Қарабалық кенті 2026 жылғы «19» маусым
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 488 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес Қарабалық ауданы әкімдігінің «Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау объектісі (бұдан әрі – Талдау) Қарабалық ауданы әкімдігінің «Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ қызметі болып табылады.
Бөлім қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қарабалық ауданы әкімдігінің «Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ басшысының 2026 жылғы 15 мамырдағы № 14 бұйрығы негізінде жүзеге асырылды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі 2026 жылғы 18 мамырдан 18 маусымға дейін. Талдаумен қамтылатын кезең — 2025 жылдың екінші жартыжылдығы және 2026 жылдың бірінші жартыжылдығы.
1. Талдау жүргізудің мақсаты мен міндеттері
Талдаудың мақсаты – Қарабалық ауданы әкімдігінің «Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ қызметінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны жою.
Талдаудың міндеті – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, сондай-ақ олардың салдарын жою.
2. Талдау барысында пайдаланылған ақпарат көздері
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қағидаларының 15-тармағына сәйкес ішкі талдау жүргізу үшін келесі ақпарат көздері пайдаланылды:
- талдау объектісінің қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттар;
- талдау объектісінің қызметі туралы статистикалық есептілік;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алынған мемлекеттік және құқық қорғау органдарының ақпараттық жүйелерінің деректері;
- талдау объектісіне қатысты бұрын жүргізілген мемлекеттік органдар тексерулерінің нәтижелері;
- ішкі бақылау қызметтерінің бақылау іс-шараларының нәтижелері;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері;
- бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;
- талдау объектісіне қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
- талдау объектісінің лауазымды тұлғаларын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауаптылыққа тарту туралы мәліметтер, оның ішінде қылмыстық құқық бұзушылықтар мен заң бұзушылықтардың жасалуына ықпал еткен мән-жайларды жою жөніндегі ұсынымдар;
- сот органдарының шешімдері, қылмыстық істердің фабулалары;
- бұрын жүргізілген сыртқы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелері;
- бұрын жүргізілген ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелері;
- объектінің мемлекеттік қызметшілері мен қызметкерлеріне жүргізілген сауалнама нәтижелері;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де мәліметтер.
I. Нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері
1.1. Негізгі функцияларды іске асыру
Нормативтік база:
Бөлім өз қызметін Қарабалық ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 11 сәуірдегі №53 қаулысымен бекітілген Ереже негізінде жүзеге асырады. Мемлекеттік органның Ережесін зерделеу барысында Бөлім қызметіне қатысты негізгі функциялар талданды. Сонымен қатар, Бөлім өз қызметінде басшылыққа алатын нормативтік құқықтық актілер зерттелді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:
Бөлім қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер мен өзге де құқықтық актілердегі дискрециялық өкілеттіктер мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға ықпал етуі мүмкін нормаларды талдау нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Ішкі құжаттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: анықталған жоқ.
Негіздеме: Ішкі құжаттар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келеді.
Жою бойынша ұсынымдар: Жоқ.
II. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері
2.1. Мемлекеттік қызметтер көрсету
Бөлім «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен салаларының мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызметін көрсетеді.
Талданып отырған кезеңде (2025 жылдың екінші жартыжылдығы және 2026 жылдың бірінші жартыжылдығы) 52 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Әлеуметтік қолдау шараларын алу туралы өтініштер ЭЦҚ немесе бір реттік пароль арқылы «Отбасы банк» АҚ-ның «Баспана Маркет» порталы арқылы электрондық түрде беріледі. Қызмет көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған).
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға Порталда келісім жасасу қажеттілігі туралы, кезекке қою туралы немесе әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудан дәлелді бас тарту туралы хабарлама жіберу болып табылады.
Ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:
Өтінімдер Бөлім маманымен әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қаралады.
Себептері:
Өтінімдерді қарау бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады, ал төрт жұмыс күні ішінде кезекке қою туралы әкімдік қаулысы дайындалады. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдау кезінде қабылданған шешімнің объективтілігі мен негізділігіне қатысты күмән туындау тәуекелі бар.
Ұсынымдар:
Өтінімдерді қарау кезінде Қағидалардың талаптарын қатаң басшылыққа алу қажет, ал күмән туындаған жағдайда Қарабалық ауданы әкімі аппаратының заң бөлімінен келісім алу ұсынылады.
2.2. Кадр саясаты
Персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы
Бөлімдегі әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің штаттық саны – 4 адам. Бос лауазымдар жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: Анықталған жоқ.
Конкурстық рәсімдер Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарына сәйкес өткізіледі. Конкурстық комиссия құрамына Бөлім қызметкерлерінен басқа Қарабалық ауданы әкімдігінің бірыңғай кадр қызметінің қызметкерлері мен шақырылған сарапшылар кіреді.
Тәртіптік практика
2025 жылдың екінші жартыжылдығында және 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Бөлім қызметкерлеріне тәртіптік жазалар қолданылған жоқ.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) бұзылған жоқ.
Қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаған.
Еңбек тәртібін бұзу фактілері орын алған жоқ.
Бұқаралық ақпарат құралдарында қызметкерлер туралы жағымсыз ақпарат жарияланбаған.
Мүдделер қақтығысы
Бөлім мемлекеттік қызметшілерінің жеке мүдделері мен лауазымдық өкілеттіктері арасында олардың өкілеттіктерін тиісінше орындамауына алып келуі мүмкін қайшылықтар анықталған жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: Анықталған жоқ.
Қаржы-шаруашылық қызметіне жүргізілген талдау барысында мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзу фактілері анықталған жоқ.
2.3. Процестерді цифрландыру. Құжат айналымы
Бөлімнің құжат айналымы ІС ОДО жүйесі арқылы жүзеге асырылады, ал өтініштерді қабылдау және бақылаудан алу «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде жүргізіледі. Ақпараттық жүйелердегі барлық әрекеттер бекітілген рөлдерге сәйкес орындалады.
Құжаттаманы есепке алу
Барлық құжаттар бекітілген істер номенклатурасына сәйкес қалыптастырылып, белгіленген сақтау мерзімдері сақтала отырып сақталады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: Анықталған жоқ.
2.4. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау
Өтініштерді қабылдау және бақылаудан алу «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылады.
2025 жылдың екінші жартыжылдығында 10 өтініш келіп түсті, олардың барлығы қаралып, белгіленген мерзімдерде жауап берілді.
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында 12 өтініш келіп түсті, олардың барлығы қаралып, белгіленген мерзімдерде жауап берілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: Анықталған жоқ.
2.5. Ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету
Бөлім қызметі туралы өзекті ақпарат, түсіндірмелер және нормативтік құқықтық актілер Қарабалық ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: Анықталған жоқ.
2.6. Бақылау және рұқсат беру функцияларын іске асыру
Бөлім қызметінде бақылау және рұқсат беру функциялары жоқ.
2.7. Қадағалау органдары тексерулерінің нәтижелері туралы мәліметтер
Талданып отырған кезеңде қадағалау органдарының тексерулері жүргізілген жоқ.
2.8. Фискалдық органдар тексерулерінің нәтижелері туралы мәліметтер
Талданып отырған кезеңде фискалдық органдардың тексерулері жүргізілген жоқ.
2.9. Құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың және азаматтардың мәліметтері
Талдау барысында құқық қорғау органдарынан, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінен және азаматтардан талдау объектісінің уәкілетті тұлғаларының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы ақпарат түскен жоқ.
2.10. Бұқаралық ақпарат құралдарына және өзге де ақпарат көздеріне мониторинг жүргізу
Бөлім қызметкерлеріне қатысты сын-пікірлер мен шағымдарды анықтау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізілді.
Мониторинг нәтижесінде мұндай ақпарат анықталған жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: Анықталған жоқ.
Қорытынды
Бөлім мемлекеттік қызметшілерінің қызметіне Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан талдау жүргізілді.
Талдау нәтижесінде заңнама талаптарын бұзу фактілері, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, мүдделер қақтығысы және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына ықпал ететін өзге де мән-жайлар анықталған жоқ.
Осыған байланысты Қарабалық ауданы әкімдігінің «Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ қызметінде 2025 жылдың екінші жартыжылдығы және 2026 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
«Қарабалық ауданы әкімдігінің
экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі»
ММ басшысы А.Б. Кусаинова
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
талдау жүргізген тұлға,
«Қарабалық ауданы әкімдігінің
экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі» ММ бас маманы Б.А. Бекжанов
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
талдауға қатысушы,
Қарабалық ауданы
Қоғамдық кеңесінің төрағасы
(келісім бойынша) А.К. Бейсембаев
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қамтитын лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі |
Бөлім басшысы (Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі) |
Бөлім қызметіне жалпы басшылық жасау; әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну бойынша өтініштерді қарауды үйлестіру және бақылау; жобалық шешімдерді келісу және бекіту; бюджеттік жоспарлау және талдамалық қызметті ұйымдастыру. |
Өтініштерді қарау, қорытындыларды дайындау және басқарушылық шешімдер қабылдау процесіне әкімшілік ықпал ету мүмкіндігі. |
Орташа |
Мемлекеттік қызметтер саласындағы бас маман |
Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну бойынша өтініштерді қарау; есепке қою немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы шешім жобаларын дайындау. |
Өтініштерді қарау және шешім жобасын дайындау кезінде субъективті шешім қабылдау тәуекелі (есепке қою немесе бас тарту). |
Төмен |
Экономика және бюджеттік жоспарлау саласындағы бас маман |
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын мониторингілеу және талдау; бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалау; талдамалық материалдар мен есептіліктер дайындау. |
Басқарушылық және бюджеттік шешімдерге әсер ететін талдамалық материалдар мен есептерді дайындау кезінде субъективті бағалау тәуекелі. |
Төмен |
Бюджеттік жоспарлау саласындағы бас маман |
Жергілікті бюджеттің жобасын әзірлеу; бюджетті нақтылау және түзету бойынша ұсыныстар дайындау; бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өтінімдерін қарау; шығындар лимиттерін бөлу; бюджеттік комиссия жұмысына қатысу. |
Бюджетті қалыптастыру және түзету, бюджеттік өтінімдер бойынша қорытындылар дайындау және бюджеттік лимиттерді бөлу кезінде субъективті ықпал ету тәуекелі. |
Төмен |