Қарабалық кенті 2026жылғы «19» маусым
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 488 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес «Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі – Талдау) объектісі «Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметі болып табылады.
Мекеме қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында «Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының 2026 жылғы 18 мамырдағы № 70-а бұйрығы бекітілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі: 2026 жылғы 18 мамырдан 18 маусымға дейін.
Талдаумен қамтылған кезең: 2025 жылдың екінші жартыжылдығы және 2026 жылдың бірінші жартыжылдығы.
- Талдауды жүргізудің мақсаты мен міндеттері
Талдаудың мақсаты – «Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оның көріністерін жою.
Талдаудың міндеті – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарын жою.
- Талдау барысында пайдаланылған ақпарат көздері
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қағидаларының 15-тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ақпарат көздері мыналар болып табылады:
- талдау объектісінің қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттар;
- талдау объектісінің қызметі туралы статистикалық есептілік.
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алынған талдау объектісінің қызметі туралы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының ақпараттық жүйелерінің деректері;
- талдау объектісіне қатысты мемлекеттік органдар бұрын жүргізген тексерулердің нәтижелері;
- ішкі бақылау қызметтерінің бақылау іс-шараларының нәтижелері;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері;
- бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;
- талдау объектісіне қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
- талдау объектісінің лауазымды тұлғаларын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілікке тарту туралы мәліметтер, оның ішінде қылмыстық құқық бұзушылықтардың және заңның басқа да бұзушылықтарының жасалуына ықпал еткен мән-жайларды жою жөніндегі ұсынымдар;
- талдау объектісі қызметкерлерінің әрекеттеріне қатысты сот органдарының шешімдері, қылмыстық істердің фабулалары;
- бұрын жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сыртқы талдауының нәтижелері;
- бұрын жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауының нәтижелері;
- талдау объектісінің мемлекеттік қызметшілері мен қызметкерлері арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері;
- Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұсынуға тыйым салынбаған өзге де мәліметтер.
1. Нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері
КММ қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде, құқықтық актілерде және ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер мен нормалар анықталған жоқ.
2. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері
2.1. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету
Мекеме қызметінің мәні:
арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж деп танылған, Қарабалық ауданының әкімшілік аумағында тұрақты тіркелген және тұратын адамдарға (отбасыларға) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес ұсынылады.
Мекеме қызметінің мақсаты:
Адамның тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын себептерді еңсеру үшін адамға (отбасына) жағдай жасайтын және қоғам өміріне басқа азаматтармен тең дәрежеде қатысу мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге бағытталған арнаулы әлеуметтік қызметтердің кешенін көрсету.
Өз мақсаттарына қол жеткізу үшін Мекеме қызметтің келесі түрлерін жүзеге асырады:
- психоневрологиялық патологиялары бар мүгедектігі бар балаларға, тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға, психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, егде жасына байланысты өздігінен қызмет көрсетуге қабілетсіз адамдарға үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;
- арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау;
- арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын сақтау;
- арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін қажетті жағдайлар жасау;
- әлеуметтік қызметкерлерді даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету;
- арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
- осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер алушылар мемлекеттік басқару органының шешімі мен жолдамасы негізінде қызмет көрсетуге қабылданады.
- Мекемеде қызметтер тегін көрсетіледі.
- Мекеме осы Жарғыда бекітілген қызметінің мәні мен мақсатына сәйкес келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға құқылы емес.
- Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе құрылтай құжаттарымен нақты шектелген қызмет мақсаттарына қайшы жасалған не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып жасалған мәміле уәкілетті органның, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның, жергілікті атқарушы органның немесе прокурордың талап қоюы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
2.2. Кадр саясаты
Персоналды басқару саласында жұмысқа қабылдау кезінде тамыр-таныстыққа жол беру, қызмет бойынша жоғарылатудағы таңдаушылық, негізгі функцияларды біліксіз адамдарға жүктеу, мүдделер қақтығысы, белгіленген шектеулерді сақтамау және этикалық бақылаудың жеткіліксіздігі фактілері КММ-де анықталған жоқ.
2025 жылдың екінші жартыжылдығы мен 2026 жылдың бірінші жартыжылдығы кезеңінде КММ-де кадрлық өзгерістер орын алды. Жұмысқа келесі қызметкерлер қабылданды:
- Жұлтаева Салтанат Булатбекқызы, 27.07.1990 ж.т. – қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, 2025 жылғы 03 қарашадан бастап қабылданды.
- Зомерфельд Адель Владимировна, 30.04.2003 ж.т. – қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, 2025 жылғы 10 қарашадан бастап қабылданды.
- Сныткина Зинаида Лазаревна, 12.06.1953 ж.т. – қызметтік үй-жайларды тазалаушы, 2025 жылғы 10 қазаннан бастап қабылданды.
- Шнайдер Данил Александрович, 17.11.1998 ж.т. – жүйелік әкімші, 2026 жылғы 05 қаңтардан бастап қабылданды.
КММ қызметкерлері арасында лауазымын төмендету фактілері болған жоқ. 2025 жылдың екінші жартыжылдығы мен 2026 жылдың бірінші жартыжылдығы кезеңінде қызметкерлерге тәртіптік жазалар қолданылған жоқ.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі (мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) қызметкерлер тарапынан бұзылған жоқ. Еңбек тәртібі бұзылған жоқ. Қызметкерлер туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жағымсыз ақпарат жарияланған жоқ. КММ-де мүдделер қақтығысы жоқ. Қаржы-шаруашылық қызмет, оның ішінде ішкі шығыстар, мемлекеттік сатып алулар, шаруашылық шарттар, активтер мен мүлікті басқару қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
2.3. Процестерді цифрландыру. Құжат айналымы
Іс жүргізуді жүзеге асыру барысында бекітілген істер номенклатурасы пайдаланылады, онда нақты қалыптастырылатын құжаттар бойынша бөлімдер қарастырылған. Құжат айналымы қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүргізіледі. Мөрлер, мөртаңбалар, сондай-ақ қатаң есептілік бланкілері белгіленген талаптарға сәйкес сақталады.
Электрондық құжаттармен жұмыс электрондық пошта ( [email protected]) арқылы жүзеге асырылады.
2.4. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау
2025 жылдың екінші жартыжылдығы мен 2026 жылдың бірінші жартыжылдығы аралығында КММ-ге жеке тұлғадан 1 өтініш келіп түсті. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс өтініш берушілердің құқықтарын сақтай отырып және барлық ішкі рәсімдерді орындау арқылы жүзеге асырылады. Шағымдар мен қайталама өтініштер болған жоқ. Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштері бойынша тексерулер жүргізілген жоқ.
2.5. Ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету
КММ қызметінің бағыттары, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылған. Талдау жүргізілген кезеңде аудан әкімінің ресми интернет-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында КММ қызметіне қатысты сыни жарияланымдар болған жоқ.
2.6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы және қоғамдық мониторинг нәтижелері
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау тұрақты негізде, қажет болған жағдайда қосымша жүргізіледі.
2.7. Бақылау және рұқсат беру функцияларын іске асыру
Бөлім бақылау және мониторинг функцияларын жүзеге асырмайды.
2.9. Қадағалау органдары жүргізген тексерулердің нәтижелері туралы мәліметтер
2025 жылдың екінші жартыжылдығынан 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына дейінгі кезеңде қадағалау органдары тарапынан тексерулер жүргізілген жоқ.
2.10. Фискалдық органдар жүргізген тексерулердің нәтижелері туралы мәліметтер
2025 жылдың екінші жартыжылдығынан 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына дейінгі кезеңде фискалдық органдар тарапынан тексерулер жүргізілген жоқ.
Қорытынды:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша КММ-ге:
- Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы қызметті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асыру;
- Арнаулы әлеуметтік қызметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Жарғыға сәйкес көрсету;
- Кадрлардың негізсіз ауысуына және мүдделер қақтығысының туындауына жол бермеу бойынша жұмысты жалғастыру;
- Қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін актілерді анықтау мақсатында тұрақты құқықтық мониторинг жүргізуді жалғастыру және оларды заңнама талаптарына сәйкестендіру жөнінде шаралар қабылдау;
- Жеке және заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштерін қарау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына жол бермеу жөніндегі жұмысты жалғастыру;
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдауды тұрақты негізде жүргізу ұсынылады.
«Қарабалық ауданы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі» ММ басшысыС. Коваленко
«Қарабалық ауданы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі» ММ-нің
«Арнаулы әлеуметтік қызметтер
көрсету орталығы» КММ басшысыО. Ходоровская
«Қазақстан Республикасы Ардагерлер
ұйымы» республикалық қоғамдық
бірлестігінің Қарабалық аудандық
филиалының төрағаС. Кабулова