалалық, кенттік, ауылдық, ауылдық округтік әкімдіктер құрылмайды.
Ауылдық округ аумағында жергілікті атқарушы органның функцияларын Заңның 38-1-бабына сәйкес ауылдық округ әкімінің аппараты жүзеге асырады.
Ұсыным:«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Регламентіне тиісті өзгерістер енгізілсін.
Талданған құқықтық актілердің/ішкі құжаттардың тізбесі осы талдаудың қосымшасында көрсетілген.
ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ АУДАН ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ-БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ
Персоналды басқарумен байланысты анықталған тәуекелдер саны _0__ (бірлік).
Штаттық кестеге сәйкес аудан әкімі Аппаратының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің штаттық саны 25 қызметшіні құрайды, оның ішінде 2 бос жұмыс орны (1 уақытша, 1 тұрақты) бар.
Бос жұмыс орнының бар-жоғы, біліктілік талаптары, қажетті құжаттардың тізбесі, іріктеудің түрлі кезеңдеріне жіберілген тұлғалар туралы ақпарат аудан әкімінің сайтындағы «бос жұмыс орындары» бөлімінде толық көлемде орналастырылған.
2025 жылғы 8 мамыр мен 2026 жылғы 30 сәуір аралығындағы талданатын кезеңде аудан әкімінің Аппаратында кадрлардың ауысымдылығы 12 мемлекеттік қызметшіні құрағаны анықталды, оның ішінде: мемлекеттік орган ішінде тағайындалуына байланысты – 6, өзге де себептермен, қоныс аударуы және денсаулық жағдайы бойынша – 6.
Тәртіптік практикаға мониторинг жүргізу кезінде 2025 жылғы 8 мамыр мен 2026 жылғы 30 сәуір аралығындағы кезеңде аудан әкімі Аппаратының қызметкерлеріне 10 тәртіптік жаза (5 ескерту, 2 сөгіс, 2 қатаң сөгіс, 1 қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту) қолданылғаны анықталды.
Тәртіптік жазаларды алып тастау мерзімдерін бұзбай, 2 тәртіптік жаза мерзімінен бұрын алынды.
Көтермелеу практикасын қолдануға қатысты қызметкерлерді сыйлықақылау туралы өкімдер зерделенді, оларға сәйкес Аппарат қызметкерлері «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларына сәйкес сыйлықақыланды.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық сервисіне мониторинг жүргізілді, лауазымды тұлғалар үшін қолданыстағы заңнамада белгіленген қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдарды бұзу фактілері анықталған жоқ.
Мүдделер қақтығысына байланысты анықталған тәуекелдер саны _ _ 0 _ (бірлік).
Мүдделер қақтығысына мониторингті аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі жүзеге асырады.
Талданатын объекті қызметкерлерінің жеке істері зерделенді, мүдделер қақтығысы фактісі анықталған жоқ.
Жақын туыстардың, жұбайлардың және жекжаттардың бірлескен қызметі (жұмысы) анықталған жоқ.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде мүдделер қақтығысы фактілері табылған жоқ.
Саны анықталған тәуекелдерге байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуге__0_, (бірлік).
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен 6 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, оның ішінде: жер қатынастары саласында – 3, әскери қатынастар саласында – 2, сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында – 1.
2025 жылғы 8 мамыр мен 2026 жылғы 30 сәуір аралығындағы кезеңде аудан әкімінің аппаратымен 174 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде: жер қатынастары саласында – 65, сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында – 6, әскери қатынастар саласында – 103.
Қызметтер баламалы негізде, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы қағаз нысанында да, электрондық нысанда да көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері бұзылған жоқ, қызметтер кезектілік тәртібімен көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде коррупциялық тәуекелдер анықталған жоқ.
Рұқсат беру функцияларын іске асыруға байланысты анықталған тәуекелдер саны _ 0 _ (бірлік).
Рұқсат беру функциялары «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»және «Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметтерін көрсету кезінде орындалады. Осы қызметтерді көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Бақылау функцияларын іске асыруға байланысты анықталған тәуекелдер саны _ 0 _ (бірлік).
Бақылау іс-шаралары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 4 мамырдағы № 102 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 4 мамырдағы № 57 бірлескен бұйрығымен бекітілген тексеру парағына сәйкес, аудан әкімінің 2024 жылғы 9 желтоқсандағы № 86-ө және 2025 жылғы 3 желтоқсандағы № 58-ө өкімдерімен бекітілген 2025 және 2026 жылдарға арналған Бақылау іс-шараларының жоспарлары негізінде жүргізіледі.
Талданатын кезеңде 10 бақылау іс-шарасы жүргізілді, олардың барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша тексеру нәтижелері туралы актілер жасалды. Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша 3 жауапты қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 16 ұсыным әзірленіп, олардың барлығы орындалды.
Рұқсат беру рәсімдері бойынша заңнама нормаларын сақтамағаны үшін тек тәртіптік қана емес, сонымен қатар ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 465-бабы бойынша айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік те көзделетін бұзушылық фактілері анықталған жоқ. Жүргізілген бақылау іс-шаралары бойынша тоқсан сайын есеп пен талдау анықтамасы жасалады.
Жергілікті атқарушы органдардың мамандарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсету мақсатында, есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы бұзушылықтардың профилактикасы мен олардың алдын алуға бағытталған 19 іс-шара өткізілді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау қызметінің қызметінде коррупциялық тәуекелдер анықталған жоқ.
Бюджет және қаржы қаражатын игеруге және бөлуге байланысты анықталған тәуекелдер саны _ 0 _ (бірлік).
2025 жылғы 8 мамыр мен 2025 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде 267509,9 мың теңге бөлініп, 267509,9 мың теңге игерілді, бұл 100%-ды құрайды.
2026 жылғы 1 қаңтар мен 2026 жылғы 30 сәуір аралығындағы кезеңде 329898,5 мың теңге бюджет қаражаты бөлініп, 329898,5 мың теңге игерілді, бұл 100%-ды құрайды.
Мемлекеттік аудит органдары тарапынан жүргізілген камералдық бақылау нәтижелері бойынша талданатын кезеңде «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті» РММ-мен 21.01.2026 ж. 1 мемлекеттік сатып алудың күші жойылды – № 687 Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 411-тармағын бұза отырып, ұйымдастырушы техникалық ерекшелікте: «...Қызмет көрсету орны бойынша – Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда орналасқан меншікті жөндеу-техникалық базасының міндетті түрде болуы... Қызмет көрсету орны бойынша – Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда орналасқан меншікті жылжымалы құрамның міндетті түрде болуы...» деген түрдегі заңсыз талаптарды көрсеткен, өйткені біліктілік талаптарын көрсету тек ашық конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алу шеңберінде ғана көзделеді, осыған байланысты жоғарыда көрсетілген талап баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде заңсыз болып табылады.
Бұл бұзушылық жойылды, техникалық ерекшелікке өзгерістер енгізілді, сатып алу өткізілді.
Коррупциялық тәуекелдер анықталған жоқ.
Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасуға байланысты анықталған тәуекелдер саны _ 1 _ (бірлік).
Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабында көрсетілген бәсекелестік тәсілдермен жүзеге асырылады.
2025 жылғы 8 мамыр мен 2026 жылғы 30 сәуір аралығындағы кезеңде 171 шарт жасалды, оның ішінде:
- шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен – 33,
- іске аспаған сатып алулар бойынша бір көзден алу тәсілімен – 76,
- баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен – 50,
- электрондық дүкен арқылы – 8,
- ашық конкурс тәсілімен – 4.
Бір көзден алу тәсілімен шартты тікелей жасасу арқылы бір жеткізушімен 3 реттен көп жасалған шарттар «Глушань В.М.» ЖК-мен (картридждерді толтыру бойынша қызметтер, компьютерлік техниканы ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар, жергілікті желіні монтаждау және бөлу бойынша жұмыстар) жасалған, бұл жеткізуші осы жұмыстар мен қызметтер көрсету саласында жоғары біліктілікке ие, жұмыстарды сапалы әрі мерзімінде орындайды, бағалары басқа жеткізушілерге қарағанда төмен.
Шарттарды жасасу кезінде аффилирлілік анықталған жоқ.
Талдау жүргізу барысында «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» КММ-де келісу комиссиясы – мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан жалтаруы салдарынан мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізіліміне енгізілген әлеуетті жеткізушілердің өтініштерін қарау үшін тапсырыс беруші құратын тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган құрылмағаны анықталды. Келісу комиссиясының болмауы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 6-тармағында көзделген әлеуетті жеткізушінің құқықтарын бұзады.
Ұсыным:«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» КММ-де келісу комиссиясын құру туралы бұйрық шығарылсын.
Ақпараттық жүйелерді әзірлеуге және пайдалануға байланысты анықталған тәуекелдер саны - 0 (бірлік).
«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесіне сәйкес ақпараттық жүйелерді әзірлеу Аппараттың функцияларына кірмейді.
«Е-Өтініш», «Е-Қызмет», «Documentolog», «МБӨП» ақпараттық жүйелерін пайдалану (пайдалану) кезінде коррупциялық тәуекелдер анықталған жоқ.
Талданатын кезеңде мынадай шарттар жасалды:
іске аспаған сатып алулар бойынша бір көзден алу тәсілімен «Госсектор.KZ» ЖШС-мен GOS24.kz ақпараттық-техникалық платформасын сүйемелдеу бойынша қызметтерге;
баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен «М1» ЖК-мен «Smart Bridge-бен интеграциялаудың әмбебап кіші жүйесі» бағдарламалық қамтылымын сүйемелдеу бойынша қызметтерге;
іске аспаған сатып алулар бойынша бір көзден алу тәсілімен «ЗҚИИ» ШЖҚ РМК-мен ZAN деректер базасы ақпараттық жүйесін сүйемелдеу және техникалық қолдау көрсету бойынша қызметтерге;
іске аспаған сатып алулар бойынша бір көзден алу тәсілімен «Инфотехцентр СК» ЖШС-мен ИНТЕГРО ақпараттық-талдау жүйесін сүйемелдеу бойынша қызметтерге.
Шарттарды жасасу кезінде аффилирлілік анықталған жоқ.
Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты анықталған тәуекелдер саны_0 (бірлік).
2025 жылғы 8 мамыр мен 2026 жылғы 30 сәуір аралығындағы кезеңде аудан әкімі аппаратына түскен өтініштер саны 382-ні құрады, оның ішінде: заңды тұлғалардан – 123, жеке тұлғалардан – 259.
Барлық өтініштер Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне (бұдан әрі – ӘРПК) сәйкес белгіленген мерзімде қаралды.
382 өтініштің ішінен: қолайлы әкімшілік акт қабылданды – 122, ауыртпалық түсіретін әкімшілік акт қабылданды – 118, тыңдау жүргізілді – 106; 115 өтініш бойынша түсініктеме берілді; 24-і тоқтатылды (ӘРПК-нің 89; 70-баптары); 3-еуі назарға алынды (ӘРПК-нің 89-бабы).
Мәселелердің сипаты бойынша ең көп өтініштер тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша – 68, жер және жерді пайдалану – 120, ауыл шаруашылығы – 20, басқа да өтініштер бойынша – 174 түсті.
Қызметтің ашықтығы мен жариялылығы.
«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» КММ-нің қызметі аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында, әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланады. Бюджеттік бағдарламалардың жобалары мен бюджеттің атқарылуы туралы есептер «Ашық бюджеттер» порталында орналастырылады.
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің сайтындағы ақпарат «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңының 16-бабына сәйкес орналастырылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты ұйымдастыру.
«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» КММ-де талданатын кезеңдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмысы 2025 және 2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды іске асыру жоспарларына сәйкес жүргізілді.
Жұмыс жоспарларына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша іс-шаралар өткізіліп тұрады, сондай-ақ аудан әкімі аппараты қызметкерлерінің кірістері мен мүлкі туралы декларацияларды жыл сайын тапсыруына бақылау жасалады.
Аудан әкімінің аппаратында «сенім телефоны» жұмыс істейді, әкімдіктің бірінші қабатында лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттеріне азаматтардың шағымдары мен өтініштеріне арналған жәшік орнатылған. Талданатын кезеңде өтініштер түскен жоқ.
Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» бөлімі бар, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы ақпараттың уақтылы орналастырылуы қамтамасыз етіледі. Бұдан бөлек, өткізілетін іс-шаралар әлеуметтік желілердегі парақшаларда және аудандық БАҚ-та жарияланып тұрады.
ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
Ұсыныстардың жалпы тізімі:
- Талдау анықтамасына қол қойылған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу.
- Бір жыл ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша жұмыс тобы берген ұсынымдардың орындалуына мониторинг жүргізу.
Қосымша: 2 парақта
ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ:
аудан әкімі аппаратының
мемлекеттік-құқықтық жұмыс жөніндегі
құрылымдық бөлімшесінің басшысы _______________ С. Алдошина
аудан әкімі аппаратының
жалпы мәселелер жөніндегі құрылымдық
бөлімшесінің басшысы ______________ Г. Тұрғымбаева
аудан әкімі аппаратының
персоналды басқару жөніндегі құрылымдық
бөлімшесінің басшысы. ______________ А. Байсарина
аудан әкімі аппаратының
қаржы-шаруашылық жұмысы жөніндегі
құрылымдық бөлімшесінің басшысы ________________ Ә. Мұқанова
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның
Қоғамдық кеңесінің мүшесі ________________ Б. Ысқақова
Таныстырылды: Ғабит Мүсірепов атындағы
аудан әкімі аппаратының басшысы ________________ А. Кенжебеков
қосымша
Талданған құқықтық актілердің/ішкі құжаттардың тізбесі
- Қазақстан Республикасының аминистративті рәсімдік-процестік кодексі.
- «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
- «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
- «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
- «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
- «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
- «Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2023 жылғы 5 шiлдедегi № 464 бұйрығы.
- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары үшін жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті ұстауға арналған шығыстардың нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы № 1210 қаулысы.
- «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 16 сәуірдегі № 170 бұйрығы.
- «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы № 223 бұйрығы.
- «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығы.
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген.
- «Қазақстан Республикасының шегінде мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының қызметтік іссапарлары туралы қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысы.
- «Қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде шет мемлекеттер есебінен өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысы.
- «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша бөлу жөніндегі әдістемені бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 11 тамыздағы № 138 бұйрығы;
- «Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 8 желтоқсандағы № 196 бұйрығы.
- «Сынақ мерзімінен өту қағидалары мен шарттарын және тәлімгерлерді бекіту тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 21 бұйрығы.
- «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 29 тамыз N 1127.
- Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидалары;
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 20 қаңтардағы № 12 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді тағылымдамадан өткізу қағидалары;
- «Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларын, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 125 қаулысы;
- «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 5 сәуірдегі № 71 бұйрығы;
- «Әскерге шақырудан кейінге қалдыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын және «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 5 қарашадағы № 605 бұйрығы;
- «Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығы.
- «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
- «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелер.
- Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппараты қызметкерлерінің жеке істері;
- Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппараты қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтары;
- Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының қызметкерлеріне сыйақы беру туралы өкімдер.