«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Бөлімнің бас маманы Наталья Александровна Бурнаева «Қазақстан Республикасы Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің «Қарабалық аудандық Ардагерлер ұйымы» филиалының әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы Татьяна Дмитриевна Макаренко бірлесіп 2026 жылғы 18 мамыр мен 18 маусым аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізсін. "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"ММ қызметінде қамтылған талдау кезеңі 2025 жылдың екінші жартыжылдығы және 2026 жылдың бірінші жартыжылдығы.
- Бөлімнің бас маманы Наталья Александровна Бурнаева анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы және оларды жою бойынша ұсыныстар туралы талдамалық жазбаны ұсынсын.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылықты, үйлестіруді және жауаптылықты өзіме қалдырамын.
Басшы С. Коваленко
Бұйрықпен таныстырылды
______________ Н. Бурнаева
2026 ж. «___»_____________