Шортанды аудандық мәслихатының 2026 жылғы 9 маусымдағы № 8С-52/6 "Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 қарашадағы № 8С-10/3 «Шортанды ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі

    ·

    Шортанды аудандық мәслихатының

    2023 жылғы 20 қарашадағы № 8С-10/3

    «Шортанды ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің,

    оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы»шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Шортанды аудандық мәслихатының «Шортанды ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 20 қарашадағы № 8С-10/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8649-03 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:

    10-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

    «3) 9 мамыр - Жеңіс күніне:

    1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    1988-1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»;

    10-тармақтың 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

    «5) 1 қазан – Қарттар күніне:

    ең төменгі және ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен зейнеткерлерге 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»;

    11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «11. Әлеуметтік көмек толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі адамдарды қоспағанда, мұқтаж азаматтардың келесі санаттарына өтініш бойынша кірістерді есепке алмай көрсетіледі:

    1) дүлей апаттың салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) бір рет үш айдан кешіктірмей 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде;

    2) өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) бір рет үш айдан кешіктірмей 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде;

    3) денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған әлеуметтік маңызы бар аурулары (адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру, қатерлі ісіктер) бар адамдарға (отбасыларға) аурулардың бір түрі бойынша жылына 1 рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде;

    4) амбулаториялық емдеудегі туберкулез ауруы бар адамдарға ай сайын 6 айдан артық емес 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде;

    5) диспансерлік есепте тұрған адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауруды жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне ай сайын 2 (екі) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде;

    6) қатерлі ісіктері бар балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне жылына 1 рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде;

    7) химиопрофилактика кезеңінде туберкулез жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне жылына 1 рет 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде;

    8) абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторийлік-курорттық емдеу қызметтері әзірленген мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, жасына байланысты зейнеткерлерге Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлік-курорттық емделуге жолдаманың құнын өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде екі жылда 1 рет үш айдан кешіктірмей 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде;

    9) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға «Жасанды бүйрек» аппаратында жүргізілетін гемодиализ алу кезеңінде жол жүруге ай сайын 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    10) «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5 және 6-баптарында көрсетілген адамдарға Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлік-курорттық емделуге жолдама құнын өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде жылына 1 рет 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде;

    11) «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5 және 6-баптарында көрсетілген адамдарға Қазақстан Республикасының аумағы бойынша темір жол немесе автомобиль жолаушылар көлігімен госпитальға емделуге екі жаққа жол жүру құнын өтеуге жөнелту станциясынан емдеуге жатқызу орнына дейін және кері қайтуға растайтын құжаттарды ұсынған кезде жылына 1 рет 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде;

    12) «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5 және 6-баптарында көрсетілген адамдарға, коммуналдық қызметтер үшін шығындарын төлеуге ай сайын 3,5 (үш жарым) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде.».

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Шортанды аудандық мәслихатыныңтөрағасы

    Г.Сәдуақасова

    Ұқсас материалдар

    Шешім

    Шортанды аудандық мәслихатының 2026 жылғы 9 маусымдағы № 8С-52/7 "Шортанды аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 8С-32/3 «2025-2029 жылдарға арналған Шортанды ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарды бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі

    Шортанды аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 8С-32/3 «2025-2029 жылдарға арналған Шортанды ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдаланужөніндегі Жоспарды бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгіз...

    Жарияланды:
    Шешім

    № 8С-52/8 шешім (Шортанды аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымның кезекті сессиясының қарауына енгізілген негізгі мәселелер туралы)

    Шортанды аудандықмәслихатының сегізінші шақырылымның кезекті сессиясының қарауына енгізілген негізгі мәселелер туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі...

    Жарияланды:
    Шешім

    № 8С-52/3 шешім (2025 жылға арналған кенттер мен ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы)

    2025 жылға арналған кенттер мен ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы Шортанды ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ш. Х. Ахметованың «2025 жылға арналған кенттер мен ауылдық округтер...

    Жарияланды:
    Шешім

    № 8С-52/2 шешім (2025 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы)

    2025 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы Шортанды ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ш. Х. Ахметованың «2025 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы» есебін тыңдап,...

    Жарияланды:
    Шешім

    № 8С-52/1 шешім (Күн тәртібі)

    Шортанды аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымның кезекті елу екінші сессиясының күн тәртібін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаң...

    Жарияланды:
    Шешім

    Шортанды аудандық мәслихатының 2026 жылғы 9 маусымдағы № 8С-52/5 "Шортанды ауданында шетелдіктер үшін 2026 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы" шешімі

    Шортанды ауданында шетелдіктер үшін 2026 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы З...

    Жарияланды:
    Шешім

    Шортанды аудандық мәслихатының 2026 жылғы 9 маусымдағы № 8С-52/4 "Шортанды аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 8С-47/2 «2026-2028 жылдарға арналған кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі

    Шортанды аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 8С-47/2 «2026-2028 жылдарға арналған кенттердің, ауылдық округтердіңбюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚА...

    Жарияланды: